Ата анам жас кезінде, ағам бала кезде, мен әлі дүниеге келмес бұрын кинотеатрға үнді фильмедір көруге жиі барған екен. Мүмкін содан болар үнді фильмдеріне деген құмарлығым бала кезден бар. Джимми джимми деп әндетіп, басыма орамалды сари деп орап, қзімше Шри Деви болып жүрген кездер де бар еді. Шіркін ай десеңші. (Өркен, сәлем!).

Осы жасыма дейін қанша үнді фильмін көргенімді білмеймін, бірақ өте көп екені рас.

Сонымен, ең ең деген ондық (менің рейтингім бойынша, әрине)

  1. Ең бірінші «Менің атым Кхан» әрине.

  2. Екінші сатыда «Девдас»

  3. Үшінші болып «Непохищенная невеста»

  4. Төртінші фильм «Родной ребенок»

  5. Әдемі Бесінші орында «Слоны мои друзья» (өте ескі, тіпті «чернобелый» фильм)

  6. Алтыншы болып тізімде » И в печали, и в радости»

  7. Сәтті жеті деген сан астында » Немного любви, немного магии» фильмі жасырынып тұр.

  8. Сегізінші болып «Невеста и предрассудки» фильмі орын алды.

  9. Тоғызыншы «Танцуй, танцуй»

  10. Тізімде ақырғы болса, жүрегімде алғашқылардың қатарындағы «Танцор диско» (`I am a dicko dancer` дегенді бала кезде ұқпай қиналушы ем)

Әрине, үнділерде не көп, фильм көп, бәрі дерлік ғажап. Ал маған байқасаңыздар, мелодрамалар ұнайды) Комедияларын онша түсіне бермеймін.

Үндістанға, АЛЛА бұйырса, жолым түсіп жатса, Тадж Махалдан соң міндетті түрде «Болливуд» жаққа барып, «шәй» ішіп қайтам ғой дейм)))

 

10 responses »

  1. balzaminka айтады:

    Мектепте әрбір сенбі сайын бізді кинотеатрға апаратын, сонда көрсететіндері тек үнді фильмдері, одан қалды демалыс сайын мамамен киноға барамыз, онда да сол үнді фильмдері еді 🙂 Сол кездегі статистика бойынша төбелесі жоқ жалғыз фильм «Родной ребенок» еді 🙂

  2. Өркен айтады:

    Осы аптада мен де өз топ-ондығымды жарияламасам.. Әйтеуір Айжаннұрдай адам барына қуанамын, әйтпесе мына қу медиен блогосферада жалғыз қалғандай екенмін)))))))))))))) Бұлардың ішінде тек «немного любви, немного магии» дегенін ғана көрмеппін

  3. Ақзере айтады:

    Бұрынғы фильмдері де жақсы. Мысалы «Маюри», авариядан аяғы сынып, жігіті тастап кететін. Сосын «Рам и Лакхан» деген екі ағайынды туралы фильм де керемет. Сосын «Гита мен Зитаны» да мың қайталаса да көре беруге болады. ))

  4. Жүрек СӨЗІ айтады:

    Анамның абысына аяғы ауыр кезінде анаммен кинотеатрға барған ғой. содан үндінің «ужас» филіміне тап келіп, абысыны қатты шошып, баласын (немере інім ғой) 7 айында туып алды.

  5. еніз теніз жылайтын ем тобелесіп жатырсада бурын унді фильмдерін коргенде, се сиякты аттарын жаттап калмайды екем мен

  6. Kaldykyz айтады:

    Наступит ли завтра или нет, Любовь не игрушка, Зита и Гита, жалпы махаббатка толы жылататын кинолары унайды 🙂

  7. erkerai айтады:

    Жоғарыдағы (комментегілері де) барлығын дерлік көріппін. Бәрі мақтауға тұрарлық.) Қосарым: Вир и Зара, Никогда не говори «Прощай», «Ты не одинок» және т.б. Көбісі есіме түспей тұр.

  8. Акпатша айтады:

    Бізде клубқа кіру алпыс тиын болатын. Уйде әр жерден елу тиын жинап алып, киноға тартасың. Киномеханик те, кассир де бір адам. Жетпей қалған он тиын үшін басымыздан бір майтоқ алып, кіргізе салады. Қолы темірдей. Қуанғаннан шекеңнің сыздағанын ұмытып кетесің.

  9. Акпатша айтады:

    «Птицы» деген фильмді түнге сеансқа ұрланып барып көргенмін, ең алғашқы үнді эротикасы сол деп ойлаймын.үш-төрт сыныпта оқитын кезім. Ойхой, келесі күні балалардың ауыздарын суын құртып тұрып әңгімелеп бергенмін. Сол күні біразы ұрланып барып көріпті ғой.

Leave a reply to Жүрек СӨЗІ Жауап беруден бас тарту