Өткенде дүкенде ағамның тұңғыш қызына тәтті мәтті сатып алып тұрсам, көзіме Лав из сағыздары түсті. Қуанып кеттім де бес данасын алдым)

Есіме бірден бала кез түсті. Лав из, бомбибом, турбо сағыздарын бір күн емес, апталап шайнап жүретін кез еді ғой. Қазір ерсі көрінеді, мүмкін сіздерде бұлай болмаған да шығар, бірақ бір сағызды үшке бөлетін кездер есімде, оның үстіне шайнап шайнап тастамаймыз ғой, теледидардың үстіне салып қойып, ертесіне тағы да ауызға салып алып шайнаң шайнаң етіп кете беретінбіз. Таң қалам: жиіркенбей қалай жүрдік деп. Ішіндегі суреті бар қағаздарды жинап, лақтырып жіберсе мамамыз, жылап, аспанды жерге құлатып, трагедия жасаушы едік.

Тағы бір бала кезімнің естелігі: нанды көшеге алып барып жеу. Қызық, қолыңа нан алып шықсаң болды, ең мықты сен. Кейде, байып кеткен күндері үстіне май мен қант сеуіп те жейтінбіз. Сонда, мен домикпін деп ешкімге бермейтін едім. ))) Қазіргідей чупа чупс пен чипстер, сухарики деген атымен жоқ. Баунти мен сникерсті жылына бір рет жедік пе, жемедік пе? Мамам үйде қораз жасап беретін,шамалы май, шамалы қант пен судан жасалған “петушок”. Не болмаса “алма қораз”. Алманы алдында айтқан қосындыға малындырып, таяқша тығып беретін. Сонда үлкееен чупа чупс болатын. Ішінде сағыз емес, алма ғана))

Резинка мен скакалка бар тағы. Құдайдың құтты күні көшеге шығып алып, ал секіреміз секеңдеп. Таңнан кешке дейін сол ермек. Түскі асқа үзіліс жасап, мида кезегімізді сақтап қалып, апыл ғұпыл көшеге зытып шығып, кеш түскенше үй дегенді ұмытатынбыз. Самокат пен обруч та болды.  Соларға бола талай жылап, талай қуанған едік.

Талай қызытар болды ғой. Көрмегеніміз қаншама!! Қазіргі балалар, шүкір, мұндайды білмейді. ))) Жегені артында, жемегені алдында. Қазір бәрі бар, сол себеп құнсыз боп қалған. Ал біздер, “жоқ” заманда өскесін болар, бір сағыздың да қасиетін біліп келдік.

Бір ақ сағыздың көмегімен өткенге саяхаттап қайттым)))

12 responses »

  1. Kaldykyz says:

    Кай кайдагыны еске тусирдин го :))) “биг бабл” деген сумдык та болушы ед, улкен кылып уресин еще оны. ужссс да :)))

  2. 12aikon1986 says:

    Шынымен балалықты еске түсірдің ғой жан🙂 Сабаққа барып переменде далаға асығып тұра ғап мак сызып ойнайтынбыз. Лове изді менде жинаушы ем….

  3. Сол скакалка мен макты бізден кейінгілер мүлде ойнамай қойды. Біз деген секеңдеп 7-сыныпқа дейін ойнағанбыз. Сникерс демекші, әлі есімде 5-6 жас кезімде бір туысымыз қызына қаладан сникерс әкеліп береді де, маған желінгенін берген болатын. Сонда мен маған үлкенін бермедіңдер деп есікті іліп алып, ашпай қойғаным әлі есімде.🙂

    • Акпатша says:

      маған үлкенін бермедіңдер деп есікті іліп алып, ашпай қойғаным әлі есімде.
      Бузык болғансыз ғо. Есіктің арғы жағында қалғандардың да есінде шығар…

  4. Ағатай says:

    айтпа! Ана нан ылып шығамыз далаға деген жерін қатырыпсың. Мен жабықпын деп қашып жүүретін едеік. Балдар бір тістейінші деп қуып жүретін ед…. ))) ай қызық ай………..))

  5. Бигбабл есімде лове из да, тусі коричневый ма сондай еді гой ия, біз негізі бул сагыздармен емес, кумда шыгатын каракумнан алып келетін, кумсагызбен мактанушы ек. оны катарынан 10 кун шайнасанда болады, зияны жок десетін, озі тым катты еді, тісін негрлердін де тісінен апппаааак болушы еді, кумсагыз шайнап коргендерін бар ма????

  6. Молдир says:

    Бірде қаладан агаларым Турбо сагыздын бір корабын акеліп беріп менің айымды аспанға бірак шыгарып еді ))). Сонда канша кун “домик” болып журдім екен, казір ойласам ужаааас деймін ))).
    Құмсағыз біз жақта тау етегіде бір шоптің тамырына жабысып оседі. Шөптің атын нақты білмедім. Көбінде күз айларында теруге баратынбыз. Ал дәмі расымен керемет.

    • aizhannur says:

      hehe! tatti kez goi :))))

      anau kumsagyz kazir de bar ma eken? Kyzyk bop turgany!!! omiri estimeppin de, kormeppin de :)))

      bala kezde kap kara smolanyn wainaitynbyz. Fu deim kazir, kalai gana auyzga saldyk dep, a ol kez maz edik!

  7. Молдир says:

    Бір ғана сағыздың көмегімен біраз нарсені еске түсіртіп, жабырқау отырғанда жанымды жадыратқан жазбаң үшін үлкееен рахмет Айжанқыз.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s