Қыздар қауымы өкпелегіш, кекшіл, естерінде жамандықтың бәрін сақтап қалады дейді. Басқа қыздарды білмеймін, өз басым шынымен әр бір өкпелеткен күнді есімде сақтап жүрмін. Ашуым тез тарқаса да, тағы бір жанжалдасып қалған сәтте өткеннің бәрі есіме түсіп, жайып салам. Сол кезде қарсыласым (көбіне сүйіктім ғой әрине) “Ол қашан болып еді? Есімде жоқ” деп таң қалып жатады, сосын мен барлық майда шүйдесіне дейін есіне салып, өкпемді екі есе емес, екі жүз мың есеге дейін ұлғайтып, бәрін бәрін айтып салам. Осыдан мәселе шешу қайдаааа! Бәрі қалады ғой. Өткенді ақтарып, оған жаңа бір назымды қосып, ақыры асанқайғысын шығарып, быт шыт болып қалам. Жаман әдет дейін десем, әдет те емес, болмысымның бір қыры. Пұшық мұрным секілді, аласа бойым секілді мені мен қылып жүрген жағым ғой.

Маған айтты: “Қыз атаулының бәрі сондай!” деп. Осы рас па екен? Қыздар?

7 responses »

  1. Ақзере says:

    Негізі көп қыздар өпеклегіш келеді, тез өкпелейді. Өзіне қатысты сынды көтере алмайды. Мен де сондаймын. Бірақ көбіне өткен нәрселерді қопармауға тырысамын. Ал жігітім керісінше “сен сүй дегенсің” деп еске салып отырады. Сосын мен айтамын, давай олай өткен нәрселерді қазбалап, мәдениетсіз болмайықшы деп ақылға салып отырамын. Өткен нәрсе өтті ғой. Бұрын солай ойласаң, қазір пікірің де өзгеруі мүмкін.

  2. tarazkyzy says:

    Иә, өзімді танып отырм. Өкпелеудің түрлері мен жолдары сынды тақырыптарға мастер-класс өткізе алам:-)). Әсіресе қара қазандай өкпем достарымды шарпып жатады. Өкпелей-өкпелей достарым да қалмайтын шығар. Бірақ өкпем сәпсім орынсыз дей алмаймын. Былай қарамадың, былай қарадың деген құмырсқа іспеттес нәрселерге емес, тәп-тәуір себептер әрине.

  3. суйіктінмен урсысуда озінше бір хикая гой, будан біраз жылдар бурын бір мекемеде кызмет кылып жургенімде, біздін устімізден қарайтын бір кісілердін маган кесірлері тиіп солардын кесірінен согіс алган кездерімді кылк етіп олгенге дейін умытпайтын шыгармын, казір сол адамдармен бірге жумыс жасаймын, жане олардын барлыгына да ынгайы келген сатте, оздеріне мені естеріне тусіртіп, пален деген жерде пален дегенімде сіз маган емес, менін бастыгыма звандап пален дегенсіз, сонын аркасында номірі такойто такойто от такого числа взыскание получила деп жіліктеп жіліктеп айтып бергенімде, сол кісілердін 1-уі кешірім сураса, калган екеуі окпенді жуамыз деп уаде етіп, калган біршамасы окініп, біреусі тіпті оз мекемесіне жумыска шакырып кеткен. Есінде сактап кал, сактап коймай орайы келгенде алдыннан шыкканда помните я когда к вам приходила, вы так сказали, а я так ответила, сол кездегі кыз мен гой дегенде дау дау сандарын бір-ак уратындар болады. я это по себе знаю ал суйіктіне окпелей бермешей )))))

  4. Мен өкпелеймін, когда біреу өтірік айтса, сыртымнан ғайбаттаса, көзімше құқымды таптайтын болса. Өтірікті жаным(жігітім емес, өзім) жек көреді. Сосын, бетіне айтып, ұрысып, адамдарға жақпай жүргенім. Бірақ, осы мінезім үшін өзіме дым да ренжімеймін.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s