Бір жаз бен жарты күзге созылған рухани кома…

Көп уақыт бір нәрсені уайымдай берсең, ақыры уайымдап шаршайды екенсің. Бір адамды сағына берсең, күте берсең, бір өзгеріс болады ау деп үміттене берсең, бүгін емес, ертеңнің келуін асықтырсаң – өмір зымырап өте береді, ал сен сол қалпы рухани комада жата бересің. Одан да жалығасың, ол да бір күні мазаңды алады, ап ауыр жүктен арылғың келеді. Физикалық тұрғыда өзіңді зілдей ауыр бетон плитаның астында жатқандай сезінесің. БОЛДЫ!  Оқуды жалғастыру
Advertisements

**********

Жақсымын деймін, аттаған жоқпын ала жіп. Қателік болса – оның өзі де балалық. Сүйгенім – шындық! Шырмауық болды бәлкім ол.Жаратқан екен оны Құдайым дара қып, содан ғой содан, көзім көрмеген өзгені. Содан ғой содан жүрек жылулық сезбеді. Бәрін жолында жоғалтып алдым шаштым да, ауыр күнәнің қалғандай болдым астында. Сонда да саған үміт артамын, сенші тек,сынық болсам да балашы мені асылға. Кешегі кетті. Қол бұлғап алыс сағымнан тұрады әлі,  мен де әлі де сағынам. Қызғанба бірақ, қорғаным болшы, қадірлім, суырып алшы, құтқаршы асау жалыннан…..

Бла бла бла….. көп сөз…..

Қызық ай, адам деген бір нәрсеге талпынып, ізденіп, өшіп жанып, күйіп пісіп жүру керек қой, по идее. Күздің әсері болар, бір жайбасар, «маған бәріне де бәрібір» деген адам боп кеттім. Күзгі хандра, депрессия, меланхолия тағысын тағы, сол секілділердің бір басыма көп боп кетті ғой.

Оқуды жалғастыру

DEJA VU

… тап осылай біреу үшін сәнденіп, көзімді сүрмелеп, бетіме опа, ерніме далап жағып, бес сағат шкаф алдында киім таңдап, сүйікті сырғам мен сақинамды таба алмай, әтірдің қайсысын қолданарымды білмей, ашуланып, киімнің бәрін Оқуды жалғастыру

Астана!

Табиғатты аялайық)

Ақ қонжық. Саябақ. Астана.

Көрікті қаланың көрікті жерлері. Саябақ.

23 автобус.

Оқуды жалғастыру

Ақ қонжықтың сағынышы)

Жалғыз болса тербелмейді көңілі

Оқуды жалғастыру

Heal the World ( Michael Jackson)

There’s a place in
Бір орын бар
Your heart
Сенің жүрегіңде
And I know that it is love
Оқуды жалғастыру

Қонжықтың саяхаты (неттегі хикая)

Осы бар ғой менде бір ой бар. Қала көріністерін жай суретке түсірген қызық емес маған. Сол себеп енді суреттерімнің басты кейіпкері (Астанаға ақ аюды сай деп отырмын ))) «Ақ Қонжық». Өзі шетелдік, ПМЖға көшіп келгеніне бір жылдың жүзі болды)))
Менің сүйікті ойыншықтарымның бірі. (Осындай қонжықтарға «слабость» менде)

Сонымен:

Мынау өзі))

Оқуды жалғастыру

Сырласу

Қасымда болшы деп едім. Болмадың, тіпті келмедің… Білмеймін мүлдем себебін,, сенделдім талай, керегін жанымның таппай қиналдым. Келмеген болар қинағың, алайда жаным мың жамау, мұндайда қиын жыламау, мұндайда қиын күрсінбеу. Өтірік «күліп жүрмін» деу жеңілдеу, маған жеңілдеу! Алдамақ болып талайды, көздерім жайнап қарайды, ал жүрек болса дірілдеп түнімен жұлдыз санайды, солардан іздеп бір демеу, солардан күтіп бір медет. Ақтамақ болып өзіңді ойлап тауыппын мың себеп, қисынға сай деп қылығың, өзімді алдап жүріппін, одан не қайыр? не пайда? Қулығым жетпей өзіме, таба алмай жөнді бір айла, назымды айтып Құдайға ақтарсам дағы сырымды, тыныштық маған тек арман…