… тап осылай біреу үшін сәнденіп, көзімді сүрмелеп, бетіме опа, ерніме далап жағып, бес сағат шкаф алдында киім таңдап, сүйікті сырғам мен сақинамды таба алмай, әтірдің қайсысын қолданарымды білмей, ашуланып, киімнің бәрін шашып, аяқ киімнің 10-шы жұбын киіп көріп, шашымды қайта қайта тарап, толғанып, ақыры жарты сағатқа кешігіп кездесуге жүгірген секілдімін. Тап осындай жаңбырлы күн, тап осындай жап-жасыл жаз, тіпті кептеліс те осындай болған сияқты. Бәрі де болғандай, бұрын… Телефонның қомай шырылдауы, тек дауыс басқа, бір сөз, тек екпіні бөлек… Бұл жаңа өмір…

3 responses »

  1. Кәусар айтады:

    Ұзағынан сүйіндіргей!

  2. shynarzhan айтады:

    Жарылқасын Жарылқаушымыз!

  3. bgknowledge айтады:

    shininda jana omir eken keremet good luck…..

Пікір қалдыру