Қызық ай, адам деген бір нәрсеге талпынып, ізденіп, өшіп жанып, күйіп пісіп жүру керек қой, по идее. Күздің әсері болар, бір жайбасар, «маған бәріне де бәрібір» деген адам боп кеттім. Күзгі хандра, депрессия, меланхолия тағысын тағы, сол секілділердің бір басыма көп боп кетті ғой.

*****

Кеше бір жақсы досым «опиум» шегуге шақырған. Романтикалық кездесу болады деп уәделеп. Ішімде біреу: «Бар енді, керегі де сол ғой!» деп итермелеп еді, бірақ, бір «түк жақпайтын» еріншектікке бой бердім де қалдым. Жұмысым кешкі беске дейін, несіне шаршап жүргенім бір АЛЛАға аян…

*****

Бір күшті үнді фильмін көрдім, Приянка Чопра ойнайды. «Махаббат мүмкін емес» деген атауы бар, бірақ кино керісінше екенін 140 минут бойы дәлелдейді. Жылайтын емес, бір сарынды, қарапайым ғана фильмге қалай ғашық боп қалдым, әйтеуір әдемі сезім бар дегенге сенгіп кеееееп отырғаны.

******

«Мен сені екі жыл танимын, сүйсем не болады?» дегенге «Көршім мені сенен де артық таниды» десем, ренжіп қалды. Не то боп қалған жағдай, өйткені «ухажердің» тек екеуі ғана бар. Кризис деген, елки палки. Ақыры біреуін таңдап, тыны керек шығар…

******

Айтпақшы, «Караваннан» Патикті көрдім. Алдыңғы санында ғой дим, репортаж бар екен, анау отан соғысы туралы жазып еді ғой Патик мырза, сол туралы. Суреттердің екеуінде біздің блогшы тұр) Как будто ағамды көргендей: Мынау Патик қой деп қуанып қалғам)))

Түндерің сәтті өтсін.

Чао))

Пікір қалдыру