Көктем келді Астанаға. Кешегі қалың тұман көптеген ауыр ойларды өзімен бірге алып кетті. Негізі, мен өте оптимист адаммын. Әйтеуір ата анам, үй іші аман болса, ешқайсымыз ауырмасақ, қалған дүние мені аса қызықтырмайды. Қалған мәселе мені толғандырмайды. Жанымды ауыртпайды. (Кішкене өтірік айтып кеттім осы жерінде).

Қыздар қауымына көктем ерекше әсер ететіні рас ау. Блоггер қыздардың көбі астарлап болсын, тура болсын, әйтеуір сезімдерін жеткізіп әлек. Көштен қалмайын, қалмайтындай себеп те бар демекші.

Қазір жолайрықта тұрған секілдімін. Артқа қарай жүрейін десем, ол жол келмеске кеткен, жойылып, көзге көрінер емес. Алдымда «кел, кел» деп қол бұлғап, шақырып тұрған сан тораптар бар. Қайсысына бассам екен? Қайсысыт тура жол болмақ? Ол жағын анық айта алатын ешкім жоқ. Супермегакласс көріпкелдің өзі (кешегі «битва экстрасенсов»тағы жеңімпаз Ирандық та) болжай алмайтыны рас.

Көктемнің әсері емес. Шаршағандықтың белгісі. Алысып шаршадым, түсіндіріп, үйретіп, көрсетіп, тілеп, сұрап, жалынып, жылап шаршадым. Демалыс керек. Рухани баю керек секілді. Жақсы кітап оқығым келеді (осы жерде әдемі кітап ұсыныңыздаршы). Көп серуендегім келеді. Таңертеңгі жүгіруді қайта жаңғырту керек.

Бәрі де өз орнына келеді. Шкафтарды он рет жинастырдым))))

15 responses »

  1. Сыр сұлуы айтады:

    Білмим, осы кітап маған қатты ұнаған. Робиндранат Тагордың «Күйреу» романы.

  2. balgyrgan айтады:

    прикол, өз ойыңнан шаршау да бар, ия :)) осы сенбі Апорт деген үлкеееееееееееен супермаркетте(қаланың шетінде) түнгі 9-дан бастап өте үлкен распродажа болады екен… Бәріне пофиг деп өзімді еркелеткім кеп тұр – шкафтағы ескі дүниелерді жаңарту қажет боп тұр менде 🙂

    • aizhannur айтады:

      baaaaaaaaaar! durys aitasyn. Midyn iwinde kop kop kumyrskadai gana oilar ari beri jugurip jur, jugurup jur 😀

      Sale degen jaksy goi. Abai bol tek, tunimen duken aralap 😀 sen de kadrsyn au 😀
      Birak, oz ozindi maktap, erkeletken de jaksy. ))))

  3. 12aikon1986 айтады:

    Дулат Исабековтың «Қарғынын» оқып шық. Мүмкін сергіп қаларсың жан.
    Көп ойланып өзімді жинамасам болмас деп шештім. Өйткені жұмыс жайына қалып барады…

  4. Көктем ғой, дал осы жазбанды пайдаланып, барлықтарыңыздан Бекен Ыбырайымовтың «Жұмбақ із» деген кітабын тауып беріңіздерші деп сұрайын деп ем. Бала кезімде 55 рет оқығам. Тағы да оқыр ем. таппай журм. қазақ кітаптарын сатам деп айқайлап тұрған бір сатушыға барсам, бетіме былшиып қарап «Ол кім Абай ма»? дейді го Абайдан садага кеткір.
    мықты екенсің шкафты он рет жинап улгерген, мен алі бір тартпасында жинагам жок. коктем го))))))))(

  5. tarazkyzy айтады:

    А вот мен, қағаздарымды, папкаларды ақтарам. Компымдағы архивті қазбалайм (яки керек емес нәрселерден тазартам). Сосын мені успакаивать ететін – менің крестиктерім (жаңадан бастағам).Жаным жайланады, сүйікті ісіммен айналысқанда:-)

  6. Әлди-әлди... айтады:

    Мәә, қыздар, Астананың көктемі жаз сияқты екен… Бірақ, көктемдегі жан дүниеңде болатын өзгеріс сол өзгеріс…Білмим, өзіңнен-өзің бірдеңе боп..Балаңа тиісейін десең кішкентай әрі өз балаң…Сонымен күйеуіңе бағытты бұрасың…Былай қарасаң, бәрі дұрыс, қапылған ештеңе жоқ, бірақ бірдеңе..

Пікір қалдыру