Мен оны кездейсок жолықтырдым. Барар жеріміз бір болған соң, ұзын жолды қысқартып, екі қыздың басы қосылса әңгіме болмай тұрмайды ғой. Бұрыннан танитын құрбым секілді, әңгімеміз тез жарасып кетті. Сыр деген ақтарылып жатыр. Жүрегімнің ең түбіне салып қойған, өзгеден тығып қойған дүниені жарық дүниеге суырып алды. Ауырып кетті. Бірақ, сездірмедім. Жылап алдық. Кезек оныкі.

Әдемі, қазақтың қарапайым қызының көзінде қандай мұң жатқаның білсеңіз ғой! Себебі де тұрарлық екен.

Қазақ қызына тәрбие бергенде алдына жан салмайды. Қырық үйден тыю деп, жүргенін, сөйлегенін, көзқарасын, әр бір қимылын қадағалап, қыз балаға ерекше көңіл бөлетінін бәріміз жақсы білеміз.

Бірақ, адам мінсіз емес. Мың жерден “Абай бол! Құлайсың” делінсе де, шатыс басып, сүрініп, талай рет тізені де, жүректі де жаралап алдық.  Жүрекке түскен жараның емін табу қиын. Ол қыздың жарасы әлі де бітпеген, жазылмаған екен.

“Білесің бе, мен алданып қалдым. Осы жасқа келіп алдану деген нонсенс әрине. Бірақ, шындық осы. Не істерімді білмеймін” деді де қап қара кірпіктерінен бетіне қап қара жастары тамды. (Сүрменің әсері ме, әлде жанын жеген қайғының кесері ме?). Жол бітті. Екеуміз екі жаққа кеттік. Өмір деген зулап өтіп жатыр. Бүл әңгіме көп әңгіменің бірі болар еді, егер жаныма соншама батпаса.

Жігіттерге сауал қояйын: Болашақ жарыңыздан не күтесіз? не болмаса сұрақты тікесінен қойсам, өкпе бола қоймас, иә? Пәктігінің белгісін жоғалтқан қыздарға көзқарас қандай? Қоғамда “изгой” ретінде қарастыру дұрыс па?

З.Ы. Жеке басыма қатысты ма, әлде жоқ па, ол құпия болып қалсыншы.

79 responses »

  1. Abay Otar says:

    Егер менің сүйген қызым болса мен оның пәктігі бар ма жоқ па оған назар аудармас едім. Бірақ егер ол қыз пәктігін мен көргеннен кейін барып жоғалтса онда ойым өзгереді. Ал, жалпы жігіт ретінде мен әрине болашақ жарымның пәк болғанын қалаймын. Егер өзінің барын болашақ жарына арнай алмаған қыздан не күтуге болады. Абайламай шоқ басуы да мүмкін. Бірақ бұл оны айыптан құтқармайды деп ойлаймын. Әрине оларды қоғамнан бөлектеу дұрыс емес. Ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын іздеу керек. Өткенде денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан мынадай нәрсені көзім шалды. Біздің елде қыздардың 50 пайыздан астамы кәмелет жасқа жеткенше қыздығынан айрылып қалады екен. Шынын айту керек жаман болып қалдым. Не деген сұмдық!

  2. Gastarbaiter says:

    Бұл жерден шынайы жауап аласың деп ойламаймын. Ондай сұрақтарды анонимді түрде сұрау керек. Әрбір адам өзінің репутациясын сақтап қалуды ойлайды да аса осындай интим сұрақтарға ағынан жарыла қоймайды.
    Маған сен. Мен осындай сұрақтардың талқысын жылына кемінде он рет ашылып, майы біткенше талқы болғанына куә болғам. Еш нәтиже жоқ. Еркек не ойлайды деп жалтақтап өскен өмірі құрысын. Ең бастысы өзіңмен гармонияда бол. Өзіңді сүй, Басқаны сыйла. Жігіттер де саған үйір болады.

  3. Ағатай says:

    ситуацияға байланысты. бірақ таза болғаны конечно жақсы. таныспай жатып қыз емесітгін білсем жоламас едім

  4. Abilakim says:

    Кей қыздар шын алданады. Кей қыздар өзі ұрынып қалады да, аңқау жігітті көрсе көзінің жасын көлдетіп жылай салады. Мен мұндай спектаклдердің талайына куә болғанмын. Мен осы вирт әлемде ойым мен ұстанымымды ашық жазып,айтып жүрмін.Қандай мәселе болса да.
    Жақсы көрген қызым болды. Мен оған пәк болсаң да болмасаң да бәрібірсаған үйлене беремін деп айттым. Бірақ оның пәк не пәк емес екенін ол кезде білмедім. Өмір екеумізді екіге айырды. Басқаларға ондай әңгімені айтып көрмеппін. Жасыратын несі бар. Жас болдық,мас болмаппын(ішпейм ғой)))) .Түрлі оқиғаларға да ұрындық. Қыздармен де жақындастық. Бірақ, бір нәрсе анық. Қыздың көз жасын арқалап көрмеппін. Қазір біздің (жігіттердің )арамызда қызды пайдаланып қалатындар көп, сейкесінше беті ашылып алған қыздардың жігіттерді пайдалануы да көбейді. 50/50 ғой.
    адамның жан-дүниесінен белгілі ғой, шын алданғаны немесе басқаша болуы. Зорланып қалған қыздар да бар. Бұлардың бәрінің бақытты болуға құқығы бар. Тек қана аяр қыздардың аңқау жігітті қармағына түсірмеуі мен сұм жігіттің періште қызды алдауына ұрынбасақ болғаны.

    • aizhannur says:

      wyn aldanyp kalgandary kobirek sekildi. Kop kyzdar ankau keledi goi. Kein goi zaman olardy kaskyr kylatyn.

      • Gastarbaiter says:

        Жігіттер де солай Айжан, жас өспірім кезінде талай сұлуларға алданады, кейін сол сұлулардың тілін тауып, өздерін алдайды. Бәрі әділ.

      • Gastarbaiter says:

        Алданып қалу дегенді түсінбеймін. 18-ден асқан қыз қалай алданып қалады? Секстің бәрі алдану ма? ӘЛде секс тек еркектерге керек пе?
        Менің өмірімде сексті ұнатпайтын қыз кездеспепті. Сондықтан алдандым, қыртым сыртым деген әңгімені қояйық.
        Алдау деген ол арақ беріп көндіру, гипноз жасап көндіру, наркотик пайдаланып зорлау. Ал өз еркімен еркекпен жатқан қыз алданғанға жатпайды. Егер ол кез келген жігітпен жатсам бітті, ол мені қатын қылады деп ойлайтын болса, онда ол өзінің тарақандары, өзінің проблемасы…

        • aizhannur says:

          Aldanyp kaluga ozin jazgan barlyk illegal kylyktar plus `Janym, baribir uilenemiz goi!` nemese `mewitte neke kidyk koi, nesine korkasyn?` ne bolmasa `sen magan! men seni tastap ketpeimin` degen jogary surypty lapwany ilgiw jigitterdin kurygyna tusip kalu. IMHO.
          Tosek katynasy ar bir deni sau, akyl esi durys eresek uwin kajetti (jaratylyska kim karsy tura alady?), alaida ony haiayndyk instink darejesine tusirmeu kerek koi.

        • Дұрыс айтасың!! “Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді” деген.

  5. Тәржіман says:

    Біздің Қазақстандық қоғамда құдайға шүкір. Тесік моншақ жерде қалмайды. Қазақ қоғамы дәстүрлі қоғам болған сияқтанады, бірақ қыз балаларға көп рекіндік береді, қатты айыптап жатпайды. Мысалы салыстырар болсақ Өзбекстан, Тәжіксанда жағдай “қыз емес” қыздардың жағдайы өте ауыр. Умида Ахметова деген фототілшінің қоғамға осы сұрақты тікесінен қойған «Бремя девственности» фильмі үшін Өзбек мемлекетінің оған не істегенін білесіздер http://rus.azattyq.org/content/uzbekistan_umida_akhmedova/1959624.html
    “Изгой” деп қосжынысты мен еркекшора, қызтекелерді айтады.

    • aizhannur says:

      negizi, kop jigitter ozderi pak bolmasa da, suiktisinen pak bolganyn talap etedi. Osy jeri adiletsizdik dep oilaimyn. Rasynda, bizdin kogam syrttan karasan ote loyaldi sekildi, al rasynda, jeme jemege kelgende ozbekstannan da asyp tusedi au.😦

      • karagooz says:

        бір қарасаң солай, бірақ бәрібір әйел – ұлттың ұяты. әйел бұзылса, ұрпағың былғанды дей бер…

      • Gastarbaiter says:

        Меніңще сондай талаптың болғаны дұрыс. Талап болғанымен, қыз емес бослаң, саған да бір жігіт табылады. Ажырасқан, немесе жасы келген, я түсінігі мол, көргені көп жігіт.
        Бірақ егер еркектер қоғамы осы талапты сәл босатса, қызды абырой емес, құтылуға тырысатын бір жүктеме санайтын сайқалдық психологиясы тарап кетеді. Меніңше Қазақстанда дәл сондай сен жылап сіңбіріп айтатындай қатаңдық жоқ.
        Егер сені түсінетін жігіт таппасаң, ол сенің кінәң, қоғамдыкі емес.

    • aizhannur says:

      p.s. tosbelginiz menin iskagazdardagy tosbelgime uksas eken :))

  6. Менің мирымда, қыздығыңды сақта, ол бағзы заманнан да, және қазіргі уақытта да ең күшін жоймаған бірден-бір қару, деп жазылған сурет болған. кім кірмесін, ылғида бір сұрақ қалдырып кетеді, тіпті жеке басыма тигізіп айтатындар да болды. талай бір бірінің бетін көрмей-ақ мың сан адаммен сол үшін ұрыстым да. Кейін өшіріп тастап ем, тіпті басым балеге қалды. Таныстарым неге өшірдін деп сөйледі.
    қанша мың жерден қыздығы қажет емес, сүйсем үйленем, өйтем буйтем, отқа асын үйтем дейтіндер (жігіттер) кейіннен сол кыздын озін уйітетінін талай көрдім. сендер де көріп журсіндер.
    қалай болғанда, жасың 70 ке жетсе де арыңның тазалығы, бетіңнің қызылы, пәктігің ең маңыздысы болып қала бермек.
    жігіттерге қыз еместі алмаңдар, қыздарға қыздықтарыңды сақтаңдар деген пікірдемін. кесапатынан құдай сақтасын.
    барлық нарсе қыздың өз қолында!!!!

    • aizhannur says:

      karu ekeni ras au, birak boiynda osy bir `kasietten` ozge ewbir jaksy kasiet jok kyz bala jaksy jar bolyp jarytpas dep oilaimyn🙂 vse otnositelno je!

      • кыздыгын сактай білген кыздын касиетсіз болуы мумкін емес менін түсінігімде.
        кыздыгынан анкаулыкпен арылган кыздын жаны кашанда таза, бірак куйеуіне берілмегендердің көңілінде бәрібір қаяу болады. Бір құрбым қыз болмай ак тиді байға, бәрі жаксы осы куйеуімнің жаксы ыкыласына мен лайыкты емес сияктымын дейді.
        Және кез келген төмен етекті туылғаннан ак жар болуға лайық жаралған. жанындағы ері соны таба білсе болды. бәрібір еркектерден төменбіз гой өйткені.

        • aizhannur says:

          zna4it sagan ali jolykpady😀 bari nietine karai. Bireuler nette de satyp jatyr goi kyzdygyn😀 tak 4to, aittym je otnositelno dep. Kyz boldy degen ewe ni o 4em ne govorit na samom dele. Fizikalyk turgydan taza bolganymen, ruhani las boluy mumkin ekenin bilemin.
          Erkekterden tomen degen soz durys ak, kelisemin, jaratylys solai))))

          • Әркімнің әртүрлі ойлауға қақысы қашанда бар, бірақ әңгіме осы қыздыққа тірелгенде ер адамдар, шетінен қыздық қажет етпейтін, слишком “дамыған” адамдар боп шыға келеді. Тіпті көштен қалыппын ау деп ойың он беске бөлініп кетеді де.
            Қандай қыз болмасын, таза қалпында күйеуіне берілгені – ең бірінші сол әулеттің қанының тазалығында, әулеттің арғы жағында ұлы ұғым-ұлт жатыр, жиырма еркектің дәмін татқан, бір еркекке тоқтайды деген шалалық, аяғы шөп салуға апарып ұрындарады. Қызын құдайындай сыйлаған қазақтың қыздарының қыздығынан жолсыз айырылуы тым жат та жаман нәрсе. Заманның еркіндігі, қоғамның ағымы деген әшейін ғана сылтау сөз, әр адам өз ниетіне лайық сыйлық алады. Абыроймен барғың келе ме, тағдыр саған қарсы шықпайды. Жігіттер көрінгенге қолқа салмайды.

  7. tarazkyzy says:

    Дәл осындай оқиға мен танитын бір қыздың басынан өтті. Алғашқы жігіттен емес/қаншасы екенін білмедім/аяғы ауырлап, енді күні-айы жақындап отқан жайы бар. Ол жігіттің отбасылы екенін біле тұра, осындай қадамға барған адамды қалай алданды дерсің. Алайда, көпшілікке солай дейді. Бәлкім, баламен ұстап қалам деген ой болған шығар. Бірақ “на чужом несчастье счастье не построишь” демеуші ма еді. Енді алданған кейіп жасап, елді де алдап келеді. Мейлі ғой, әркімнің өз өмірі өзі біледі, бірақ басқа адамның нервісін қоздырмау керек деп ойлаймын. Ол алғашқы аяғы ауыр әйел емес шығар.Өзгені кінәлаған адамды ұнатпаймын. Осы жағдайда, әрине. “Құдай мені осылай етті” деген сарында әңгіме айтады. Қанша қырқыстық осы пікір үшін. Алла ешқашан бұрыс жолға салмасы анық.Әрдайым бірнеше жол береді, адам баласы өзі таңдау жасайтынын ұқтыра алмай қойдым.Өйткені, бір уақыт оның алдында отбасылы адамды жайына қалдыру немесе ары қарай байланыста қалу болды. Таңдау жасаған өзі

    • aizhannur says:

      arine, tandaudy ozi jasady! alaida ony aiyptauga bola ma? alde bala jasauda tek aiel katysa ma? aieli bar bop tura `ket` demegen erkekte jauapkerwilik molyrak sekildi, barine de kyzdy kinali kylyp kou jenil ak.
      Ayagy auyr bolsa, aldyryp tastamagan bolsa, ol kyzga da respect.

      • tarazkyzy says:

        Алдырып тастауға әрекеттенді, алайда тым кеш болды. Қаланың барлық доғдырлары келісімін бермеді.Мен кінәлаудан аулақпын, бірақ “Жақсы болса өзімнен. Жаман болса өзімнен” деген сөзді ескермейміз-ау. Ол қызда одан өзгенің барлығы кінәлі әйтеуір, тіпті айдаладағы мен де.

        • aizhannur says:

          bolar is boldy. ol kyzdy kinalagannan paida jok. Ekinwisi, ol bolawak ana, gormondardyn oinap jatkany bolar, awulanwak, renjigiw bop jurgeni, renjitindei de goi jagdaiy. Erkek kinali. Jolama, aielim bar dep ozinen ari itergende, mundai bolmas edi. Ozin kinalap jurgen de wygar negizi, jurtka aita almagany kanwama. aiteuir, aman esen boasanyp, sabiinin kuanywyna kenelse eken🙂

  8. Өзімнің таңдаған аруыма үйленіп енді ғана отағасы болып жүрген кезім. Жұмыспен бір сырттай таныс әйелдің алдына бардым. Сонда әлгінің “Үйленіпсің, көтеріп қойды ма не?”- дегені бар.
    Негізі қашанда қыз аулаған жігіер аз болмаған. Оарға қарс тұраын қыздардың тірбиесі,ұяы мықты болуы керек. Батыстың киносы мен виносы кеп,. Орыстың Иваны мен Ирасы кеп. Аздырып бітті менің қазағымды,. Иранның имамы мен шиғасы кеп.

  9. Өзімнің таңдаған аруыма үйленіп енді ғана отағасы болып жүрген кезім. Жұмыспен бір сырттай таныс әйелдің алдына бардым. Сонда әлгінің “Үйленіпсің, көтеріп қойды ма не?”- дегені бар.
    Негізі қашанда қыз аулаған жігіттер аз болмаған. Оларға қарсы тұратын қыздардың тәрбиесі,ұяты мықты болуы керек.

    Батыстың киносы мен виносы кеп,.
    Орыстың Иваны мен Ирасы кеп.
    Аздырып бітті менің қазағымды,.
    Иранның имамы мен шиғасы кеп

  10. Ақзере says:

    Тесік моншақ жерде қалмас. Бір рет алданған соң, өзінің сыбағасын алып, ақылға салуы керек, адамдарды айыра бастау керек. Түсінігі бар қыз болса, түсінігі бар жігіт кездессе бәрі орынына түсер деп ойлаймын. Әрбірден соң барлығы сол тесікке қадалып қалған жоқ қой. Өмірде басқа да құнды заттар бар, оны осындай қателіктерге көз шұқып өтуге уақыт жоқ. Мәңгілік өмір сүрмейміз ғой бәрібір. Сондықтан қара түнек жамылмай, рухын мықты ету керек деп ойлаймын.

  11. qisyq says:

    Маған бәрібір, ең бастысы махаббат болса, таңдаған жарым жақсы адам болса болды деп мына жерде өтірік көлгірсімей-ақ қояйын. Мәселе, оның “девственная плевасының” бар-жоқтығында емес, мәселе оның өткенінде, “тарихында”. Егер, Құдай сақтасын, қандай да бір ауыр оқиға болып, соның кесірінен пәктігінен айрылса, болмаса туа бітті қыздық белгісі болмаса, онда әңгіме басқа, онда жоғарыдағыдай пафосты сөздерді айтуға болады, типа “маған ол маңызды емес” деп. Ал енді ол қыз алдап, аярлықпен “мен қызбын” деп қандай да бір құйтырқы жолдарға барып немесе өзі соған акцент салып отырса, онда бұл мәселенің басын ашуға тура келеді. Есімде, бізден алты-жеті, оншақты жас үлкен жігіттер осыған көңіл бөлетін. Алған жарымыз қыз болса деп отыратын. Ал менің қатарластарым “әрине, пәк болғаны жақсы, бірақ ол қазір сирек кездеседі, сондықтан бұл факторға баса назар аудармайтын болдық” дейді. Бәрі емес бірталайы осылай деп отыр. Яғни, қоғамның пікір өзгеруде. Жақсы ма, жаман ба, білмеймін.
    Ойым шашырап кетті, негізі айтпағым мынау болатын: мәселе қыздың физикалық, тәндік тұрғыдан таза болғандығында емес, ең бастысы оның ниеті таза болу керек.Ойы дұрыс болса, есі бар жігіт онша қинала қоймайды.

    • Ниеті түзу қыз, қызбын деп ешқашан аярлық жасап, акценттемес. есті қыз етегін жинап жүреді.
      ешкімге берілмеген қыз балалар қай жаста да бар, олар бола береді де, болуға тиіс те.
      Қыздық-тәннің тазалығы ғана емес, жанның да, ниеттің де тазалығы, әркімнен қалған адал боп жарытпас.

      • aizhannur says:

        ну менде сол жайлып айтып жатырмын ғой))) ниетке депендс деп)
        Әркімнен қалған деген сөзің ауыр тиеді деп ойламайсың ба? Біз мұнда жезөкшелерді емес, белгілі себептерімен (абайсызда, алданып қалып и т.д.) тойдан бұрын жоғалтып алған қыздар жайлы айтып жатырмыз ғой.
        Өз басым қыз болып шықса да, адалдықты бес жылдан соң ұмытқандарды білем. Объективті болу керек.

    • aizhannur says:

      Жаным сол, інімка)))
      дұрыс айтасың!

  12. Қыз еместер маған былай дейді.
    “Если даже не подарю мужу невинность, зато подарю опыт”

    • Abay Otar says:

      “Если даже не подарю мужу невинность, зато подарю опыт”
      Ық-ық! Бұлда дұрыс екен. Дегенмен “Я своневинность

  13. patick says:

    Оны талқылап та қажет жоқ сияқты. Әркімнің өз теңі бар. Тек сол сәтті жіберіп алмау керек.

    • aizhannur says:

      осы тақырыпты көтермес бұрын көп ойландым. Бір жағынан сұрау да ұят, екінші жағынан шамалы болса да адамдар пікірін білгім келді.
      Жігіттердің көбі өз теңі тек пәк қыз деп ойлайды ғой….

      • patick says:

        ия, көбі. бірақ бәрі емес. олардың бәріне пәк қыз қайда? сондықтан, пәктікке емес, басқа критерийлерге мән беру керек сияқты…

  14. Abay Otar says:

    “Если даже не подарю мужу невинность, зато подарю опыт”
    Ық-ық! Бұлда дұрыс екен. Дегенмен пәктігін сыйлағандар кейін ақ опыт жинап алады емес пе?

    • aizhannur says:

      хехе, мәселе опытта ма? оның жоқтығында ма?
      мәселе қоғамдағы көзқарас.
      Сүйген адам кешірімді келеді емес пе? ))))

      • karagooz says:

        міне, мен осыған қосыламын. шын сүйген жігітке ештеңе де кедергі болмайды. оны таныстарымыздың мысалынан көріп те жүрміз. сүю деген батылдықты талап етеді ғой. кейде самолюбиеден де аттап кету үшін батылдық керек болады жігіттерге.

  15. “Алданып қалған қыз бай таңдамас” дегенді естіп едім, асылық айтсам кешіріп қоярсыз. Пәктікке не жетсін, бірақ қазырғы заманның желісіне қарай бүтін таптыра қоймас, ұрпақсыз отырған тағы болмайды. Бірақ әйел заты, ерден бір саты төмендігін білетін қыз, кешірте алады деп ойлаймын. Сонымен қатар үлгі тұтатын елдеріміз қыздың сол бір асылын маңызды санамайды ғой, ал енді өздерің саралаңдар…
    Жеке менің көзқарсым, ер таңдауын жасап, үйленгеннен кейін … болса, қыз пәк болса, қыз міндетті түрде жақсы көріп кетеді. Себебі бұл адамзатқа ұнайтын құбылыс, ал ол қызда бірінші рет болса, оған жақпау мүмкін емес. )))

  16. aizhannur says:

    Barlyktarynyz durys aitasyzdar!!! Barin de! Ol kyz onbagan, tarbiesiz degenderdin de aitkanynda wyndyk bar, abaisyzda bolsa, aiyp emes degenderdiki de wyndyk. Sebebi, men munda bir kyzdyn basyndagy jagdaidy aityp jatkan jokpyn. ar bir kyzdyn tagdyry bolek. Ar biriniki kanwalykty uksas bolsa da, muldem erekwe! Oitkeni mundai jagdai ar kaisysyna ar kily tidi. Bireu, tuk te bolgan jok, omir munymen bitpeidi deidi, al bireuler darga asylyp olip jatyr.
    Pikirlerinizge kop rahmet!🙂

  17. Меніңше… Пәктік дегенің сүюден, махаббаттан жоғары тұрмайды және барлық жігіт қызды тек пәк болғаны үшін сүймейді. Егер пәктігі үшін сүйсе, неге алдап-арбап өз ойын іске асырған соң тастап кетеді? Өмірінің соңына дейін бірге болмай ма? Яғни, ол жігіт пәк болса да, қызды сүймей тұр деген сөз. Ол ертең жүрегінің қалауымен барып пәктігі жоқ басқа қызға үйленуі мүмкін ғой. Дегенмен, ата-салттан аттай алмаған қазақ қыздарының барар жеріне абыроймен барғанына не жетсін?!!
    Жалпы өз басым осындай “жабық” тақырыптардың көтерілуін дұрыс деп есептеймін және оқырмандарға пайдасы зор деп ойлаймын. Айжаннұрка, саған респект)))

  18. кУЙЕУГЕ ШЫҚҚАЛЫ АЛЫП-ҰШЫП ДАЙЫНДЫҚ ҚАМЫНДА ЖҮРГЕН ПОДРУГАМА, ҚҰРБЫЛАРЫ БАР, ТІПТІ ЖЕНГЕСІ ДЕ, СЫР ТАРТЫП, АЯҚ АСТЫНАН НЕГЕ КЕТЕМ-КЕТЕМНІҢ АСТЫНА АЛЫП ЖАТЫРСЫН, БІРДЕНКЕГЕ ҰРЫНЫП ҚАЛҒАН ЖОҚСЫҢ БА ДЕПТІ. СОНЫ ЕСТІГЕН ПОДРУШКАМНЫҢ ҚАТТЫ РЕНЖІГЕНІН КӨРСЕҢ. КУЙЕУГЕ ШЫҒАМ ДЕСЕҢ ДЕ, ТҰЛА БОЙЫҢДЫ ТІНТІП ҚАРАЙДЫ. БІРНАРСЕ БОЛҒАН ЗНАЧИТ ДЕП. СПОКОЙНО КУЙЕУГЕ ШЫҒУДАН ҚАЛДЫ(Қ) ТІПТІ. АЛ ПӘКПІН ДЕШІ, ЫҚ-ЫҚ ДЕП, ЖЫМЫСҚЫ ЖЫМИЫП, МАЗАҚ ҚЫЛА КҮЛСІН.
    ҚЫЗ БОЛЫП ТИІҢДЕР, ҚЫЗ БОЛМАЙ ТИІҢДЕР ӘЙТЕУІР БАРМАҚТАЙ БАҚТАРЫҢ ЖАНСЫН АСЫЛ ҚҰРБЫЛАРЫМ!!!!
    ДЕГЕНМЕН БІР РЕТ ТЕСІЛГЕСІН, СЕН ОН РЕТ ЖАТТЫН НЕ, БІР РЕТ ЖАТТЫН НЕ БӘРІБІР. МАҒАН БІР ДОС ЖІГІТ АЙТҚАН, “НЕ ДЕГЕН БАҚЫТТЫ ЖАНМЫН, ЫЛҒИДА ПӘКТІГІ БЕРІЛГЕН ҚЫЗДЫҢ, ЕКІНШІСІ БОП ЖҮРЕМІН, 40 ҚЫЗБЕН ТАНЫСАЙЫН БАРЛЫҒЫНДА ДА ҚЫЗДЫҒЫН БЕРГЕН ЖІГІТТЕН СОҢҒЫ БІРІНШІ ЖІГІТПІН,БІР РЕТ ТЕСІЛГЕСІН ЕКІНШІ БОЛДЫН НЕ, ОН ЕКІНШІ БОЛДЫН НЕ,АЙЫРМАШЫЛЫҚ ЖОҚ”ДЕП. ӘРКІМНЕН ҚАЛҒАН ДЕГЕН ДЕ СОЛ МАҒЫНАҒА САЙ АЙТЫЛҒАН.

  19. Yq says:

    Kyzdar, nege sonshalykty aktalasyndar??🙂 kandai jerkenishti bireudin astynda jatyp shykkan nekesiz kyz😦

    • aizhannur says:

      жиіркену жаман әдет. Басыңа келеді. Проверено)))
      Негізі, мәселе, тағы айтам, ақталуда емес. Анау төбеде, Тек Қана Құдай мені соттай алады (айыптай алады) деген Тупактың әдемі сөзі бар. Аллаға қалдырайық оның бәрін.
      Ол біреу біреу болмады ғой, сүйген адам, жақын адам болған шығар. менің бір құрбым сүйіктісімен енді тұрмыс құрғанда, жары дүниеден өтіп кетті. Соның өзінде жұрт саусағын шошайтқан болатын. Қоғамдағы қатыгездікті айыптағым келеді….

  20. Gastarbaiter says:

    Баласы бар жалғыз әйелдердің өзіне лайық күйеу тапқандығына, немесе бірнеше күйеуден ажырасып, үшінші рет күйеуге тиген әйелдерді танимын.
    Бақытты болам деген адам бақытты болады ештеңеге қарамастан.

  21. akiyk says:

    Алған жарың адал болса – ғажап! … болса – тозақ! Меніңше отбасының берекесіне еркетердің “жарым адал келмеді” деген ішкі күйзелісі қатты әсер етеді. Мен адалдықты қалаймын!

  22. Бәріне кінәлі осы “түк етпейді” деген көзқарас. Қазір қыздардың ешбірі “пәктігімнен айырылсам масқара болады” деп ойламайды. Айырылмауға тырысады, бірақ оның миында “пәленше де жүр ғой”, “түгенше де бақытты боп кетті ғой”, “анау жігіт маңызды емес деп айтты ғой”, “блогшылардың көбі оны бірінші орынға қоймайды екен ғой” деген ақпараттар жазулы. Жеме-жемге келгенде (оңаша жерде өзі, жігіті және шайтан үшеуі қалғанда), әлгі қуыста жатқан ақпарат жарқ етіп бірінші планға шыға келеді. Әйдә, сосын…
    Менің ойымша, бұл сұрақ қозғала қалса, жұрт өре түрегеліп, қыздықсыздықтың масқара екенін, ұят екенін, ондай күймен босаға аттаудың сұмдық екенін айта беру керек. Қателесіп үлгергендер, кетті енді. Айт, айтпа, кінала, кіналама, керек болса, 200 долларға қайтадан тіктіріп алады. Есесіне, әлі отсталая боп салафанмен жүрген қарындастардың біреуіне болмаса, біреуіне әсер етеді.

    • Сенің ойынша пәктік бар болғаны салафон екен де, пәктігін сақтаған қыз отсталая “қарындас” екен ғой. мына сөзіңді тура жанымда отырып айтқаныңда бетіңе салып жіберер ем. оған намыссыз қазақ деген аттан қағыс қалғыр, арам ойлы жігіттер, артық кетсем кешірім сұраймын, беттері жыбыр етсе арине.
      200 долларға тігілген “қыздық”, құдай берген пәктіктің арасы жер мен көктей! Негізі абайлап сөйлеген жөн. Қырыққа келгенше қыздығы алынбаған ұлты шешен, 40 тағы қызды көргем, ия, ауру, ия кәрі, иә қызық білмес, бірақ оның ары таза, жаны-жүрегі пәк, ластанбаған, лайланбаған!
      Отсталая болмасаңшы деп қанша қыздың обалына қалғаныңды құдай білсін. Артық айтсам тағы да кешірім сұраймын.

      • aizhannur says:

        ironiya goi, janym. bez nervov :)))

        ehh, barlyk kyzdat sen sekildi `jeleznyi` bolsa goi. Buryn, jasym 18 edi, sonda bir orys dosym bolgan, sol ekeumiz osy takyrypka tiresip kalgan edik. Sonda ol aitkan bolatyn: Polubiw, sama ne zametiw kak uje stoiw goloya pered lubimym. dep. Eki apta soilespei renjip jurgem, sozinde wyndyk bar….

  23. aizhannur says:

    arine jogaltpau kerek, arine kyz bolu kerek! men bul surakty talkyga salgan jokpyn, surak negizi baska edi.
    Al, davai, kyzdar, nekesiz tosektes bolyndar demedim goi. Olai aitpaimyn da. Bar bolgany bolyp koigan kyzdar ne isteu kerek? Tiktirip alyp jatkandar bar wygar, birak bul muldem sumdyk koi.

    • Болып қойса да, болмаса да, болдырса да құдай қай қыздың да санасына берсін. Ең бірінші жарын, туылатын балаларын, бүкіл әулеттің қанын алдап, дәл осындай “тіктірген” жолмен бай тауып, бағы жанғандардың, бәрібір өмір бойы бір ұят,бір намыс, бір белгісіздік тыныш бермесі анық.
      Алыс кетпей-ақ өз араласатындарымнан байқаймын, бәрі бір жарты, тым болмаса тәні таза емес. Құдай осыдан сақтасын!!!

      • aizhannur says:

        bir jarty, tani taza emes dep bir aparyp tastadyn goi! kandai kandai adamdarmen aralasyp jursin, ujas.😀

        negizi bar goi, barinen de adamgerwilikti jogary koiyam! magan ulty, dini, turi, jagdaiy manyzdy emes, eger adamgerwiligi mol, konili awyk adam bolsa, kyz bolsyn, jigit bolsyn, onda konilim auady da turady.
        Omirde talai adamdy jolyktyrdym: kara nasildi, ak, sary, hristiyanm iudei, buddist, musylman, newe turli aurumen auyratyn, ne bolmasa deni tolygymen sau, birak olaryn bir birinen ew aiyrmawylygy jok. Bari pende.
        Kyz bala degen tek kana sol bir kyzdyk belgi gana emes koi, ol adam, ol da kate jasauga kukyly, ol da katelik jasasa da omir suruge, suikti boluga, bala suiuge, kelin atanuga laiykty. :))) take it easy.

        • Мен сүюді білмесем, осы блог та тумас еді менен. Сүйдім екен деп, астына жата қалу емес шығар. Осы сөз әбден қанымды ішіп бітті менің бар ғой я. Сүйдім бітті сүйгенімді төсекте далелдеймін деген заң болмау керек.

          • aizhannur says:

            first of all, suie almaisyn demedin🙂 ekinwi, tosekte daleldeu kerek emes! Men nekeden buryn katynaska tusu durys degen jokpyn!!! Men nekeden buryn tosektes bolyp kalgan kyzdardy jat koru, betine basu, wettetu, namyssyz, uiatsyz dep jamandauga karsymyn!
            blogyn keremet ekenin bilem🙂

            • Жақсы көрем, жақсы көрем дейсің бірақ менімен төсектес болғың келмейді дейтін жігіттерді естіп журміз ғой. Төсектес болмасаң сүйгенің өтірік общым алғанда.
              алде мен әлі қалың махаббат туралы кітаптың ішінде жүрмін бееее. Сондада қыз күйеуге шыққанша қыз қалпында қалу керек.
              алданып қалған қыз алданбай ақ махаббатпен берілген қыз десек те, бұл жазбаңның түп төркіні пәктікке келіп тіреледі ғой Айжаннур-ау. Бәріміз бопты құрсын дей берсек, жайылеееееп жүре беред шығармыз. Біреу болмаса біреу қатыны мен қызы белгісіз қоғамда, таза қыз боп жүру керек шығар.

              • aizhannur says:

                ӘРИНЕ!! бОЛУ КЕРЕК, САҚТАУ КЕРЕК. мЕН ЕШКІМДІ ПРОСТИТУЦИЯҒА ШАҚЫРЫП ЖАТҚАН ЖОҚПЫН ЖЕ)))
                шАМАЛЫ ТҮСУНУШІЛІК, СЫЙЛАСТЫҚ ТАНЫТСАҚ, ОНСЫЗ АҚ ҚИНАЛЫП ЖҮРГЕН ЖАНҒА, ЖЫҒЫЛҒАНҒА ЖҰДЫРЫҚ ДЕГЕНДЕЙ қарайтын болсақ, онда адамгершілігі жоқ, бірақ пәк қыздары көп болған қоғамның пайдасы не????????????

  24. Bota says:

    negizi erkekepen sanaskan ol ote jaman adet! Erkek nege pak emes al kiz nege pak bolui tiys degen endy orinnsiz soz dep oilaimn!!! Feminismge jakindagandardin belgisi. IMHO

    • aizhannur says:

      феминизм дегеннің не екені айтпастан бұрын, мазмұнын білген артық болмайды.
      Мұнда феминизмнің иісі де жоқ.
      Орынсыз емес, өйткені бәрі де өзіне тән(заслуженный) адаммен болу керек.
      Егер ер адам некеден бұрын қатынаста болған болса, оған сондай әйел тең, егер болмаған болса, онда пәк әйел. Бұл менің сөзім емес если что)))
      Айтпақшы, санасу деген бөлек. Ал құқығыңды қорғау бөлек дүние)))

  25. tagdir says:

    Ұят нәрсе… Блокка жаздық… Енді газетке жазайық онда… шулатып… сосын сайтансандыққа салып жұртты “Малаховтың мыльный опералары” құсап тартайық не болар екенбіз сосын… Біз қазақ деген елміз! Қазақтың қызына өз абыройын сақтау – өмір мен өлім мәселесі! Сондықтан осы шулағанымыз да жетер. Доғарайық. Артық кетсем кешірерсіздер…

  26. aijannur says:

    Blog meniki, ne jazsam da oz erkim deep jasospirim bala sekildi renjip kalaiyn ba? ))))) uiat ekenin bilem, birden kandai surak ekenin jazdym goi. Auruyn jasyrgan oledi deidi, kem degende osynda talkylasak nesi jaman? Alde kyzdygy jok kyzdardy darga asu kerek pe? Ne bolmasa olardy prokajennyi el dep rezervacia jasau kerek pe? Syn aituga, min taguga Bari de weber! Al wewim aitatyn akyl bar ma?

  27. Бұл жерде мына бір жайтты ескеруіміз керек. Алла Тағала ешкімнің ақысын жемейді. Ол әркімді өз теңімен қосып қояды. Сен пәк болсаң саған пәк жолығады, зинақор болсаң зинақорға жолығасың.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s