Бүгін ерекше күн болды. Бүгін мен орамалда жүрдім.  шын айтсам еш нәрсе болмады. Өзімді жайлы сезіндім, бір түрлі protected секілді. Жұрттың қарағаны болмаса (қарағанда үйреніп қалғанмын), бәрі ок болды. Негізі қыстың күні орамалмен жүрген оңай ғой, жалпы үсті-басың жабық тұрса ешкім таң қалмайды, алайда ғимарат ішінде де орамалмен жүрсең талай адамның қадала қарағанын байқауға болады.  Бірақ жұрттың сол көзқарасында тек қана қызығушылық бар, сұқтанып, жаман көзбен қарағандарды кездестірмедім.  Жақсы болды, негізі бұрын да көшеде орамал таққам, алайда мекеме ішінде шешіп қоятынмын.  Бұрын мамам да қарсы болатын, қазір орамал жарасып тұрады деді, яғни қолдады. Сол себеп қорқпастан кидім, ең қызығы өзімді керемет әдеміііі сезіндім, көптен бері бұлай болмап еді. Кейді мэйк-ап, тіпті тырнағымның ұшына дейін керемет болса да, бір түрлі рухани дискомфорт сезінетін едім, бүгін олай болмады. Тура бір толық макиаж, керемет бір әдемі киім киіп, бииииииік өкшеде супер прическамен + жанымда тыныш, жайбарақат күйде болғандай сезіндім…. енді алғаш рет болған соң, сондааааай бір эмоционалды жарылыс сезіп жатырмын.. кейін үйреніп кеткен соң бәрі қалыпты жағдай болып кететін шығар :))) инш…


P.S. мынандай қып таққам бүгін… ең тиімді нұсқасы мен үшін….біздің қазақтың келіндеріңнің орамал таққанына ұқсайды…  менің папам түрікше орамал таққанды жақтырмайды, ал мына түрі жақсы секілді….. бір сөзбен » и волки сыты, и овцы целы» 🙂

10 responses »

  1. Фарид айтады:

    Қуаныштымын 🙂 Аллаһ кәміл иман берсін 🙂

  2. Баян айтады:

    Орамалыңыз жарасымды болсын, ең бастысы — іштей дайындық керек шығар мүмкін тағуға…

    Осы хиджабтың ішінен арнайы тағатын повязка бола ма?

  3. altygradus айтады:

    Машаллаһ
    иә ішінен бонемен тақсаң, әрі бері сырғымайды жібек орамал..
    айтпақшы қайта мынау түріктердің қыздарыныі стилі ғой, көбіне осылай тағады;).

  4. Bakytnur айтады:

    Kutty bolsyn! Niyetinizdi Alla kabyl korsin!

  5. timurrr айтады:

    БаракАллаһ! (Қазақшасы – Бәрекелді!!!)
    МашАллаһ!
    Аллаһ қуат берсін! Тіл-көзден сақтасын! Еліміздегі арулардың ар-ұятын сақтауға біршама үлес қосыпсыз… Өйткені, біріншіден сол арудың бірі өзіңіз, екіншіден, өзгеге үлгі, «Мен де осылай жүрсем болады екен-ау…» дегізіп, көзайым болдыңыз. Тамаша!

Пікір қалдыру