Жүрегімнің ең түбіне, өзімнің де қолым жетпейтін тереңдігіне саған деген сезімді тастап жібердім. Жата берсін. Бір күні керегі болар, болмаса, жүректің түбінде болса да,ұмытылған, тасталған болса да, әйтеуір бір сезім бар екенін, яғни, моторлы робот емес , адам екенімді түсіну үшін көмегі мол болады. Жападан жалғыз қалған бұл сезім қалай болғанда да қуаныш та қайіғы да сыйлады. Қайсысы басым болғанын уақыт таразы өлшеп береді. Бірақ мәнісі не? Ал өлшер, ал жауабы болар, бірақ өткен кетті, кешегі күнге түгіл, өтіп кеткен бір секундке қайтып орала алмайсың, болғанды өзгерту мүмкін емес. Өмірдегі ең қиыны да осы. Өкінгеннен, жылағаннан еш пайда жоқ екенін санаммен түсінем, қабылдаймын, өте ақылды болып кеткен кездерімде өзімді өте сабырлы сезініп, өз өзіммен мақтанып қоямын. Бірақ мұндай кездер күн сайын сиреп барады. Күзде ағаштың жапырақтары қалай тез сиресе, менің де ақылды және сабырлы болатын сәттерім сонша тез сиреп жатыр. Жылағым келеді, жоқ өкіріп жылағым келеді. Бар ашуымды, бар қайғымды, бар өкінішімді көз жасыммен бірге ағызып, жанымды бір тазартып алғым келеді. Алайда, көз жасымның өзі еш нәрсеге дауа бола алмайды.Маған қалғаны сенің жазған хаттарыңды, воис мэйлдеріңді мың қайта оқып, мың қайта тыңдап, өз өзімді жалғыздыққа үйрету. Өзің айтып едің емес пе : «бізді өлтірмеген нәрсе, бізді мықты қылады» деп…. соған ғана үміттеніп жүрмін….

14 responses »

  1. Фарид айтады:

    «Was mich nicht umbringt, macht mich härter» F.W.Nietzsche

    • Ansar айтады:

      Жазбаның авторы қайта оралмас сезімді қатты сағынып жүрген сыңайлы. Сағыныш деген жақсы ғой. Бірақ, өзіңіздің денсаулығыңызға кері әсерін тигізіп, өмірлік мақсаттарыңызға кедергі болмаса.

      Сізге бақыт тілеймін!

  2. Ansar айтады:

    Жазбаның авторы қайта оралмас сезімді қатты сағынып жүрген сыңайлы. Сағыныш деген жақсы ғой. Бірақ, өзіңіздің денсаулығыңызға кері әсерін тигізіп, өмірлік мақсаттарыңызға кедергі болмаса.

    Сізге бақыт тілеймін!

  3. Ақбөкен айтады:

    Бір аллаһ бәрімізге жар болсын жалғызсыраған сәттерімізде

  4. Ansar айтады:

    Жаралы жүректің дәрі болсайшы, шіркін

  5. Фарид айтады:

    «бәрі жақсы болады…. Мақатаевтың Шыда деген өлеңі бар:
    Шыда!
    Шыда,шыдай түс,шыда тағы,
    Шыдамдыны мына өмір ұнатады.
    Үміттің құлан иек,құла таңы,
    Әйтеуір бір атады,бір атады!

    Өкінбе,өкпелеме бүгініңе,
    Өмір өмір болмайды түңілуге,
    Мәңгі сені жазбаған сүрінуге.
    Қақың бар қайта тұрып жүгіруге – деген… бұл үзінді ғана…

    саған көмегі болар деп үміттенем…

    кезінде сөзге шешен жыраулар жігері құмдай езілген адамдарға жұбату айтқанда, сәбиінен айырылған ананың өзі жоқтауын тоқтатқан дейді….»

    Есіңде ма Бибіжан 😉

  6. aizhannur айтады:

    ia, esimde aga 🙂

    bari jaksy :))))

  7. жарас ергеш жантуганулы айтады:

    Сен мына-жанарымның ішіндесің,
    Жанардың білесің ғой кішірмесін.
    Ішіне жанарыңның сақта мені,
    Біреулер көлеңкесін түсірмесін.

    Сен менің-мына тылсым кеудемдесің,
    Білесің,кеудеме ешкім тең келмесін.
    Кеудеңе зынданыңа салып сақта
    Біреулер көкпар қылып өңгермесін!

    Сен мына тілімдесің,үнімдесің,
    Білесің ғой тілімнің бүлінбесін.
    Сен мені үніңе қос,тіліңе тұт
    Үнім өшіп, үшкір тіл тілінбесін!

    Сен мына-менің алып басымдасың,
    Білесің ешкім де оны басынбасын,
    Сен мені өз басыңмен бірге қорға
    Біреулер зұлымдығын асырмасын!

    * * *

    Сен менің миымдасың!
    Білесің,миым жатқа бұйырмасын.
    Миыңның бір жеріне жасыр мені,
    Қиылсын өмір солай…Қиылғасын!
    * * *

    Сүйгісі келеберер сүйген ерін,
    Сүй жаным, сүйкімді бір күйге енемін.
    Жүрегіміз жақынан бірге соқсын,
    Ағытшы бешпетіңнің түймелерін.

    Сүй жаным, сүйебергін кім көреді.
    Біркезде еске аларсың түнді,мені.
    Жалт етіп өте шықан баяғыда,
    Бұл дағы жастық шақтың бір күні еді.

Leave a reply to жарас ергеш жантуганулы Жауап беруден бас тарту