02.06.10
ШҮкір дейік…..
Күннің қалай өтіп-кетіп жатқанын кей уақыт мүлдем байқамаймын. Зымырап, зулап уақыт ұшып жатыр. Күнделікті тіршіліктің майда-шүйдесінен бас көтере алмай,өз қара басымдағы кішігірім мәселелерді ғана ойлап, айналама бір сәтке назар бөліп, көңіл аудару дегенді ұмытқан адам едім. Сондағы мәселе дегенім жақсырақ киінсем, сәндірек өмір сүрсем, көбірек ақшам болса дегеннің дөгерегінінен аспайтын. Барына шүкір деуді ұмытып, саулығымды, жер басып жүргенімді қатардағы, қалыпты дүние деп қабылдап кеткен болатынмын. Бірақ, біраздан бері өзіме келе алмай жүрмін. Шипа іздеп келген қаншама адамды көріп, әсіресе жастар болса, Аллаға шүкір деп, сабама түстім. Жалпы біздің офистің қыздарының бәрі де сондай күйде жүр. Кеше өте ауыр дертке ұшыраған жігітті көріп, ата-анасымен сөйлесіп болып, кабинетімде жылап алғанмын. Өте қиын жағдай. Аллам сол науқаса ем береді деп үміттенемін. Инш, солай болар. Достар, Жамбыл атты осы науқас үшін дуа етіңіздерші. Алла дертінен айықтырсын.
01.22.10
Жаңа ғасыр жаңалығы.
Менің ата-анамның заманында тіс емдеу өте қиын болған екен. Қиын болғанда емдеу мен жұлдыру адам жанын қинайтыны сонша, тіпті кейбіреулер талып қалатын еді дейді папам. Қазір заман өзгерді, тіс емдеу болсын, басқасы болсын кейде мүлдем сезілмейді де. Тіс ауру немесе бас ауру секілді майда дерттерге шипа көп, бірақ шипасыз дерттер, қатерлі ісіктерді емдеу осы күнге дейін өте күрделі ем түрі болып келді. Адамның ертеңгі күніне деген сенімін, бар үмітін өшіретін сол дерттер қаншама адамның өмірін алып кетті. Осындай аурудан айығудың барлық жолын қарастыратын адам болса, 21 ғасырдың жаңалығы HIFU терапиясына көңіл бөлу керек секілді. Бұл жаңа терапия көптеген адамдарға үміт сыйлағаны рас. Шет елдерде мұндай әдіспен емдейтін медициналық ұйымдар көп болғанымен, Қазақстанда, тіпті ТМД елдерінде ондай орталық біреу ғана. Оның өзі өзіміздің елде,Астана қаласында орналасқан. Әрине, біздегі көптеген дерттілерге мұндай терапиямен емдейтін орталық үміт сыйлайды. Ұзын сөздің қысқасы, еліміз дамыған елдердің қатарына бір адым болса да жақындай түскен секілді. Бәрімізді Алла ондай дерттен сақтасын, алайды білгенге-маржан, білмеген-арзан дейді ғой.
Гугле HIFU Алас деп іздеп көрсеңіз болады.
Ауырмаңыздар
01.20.10
қиял….
01.15.10
тоғысқан ойлар….
Қорқамын.
Жамандардың сөзінен
өзінен де.
Бола қалсам көз ілген
сені көрем. Шошып тұрып,
бәле іздеп өзімнен
кезіп кетем көшелерді. Боз інген
секілденіп іздеп жүрген ботасын.
Ал сен болсаң тәтті ұйқыда жатасың.
Жүрегімнің қарлыққанша дауысы
Шақырамын. Сосын күн де батар шын.
Бір бөлмеге тұтқын болып қамалып
Жұмыр басқа ойлар кіріп тым алып
Жылатады, жұбатады . үндеместен жатамын.
Тағы еніп түстеріме сан қилы,
Қиялымда алма ағаштар аңқиды
Сен де, гүл де, бәрі барі қиялға
Айтшы қалай кеп сиыйды?
Қаладағы сұр аспан да ән-күйді
Біледі екен. Көктем сайын шалқиды.
Тек көктемі қысқарыпты өткеннен,
Сен мен үшін 4 айы бар көктем ең
4-айды сұрап алғам көктен мен.
Сен мен үшін тарқамайтын өкпем ең
Сол үшін де оралмасқа кеткен ең…..
12.17.09
*******************************************************************************************************
12.14.09
сәукеле :)
сәукеленің білесің бе, досым сырын?
сақтаған өрнегінде ғасыр жырын.
тазалықтың, тектіліктің белгісі деп
қалыңдықтар киетін мұны бұрын.
салтымның теңдесі жоқ ол мұрасы,
зерделенген алтыны бар, асыл тасы,
ойып салған өрнегінде тарих тұнған
ұлтымның баға жетпес қазынасы.
абыройын өмірінен биік қойған
отыз күннен кейін де неке тойдан,
аманаты деп ұғып төркінінің
сәукелесін тастамаған ару бойдан.
12.13.09
АҚ КИМЕШЕК
Арғы әжемнің көнерген суретінен
Жарасымды ажарлы келбетіне
Ақ кимешек көрдім дағы,таң қалып ем:
“Бас киім жоқ бұдан асқан жер бетінде!”
Қандай мән тығылып тұр орамына
Айналғандай әжемнің қорғанына.
Сенемін, кимешекті әйелдерге
Жамандық жұға қоймас жан жағына!
Ақ кимешек адалдық белгісі ол
Арамдық ақ жүрекке таппастан жол,
Асып кетсе кебісінің ұшына кеп
қонып қалған шаңменен пар-пар ол.
Киелі ақ кимешек үлгі болдың
Қусам деп армандаймын әже жолын
Ала жібін аттамай адамдардың
жамандықтан аман болса тіл,көз,қолым


