Осы өмірде «әттең» деп қалғандарымның ішінде ойып тұры орын алғаны: «Әттең! Блог Құрылтайға бара алмадым» дегенім.

Бәрі жабылып жазып жатыр, бір блогтен келесісіне асыға ауысып, Жанна не деді, Асхат ағай ше, Өркен қалай өрнектеді, Балдырған қандай күйде екен, Айконаның пікірі қалай, қисайған саусақтарымен түзулетіп Қисық інім не жазды деп талааааай блоггердің жазбасын оқып-қарап, мәз болып қалғаным есімде. Тек мида: «Барғанымда, мен де майда шүйдесіне дейін жазар ем» деген ой маза бермеді. Өкініп, өкініп, ақыры келесі жылда да болар АЛЛА жазса деп жұбатып, өз өзіме басу айтып, әрең өзіме келдім.

Ал енді, күтпеген жерден (Өркенге сувенир ала кел дегенім болмаса, әзілдеп) маған Алматылықтар сыйлық беріп жіберіпті. Оны маған Қарақыз айтқаны қашан, бірақ біресе тәнім ауырып (суық тиіп, Жанна қатысқан кездесуге бара алмай қалғаным бар), біресе жаным ауырып, ақыры естен де шығып кетті.

Өткен жексенбіде Қарақызбен кездесіп (негізі, ол есіме салмаса))), әңгіме айтып, екі тәттіқұмардың басы қосылып, балмұздақты сылқытып алдық та, Қарақыз төмендегі «сәлемдемені» салтанатты түрде сыйлады :))):

 

М

Үлкен бір дүниенің бөлшегі болғаныма қуанып, мәз болып отырмын. Сіңлім де таң қалып жатыр.))) 

Көп көп рахмет! Ұйымдастырушыларға, демеушілерге, мені ұмытппай, осы бір керемет заттарды беріп жібергендерге, жеткізгендерге және маған есіме салып, арнайы кездесіп қолыма ұстатқан Қарақызға)))

З.Ы. Сөйтіп менің де блог құрылтай жайлы болмаса да, соған қатысты бір пост жазуға мүмкіндік пайда болды)))

Тағы да көп көп рахмет! Алла разы болсын))) 

9 responses »

  1. 6gradus айтады:

    көңіл деген осы ғой 🙂

  2. Тоты айтады:

    Иә, Жанна дұрыс айтасың,көңіл. Айжан үшін бір құнды сәлемдеме болды.

  3. 12aikon1986 айтады:

    Уау, күшті Аршат аға бәріне тапсырыпты ғой,құтты болсын жан! Естелік!

  4. Kaldykyz айтады:

    Хе хе, құтты болсын жан 🙂
    Менің есіме түсті, Мақпалдың блокноты мен ручкасы менде еді, кездесіп беру керек екен 🙂

  5. urimtal айтады:

    Қызық болсын деп айта отырайын. Мына папка, блокнот, ручканың шығу тарихы қызық болған. Ондағы әрбір өрнек, логотип пен түстер әрі папканың көлемі, қаламның түрі, блокноттың әрбір парағы барлығы да Блог құрылтайдың басы қасында жүргендердің қатаң сарабынан, ұзаққа созылған пікір алмасуларынан туды ғой. Сол кездегі бір-бірімізге тезірек лого жіберіңдер, кім ұстап отыр т.с.с. хаттар, кейін папканы шығарғандағы жүгірістер, соңғы күнгі нерв 😉 қазір бәрі қызық болып отырғаны 🙂 Өзіңнің қолыңдағы заттың әрбір әріпінде, әрбір суретінде блогшылардың шынайы ілтипаты, ортақ мақсатқа кіріссек алынбайтын қамал жоқ деген үлкен сенімі жатыр… 🙂

    • elvira айтады:

      сен айтқан «блог құрылтайдың басы қасында жүргендердің қатаң сарабынан, ұзаққа созылған пікір алмасуларынан..» кейін де блокноттағы жазу «ұйымдастырушАлар» болып misspelling кеткені қызық расында да ))

      маған папка мен блокноттағы ою ұнады. Сәнді!

      • monti айтады:

        хммм ұялып қаған смай, elvira негізі, соңғы сағаттарда ғана белгілі себептермен блокнот пен папка басуға кетіп еді 🙂 басып шығарушылар(типогрфия), блокнотты қате шығарыпты, арты инфоны баспаған(блог кемп не жайлы деген мағлұмат болуы керек еді), және блокнотты байқасаңыз бетіндегі дизайн оңға жылжып кеткен(((, дизайн кайфы бұзлыпты 😦
        терген кезде менен қате кетіпті((( былай қарасаңыз, үлкен шараны ұйымдастыру алматылық топқа оңай тиген жоқ. сырттан білінбейтін шығар, ішіміз қызу қайнап жатты ;), Блог-құрылтайдан басқа әркімнің 9 дан 6 дейін істейтін жұмыстарымыз тағы бар дегендей. очм ақталып кеттім ба бірдеме)))

        ох жазалаңыздар мені))) аямай жазалаңыздар кеткен қатеге)))

        маған папка мен блокноттағы ою ұнады. Сәнді!// Ою, логодағы оюдан алынған…

        • elvira айтады:

          да ладно, қатты ақталмай-ақ қой. өзіме ондай «сәлемдеме» жетпеген соң көре алмай отырғаным ғой гы-гы. ешкімнің жұмысын кемсіткім келмеді – сынаған / кемсіткендей болып көрінсем кешірім өтінем.

  6. Өркен айтады:

    Құтты болсын!! Блог құрылтай қашан болып еді десең ия?)))))

Leave a reply to urimtal Жауап беруден бас тарту