Көктемнің соңғы айы да өтіп бара жатыр. Ал мен әлі де өзіме келер емеспін. Керекке тіркеліп, алданыш іздегенім болмаса, ешнәрсеге зауқым жоқ. Блог жазудан да қалып барамын. Ішімнен түңіліп кетемін деп қорқамын.  Табиғатымнан депрессивті адамдардан қатарынан емеспін. Бірақ, қазір қатты күйзеліске түсіп кеттім.

Еш бір нәрсе қызықтырмайды. Бәрі де бірер минуттық қуаныш қана.

Қыздармен сөйлессем жеңілдеп қалатын едім, оны да қойдым. Өйткені, жаным қайнап жатыр. Бір бұрышқа тығылып отырып алғым келеді де, құрбым айтпақшы “синдром картошки”.

Әдемі болудан да қалып барамын. Өзіме де қарағым келмейді. Кез келген істі “через не хочу” жасап, еш рахат көрмеймін.

Кино көріп қана уақыт өлтіріп жатырмын. Өткенде жүгіріп жүретінмін, енді болса көшеге де шыққым келмейді. Адам соншама тез өзгере ме екен?

Айтпақшы, керекшілер киноға жиналып жатыр, соған да барғым келмейді. Өзімді мәжбүрлеп барғызсам, басқаның көңілін қалдырып алам деп ойлаймын. Сол себеп қазірше үйде. Мүмкін, біраздан соң өтер бұл кез де)

Вивальдидің “Жыл мезгілі” туындысы ғана маған расымен эститикалық ляззат сыйлап жатыр. ҚАзір де құлағымда ) Бір жерде оқығам, адам ақылы ауыса бастаған кезде классикалық музыкаға өтеді деп. Мүмкін мен “уже того”?

10 responses »

  1. 12aikon1986 says:

    Жан қысылмай айғайлап, айғайлап жылап ал содан соң басыларсың, жеңілдерсің.

  2. balzaminka says:

    Айжан, өзің айтатын едің ғой мықтымын деп, мықты бол деп айту қиын, дегенмен өз-өзіңді қолға ал. Бұл өмірде бәрі де бар, тек соған шыдамды бол, төтеп бер! Жақсылығы өмірдің әлі алда!

    • aizhannur says:

      Бальзаминка, мен өз өзімді түсінуден қалдым.
      Мықтымын, еңіреп жүргем жоқ Шүкір, бәрі де жақсы. Тек бір “пустота” бар секілді. Бір жерім бүтін емес сияқты. Соған қынжылам да. Болмаса, қатты бір қиналатындай жағдай емес қой.

      Көктемнің әсері бәрі)))

  3. imanigul says:

    Барлығы адамның өзіне байланысты! Бірақ уақыт өте бәрі ұмытылады…

  4. 6gradus says:

    хахаха ренжімеш, постыңның соңғы нотасына күліп жатырмын. Мүмкін уже того шығарсың кім білсін:) пыросто сен өзі тез құбылғыш адамсың ғой, бір ермек тап одан да басқадай бір:)

  5. Kaldykyz says:

    Того болатын болсам, мен давно тогодардың қатарынан болар едім. Ештеңе етпейді, ондай ондай болады, бұл кезеңді “перезагрузка” деп ата. Алда жақсы күндер күтіп тұрғанына сен, алақай (кәріс сериалындағыдай қолын көтеріп, “алақай” дейтін бейнесі бар смайыл) :)))

  6. monti says:

    * әлі шыға алмай жүргеніңе таңқаламын…
    табиғатынан “қап/қара адамдар” болады, солармен арлас/құрлас бола бастағанда байқамай, солар сияқты ойлап бара жатып өзімді ұстап қаламын, біреудің жетегінде кетіп маған не болды?, өзімнің розвый очкиімді тауып қайта киіп алайын деп🙂 со айтпағым розвый очкиіңді ешкімге ұстатып жібермей шешпей киіп жүрсей :)))

    • aizhannur says:

      bildim neden wyga almai jurgenimdi.😀 endi kazir bir jenildep kaldym. tek ali de aita berem, auru kalsa da adet kalmaidy deidi goi😀

      Wukir, uikydan oyangandai kuidemin, ALLA jazsa aldymda bir keremet ozgerister kutip turgan sekildi. Iske assa, super mega bop ketetin siyaktymyn :)))))

      O4ki satyp aldym, rozovyi :DD

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s