Сағынып жүріп адасып қалдым сағымда. Сипалап іздеп, таппадым әттең жанымда сені, асылым. Қай жақта екен мекенің? Кімдермен жүрсің? Қайсібір жанның бағына жаралдың екен? Сұрақтан талай жалықтым. Шайнамай жұтып қоярдай мені алып мұң. Көзіне жаттың көрінбей жүрмін, бәрібір, көптің ішінде жападан жалғыз қалыппын. Түндерді қайтем? Қинайтын жанды жылатып. Күндерді қайтем үмітсіз атып, құр батып жатқаны ғана, болмаса ол да алданыш. Өзгерген түк жоқ. Жүректе құрғыр тұр қатып. “Сүй” дейді құрбым. Өмірді, күнді, жұлдызды.  Бар дейді құрбым осы күнімде бір ізгі жақсылық бәлкім, оны уақытқа қалдырдым. Ал көктем болса, еске салады сұр күзді. Жылайын десем, жасымды теріп моншақтай, қалғаны көзден тіпті бір тамшы жас шықпай. Айқайға салып, кезіп кетсем ғой даланы. Езіп тастасам арманның бәрін аямай. Аяқ астына тасталған екен өзіңмен. Не керек маған енді армандау. Сезімнен безіндім міне, қарашы, тастай боп қаттым. Тек айтшы, қалай қиялдай алмай көз ілем….

9 responses »

  1. imanigul says:

    Мынауың тура қарасөзді өлең ғой!

  2. Abilakim says:

    Мұндайды ақ өлең деп атайды-ау деймін…

  3. Abilakim says:

    Керемет жазылған

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s