Өткенде МузАрттың концертіне барғанда дәлізде (холл) осы журналды сатып тұр екен. Мұқабасында МузАрт болған соң деп ойлап қойдым да бір данасын сатып алдық сіңлім екеуміз. Бағасы үш жүз  ақ теңге) Арзан деуге болады, өйткені журнал сапасы өте жақсы. Глянцевый журнал, парақтары аппақ, ұстасаң рахат енді.

 

 

Өркениетке жеттік ау әйтеуір) Айтпағым, есіме қазақша бір журналдар түсті, қағазы арзан, мағынасы таяз дегендей. Ал мынау өте сапалы дүние екен.

Енді ең басты жаңалық: журнал директоры кім? Өзім шокта болдым! Мейрамбек Беспаев! Мама дедім ғой. Онсыз ақ ұнап қалған журнал енді тіпті әдемі боп кеткен секілді. Өйткені өнерін қатты жақсы көрем, ал мына қыры тіпті керемет екен деп ойлап қойдым.

Сәуір айындағысы екен. Ішінде әрине МузАрттың он жылдық мерейтойына орай үштік “солисттердің” және эксМузАрттық Мақсат Базарбаевтың сұхбаты бар екен. Оның үстіне Лейла Сұлтанқызы,  Қыдырәлі Болманов, Құрмаш Мақанов секілді жұлдыздардың да сөхбаты бар. Ал өзіме ерекше ұнаған сұхбат: Жазира мен Жанболат атты жұлдызды жұптың әдемі, нәзік, махаббатқа толы сұхбаты.

Жалықтырмайтын, жаңа бір журналдың шыққаны қандай жақсы болды! Қуанып отырмын)

з.ы. ішінде әдемі бір жігіттің ұлттық стильде киінген фотосессиясы да бар екен.))))

5 responses »

  1. Өркен says:

    Иә, Астананың киоскілеріне түсіпті, алуға ерініп едім, ертең көрмесем осыдан

  2. balzaminka says:

    Өмір жасы ұзақ болса екен енді ол журналдың🙂

  3. фариза says:

    журналда, БОЛАТ ЖОЛДАСОВ туралы макала бар ма екен? ким биледи? болып жатса, хабарламаларынды осында калдыруларынды сураймын)))))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s