Түстерімді жек көрем!

Күні бойы зымырыап жүрген ойлардың бір екеуі ол жайлы болса, қалғаны мүлдем басқа тематикада болса да, нешінші түн екенін санаудан шаршадым, түсіме ол енеді. Кәдімгідей өңім секілді түстер. Оянып тұрып жыламаймын, ашуым келеді. Себебі, бұрын түстерім әдемі болатын. Қияли. Ұшып жүрем, жерге аяғым тимейтін, судың үстімен жүгіретінмін. Және түстерім қашанда позитивті болатын. Қазір кілең қараңғы түн, ол және мен, құбыжықтар. Бастырылып қала берем. Оның да себебін түсінер емеспін.

Өткен жолы көзімді ашып жатып бастырылып қалған секілді болдым. Келген жындар маған Жәмиля деп әндетіп, қинап жатты. Сұмырайлардың күлкісін ай! Мен де қалыспай қинап жатырмын, бірақ оларға батар емес. Түріме қарап тыржиып жатыр. Қорқып кеттім. Әрең дегенде сүрелерім есіме түсті. Сондай сәттерде еш бірі ойыма келмейді. Шатысып кете беремін. Аятуль Курси ең мықты екенін білемін. Ұйқы алдынан оқып жатсам да, қинала берем. Сыры неде екен…

Жамиля деп неге айтты маған олар деген ой да маза берер емес. Ең қызығы, мен өзімді Жамиля екенімді сезіндім. Рас деп қабылдадым.

Түстерімді жек көрем. Түнді жек көрем. Түс көрмейтіндей болсам екен деп армандаймын…..

16 responses »

  1. balzaminka says:

    Айжан, негізі поза ауыстырған дұрыс болар, а? Сондай-ақ, өзіміздің ырымдарға салып, төсекті аластап жіберсең ше? Сосын, эфир майларынан аромалампа жасасаң көп көмек болады, өз басымнан өткен. Болмаса, жақында жолға шығамын деп едің, сол кезде бәрі қалпына келер деп үміттенемін. Ұйқы тыныш әрі қанық болмаса жүйкеге күш түсе береді емес пе, сонысы жаман😦

  2. Менің бір досым сіз сияқты жиі бастырылады. Ол жастығының астына пышақ қойып жатады. Бөлмені, төсекті адыраспан, болмаса, сіріңкемен аластағанның зияны жоқ.

  3. erkerai says:

    Менде көп түс көре беремін. Жақсы түстер болса игі еді, қиналып шығамын. Басыма нан қойып жаттым. Түнде, жатар алдында аятүл күрсісін, фатиха сүресін оқып жатамын. Қазақшылыққа салынып, оқытылсам ба деймін, білмеймін.

  4. Жалпы түс үш түрлі болады: Рахмани, Шайтани, Адамның іштей өз-өзімен сөйлесу түстері. Көбінесе Рахмани түстер таң алдында көрінеді. Ал шайтани түстерді адам жүрек жағы басылып ұйықтағанда, дұғасыз жатқанда көреді. Ғұламалар ұйқыны “жартылай өлім”-деген. Түс көруді тоқтату біздің еркіміздегі іс емес. Тек жаман түс көрмей, жақсы түс көрудің амалдарын ғана жасай аламыз. Алла сізге рахмани түстер көруге жәрдем берсін – демекпін.

  5. Жақсылыққа ұмтылып, жаңару үшін де, жаман түс көрген пайдалы дейді… бір жаңалық, жақсы жаңалық келе жатыр деп сен… айтпақшы… мамаңа айт, өзіңе ұнамаааай, нервыңе тиіп жүрген бір киімдеріңді жағып сені аластасын. Жаманшылықты алып кетеді дейді. Осыған өзім сенем.

  6. Ағатай says:

    Оң жағыңмен жатқан дұрыс болатын шығар. Сосын Адыраспанмен аластау – жындарды қашырады деп еститін едік.

  7. aizhannur says:

    kop rahmet barlyktarynyzga :)))
    Adyraspannyn iisin jaksyyyy korem, bala kezimdi eske salady. Onyn ustine, adyraspan wobindegi efir mailary auadagy koptegen bakteriyalar men mikrobtardy oltiredi eken!
    Mumkin rasymen alastau kerek wygar…

  8. Сенде стресс болып жүр ғой, сондықтан қорқынышты түстер кіреді. Менің де басымнан өткен бұл жағдай. Уақыт өте келе қояды.

  9. Кәусар says:

    Үйді дұрыстап аластап алыңыз, есіктерді пышақпен тіліп алған да артық етпейді. Кешкісін қорқынышты, жаман, депрессивті кинолар көрмеген жөн. Оң жағыңызбен “бисмиллахи рахмани рахим” жатсаңыз бәрі жақсы болады. Өзім осылай жасаймын.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s