Жылайды біреу, мен үшін тағы қайғырып!

тұрмайды қайғым бір тамшы жасты, ардақтым!

Бәрі де аман, өзімнен қалдым айрылып…

Орнына бірақ ертеңге ашық жол таптым.

Қуаныш деген бір сәттік қана мақтаныш

қалған сағаттар сарғайған сары уайым

Сүмірейген көңіл жасап алыпты жоқтан күш.

Жылама енді, жалынып тұрып сұраймын…

Қанатсыз болсам, жаяу да бақыт табылар.

Керегі қанша бұйырмай қойған аспанның?

Әр бір тамшыңның тұзды болса да, жаны бар

Жанын жаралап, бекерге оны шашпағын.

жылайды біреу мен үшін тағы қайғырып.

Өзім де соған қосылар едім, тек міне

Өзіммен қоса жасымнан жүрмін айрылып

Құрғыр жастар да ізінен еріп кетті ме?

6 responses »

  1. qisyq says:

    Сенің өлеңдеріңдегі тапқырлық қатты ұнайды маған. Афоризм болатын сөйлемдер өріп жүр. Сосын сондай нақты, сондай шынайы… Рахмет.

  2. Жылама жаным өтініп тұрып сұраймын….
    сен осыны тура маған айтып жатқандай әсер етті…. жыламаймыз, тұзды болса да бір тамшының сұрауы бар….
    Қисықтың айтқанына қосылам рахмет Айжаннұр!

  3. Ағатай says:

    Қатты ұнап отыр………

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s