Өткендегі жанайқайлы жазуыма жауап көп болды) Рахмет, тірек болғандарың үшін. Ондай сәттер өте ауыр екені рас. Қыз болғаным соң өзім жалғыз көтере алмай қалар ем. Ең қиыны алғашқы екі түн, қалғаны ауыр емес екен))

Сонымен, төрт жарым жыл бекер кетті ме? Мүмкін, біреулер солай ойлар, бірақ менің көзқарасым бөлектеу. Неге? Төменде жазып өтейін.

Алдымен, мен сабырлыққа үйрендім. Шыдау дегенді білмейтін бала боп өстім. Дәл қазір алып бермесе, аспанды жерге түсіріп, айқайлап өстім. Керегім бір сөзден соң ақ алдыма келетін. Еркелік. Бұл мінез бойтүзеген соң да қалмады. Күту дегенді жек көретінмін. Бірақ АЛЛАның сыны болар құлай сүйген ғашығымды үш жыл күттім. Оқуын тамамдасын деп. Сабырлы болу дегеннің не екенін осыдан ұқтым.

Екінші, адал болуды үйрендім. Сүйгеніңе адал болу қиын емес қой, бірақ бәрінің қолынан келмейтін нәрсе екен. Осы бір сөзді толық ұқтым дей аламын. Рухани, физикалық адалдықты үйретті маған осы төрт жарым жыл.

Үшінші, сүйіктіңнің сүйіктісі болудың не екені сезіндім. Ол мені сүйді, мен оны, расымен махаббаттың дәмін татқан бақыттылардың бірімін.

Төртінші, бұл сезім өзге жайлы ойлап, қайғыруды, өзгенің өміріне де жауапты екенімді, бақытына жауапты екенімді түсіндірді. Құр ғана сүйем деу оңай, бірақ сол сөзді сезіну, қабылдау үшін көп нәрсені үйрену керек екен.

Бесінші, ол мені имандылыққа үйретті. Кешірімділікке, кішіпейілділікке үйретті.

Бекер болған жоқ. Жалпы, кейде бір күнге ғана жолыққан адам адам көңілінде, өмірінде із қалдырып кетеді. Ал осыншама ұзақ уақыт бойы жанымда болған, керек кезінде демеген, қиналғанымда жасымды сүрткен, қуанғанымда шаттығымды арттырған адам мені жаман қылған жоқ. Менің өмірімдегі оның, оның өмірімдегі менің миссиям бітті. Оған өкпем де жоқ, бүгіннен бастап өкініш те жоқ)) Қайта, алғыс бар. Алғашқы махаббатым жауапты болды, әдемі болды, иманды және адамгершілігі мол жігітке жолықтым, бастысы бассыздыққа жетелемеген махаббат болды) Соған Құдайға шүкір.

6 responses »

  1. Kaldykyz says:

    Мен сүйіктімнен ұлтшылдықты үйрендім, уақытты бағалауды үйрендім.
    Бірақ бәрібір қосыла алмадық, қосылмағаныма өкінбеймін, өйткені оның бақытты болғанын қалаймын кіммен қайда болса да🙂

  2. 12aikon1986 says:

    Иа, айтады ғой сен ол адамды ұмытуың мүмкін, бірақ сол адаммен болған сезімді, көңіл-күйіңді ешқашан ұмытпайсың деп. Дегенмен, саған ол кісі тек жақсы жақтарымен есіңде қалыпты. Бәріне “сабыр” деген дұрыс екен!.

  3. қанша дегенмен қия алмай қиналып журген сияқтысың ғой, жамандыққа қимай бар жақсысын тізіп жазасың, шын сүйген көңілге ештеңе кедергі емес… бір түрлі екен, жазбаларың жаным жанымға толы қайғысыз еді, енді айрылысу туралы жазып журсін. кудай акырын берсін.
    маған ол қайтіп келетін секілді саған,татуласатын сияқтысыңдар….)))))

    • aizhannur says:

      jan, jaksysyn asyryp, jamanyn jasyrgan turim goi. Bulda egoizm turi. Oilawy, men ony jamandap jazyp tastasam, sosyn ozimdi jek kormeimin be, sonwama jaman adammen tort jarym jyl omirimdi kurttym dep! Al pozitivti oilap, jaksysysn jazsam, demek kur beker otpegeni uakyttyn, demek men supermega akyldymyn :)))
      Barinen de ozimdi jaksy korem. Egoistka :))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s