Осыдан екі жыл бұрын төмендегімді басқа блогке жазған едім. Осындай күйді қазір де кешіп отырмын. (( Сол себеп кептеліс – 2…

Негізі, соңғы уақытта ойымды жеткізе алмай жүрген секілдімін. Жұрттың көңілін ойлап, ішімде қалып қоя береді.

Ақ қанат ұшақ менің ақ көңіл бақытымды ұшырып алып барады. Жерде қалған менде соңынан қол бұлғап қалуға да мүмкіндік жоқ. Іштей “Жолың болсын” деп, сәтті сапар тілеу ғана қолымнан келеді. Қалғаны бос қиял. Иллюзия. Айт, айтпа, тіпті жаным шыққанша айқаласам да, кімге нені дәлелдеймін? Өтім жарылып кетсе де, өзгеретін еш нәрсе жоқ. Осындайда бір ессіздік жасағым келеді. Бәрібір қандай. Әйтеуір жанымды мүлдем басқа сезімнің жаңа толқыны жұтып қойса болды. Бірақ, соның өзі қолымнан келмейді. Не деген қауқарсыздық. Не деген әлсіздік. Ал ең дұрысы НЕ ДЕГЕН ҚОРҚАҚТЫҚ!!! Бір рет, кем дегенде бір рет өзіме жат қылық жасасам ғой. Бірақ болмайды. Артымда меннен күнделікті үлгі алып келе жатқан кішкентайлар бар, алдымда маған үмітін жалғап отырған әке-шешем бар, одан қалса, бұрыс қадам жасағанымды асыға күтіп жүрген жауларым бар. Ашуымды ойыншық қонжықтан алып, өз өзіме басу айтып отырған түрім осы. Мұндайда ешкімнің сөзі өтпейтіні анық. Қаным қайнап, жүрегімде жанартау атқылап жатыр. Әрі қарай ойлауға, ағам айтпақшы “анализ жасауға” еш ниетім жоқ. Кептеліс…
Ал ақ қанат ұшақтың ішіндегі жайлы креслосында ақ көңіл бақытым ақ түстер көріп жатырған шығар. Оның түсінде мен жоқпын, есінде болсам, шүкір.

3 responses »

  1. мҮМКІН ОЛАРДЫҢ ТҮСІНДЕ ЖОҚПЫЗ, БІРАҚ БІЗ ТУРАЛЫ БІР БЕЙМАЗА ОЙ БАРЫ АНЫҚ. КЕПТЕЛМЕ, КЕПТЕЛІС ЕҢ ЖАМАНЫ ҒОЙ.

  2. 12aikon1986 says:

    Бұндай кездерде жылап алам, ешкімге көрсетпей жылап кәдімгідей жеңілдеп қалам. Уайымдама жан, бәрі жақсы болады.

  3. Ағатай says:

    Несіне қорқасың ойбай! Баса бермейсің бе? Өмір бір рет келед. Екінші қайтып келмейсің. Қолыңнан келсе қонышынан басып қал. Кейін өкінесің

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s