Интернетті не көп, орысша жазылған тегін рефераттар көп. Қазақша бір нәрсе іздесең, таппайсың.Шүкір, әдеби шығармалар жеткілікті. Ал ғылыми демей ақ қояйын, кәдімгі рефераттар, курстық жұмыстар мүлдем жоқ. Тегіндерін айтам. Ақшаға сататын сайттар көптен көп.

Мүмкін, студент ізденіп жазсын, оқысын деп шықпай жатқан шығар, а?)))

Менімше осы бір “пробелды” толтыру керек секілді. Оқитын адам, оқиды ғой. Дайын рефератқа жаман көзбен қарап, кішкене Маржаным айтпақшы “фу, кака!” деп қарауға болмайды.

Әрине, біреулер мұндай еңбексіз алынған “баға” студенттерге, оқушыларға кері әсерін тигізеді дейді ғой. Бірақ, ойлап қарасақ, негізінде сол бір рефераттар кереметтей бір ғылым көзі де емес, сатып алып, мұғалімге ұстата салады.

Әрі ойланып, бері ойланып, мүмкін рефераттар базасын құрсақ қайтеді екен деп сұрағым кеп тұр? Қалай ойлайсыздар? Әлде бұл “медвежья услуга” болады ма?

Сосын менде тағы бір сұрақ бар: интернетте қазақ жазущылары мен ақындарының шығармалары тұр, ол авторлық құқықты бұзу болмаушы ма еді? Кіммен келісіліп, кімнен рұқсат алу керек екен?

неге сұрадым? Кейбір ғылыми кітаптарды сканерден өткізіп, жүктеп қойсам, басыма біреу тоқ етер ме екен дегенім ғой))))))

Шүкір, керек деген кітабымды дүкеннен әкем сатып алып беріп жатыр, бірақ қаншама студенттердің қалтасы көтермейді (кейде бес алты мың тұратын оқулықтар кездеседі), ал электрондық нұсқасы керемет көмекші болар еді деп ойлаймын.

кім не біледі? Бөлісе кетіңіздерші, өтініш!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s