Топ ондықтарды жақсы көрем. Арнайы айдар аштым сол себеп. Бүгін ер адам бойында болуға міндетті деген (менің ойымша) он ең жақсы деген (мүмкін біреулерге жаман) қасиеттер жайлы жазып кетем.

  1. Ер адам бойында міндетті түрде ержүректік, батырлық болу керек. Кішкентай болса да ерлікке бата алатын жігіт қана нағыз жігіт, имхо.

  2. Адалдық. Сөзіне, ісіне, міндетті түрде сүйіктісіне, Отанына дегендей. Бұл болмаса ер адам ер адам емес ау.

  3. Жомарттық. Сараңдарды жақсы көрмеймін. Мен үшін сараң жігіт ешқашан супермега қадам жасай алмайды. Ақшасын аясын, күшін аясын, уақытын аясын, мәселе онда емес, бастысы кең еместігінде.

  4. Ақкөңілділік. Ақкөңіл, арамдықтан аулақ, таза жігіттердің ерекше аурасы болатын секілді. Ондайлармен кез келген әңгіме жарасып, ісің түссе де оң шешім табылатын секілді.

  5. Салмақты. Ер адам тура бір қамал секілді болу керек. Физикалық жағынан емес, рухани жағынан. Қиын қыстау заманда езіліп қалмайтын, жігерлі, оған қоса төзімді болса супер ғой.

  6. Ақылды. Ең тартымды дүние ақылдылық. Аузына қарап: “Мама, не деген ақылды! Бәрін біледі екен ау!” деген ой тудыра алатын жігіт нағыз “мачо”.

  7. Ұқыпты. Кір аяқ киім, машинасы кір болса (мұнда кез келген көлік түрі, тіпті әйгілі “ходисам” да жатады)), лас және салақ жігіт көздің жауын алмайды.

  8. Мейірбан (сентименталды). Жаны ашитын, сантимент деген не сөз демейтін, мейірімділікті сезетін және білдіре алатын болу керек.

  9. Беделді. Бұл деген өзін тыңдата алатын, өзім ақ бағынғым кеп тұратын болу керек. Әрине ауыр сөз бен таяқ астына алып тыңдатқандар бұлардың қатарына жатпайды. (Авторитет болу керек қой қысқасы).

  10. Балажан. Сәби дегенде ішкен асы жерде болса, бала деген ықыласы таза, көңілі ардайым ашық болса, баламен бала боп кетуден ұялмайтын қасиеті бар жігіт нағыз жігіт деп ойлаймын.

Тізімді тізе беруге болады әрине. Арманға шек жоқ қой. Идеалды адам жоқ екенін ескерсек, кемінде осы қасиеттерге ие жігіт өзін идеал санауына әбден болатын секілді.

ӘР бір қыздың талабы бөлек. Біреуге материалдық жетістіктері артық болуы мүмкін, біреу рухани байлығын бағалайды, тағы біреу сырт келбетіне аса көңіл бөледі. Талғамға талас жоқ әрине.

Бірақ, бәрін айт та бірін айт демекші, имандылығы бар жігіттің бойында осы қасиеттер де, өзге де керемет қасиеттер де кездеседі деп ойлаймын.)

 

13 responses »

  1. Bala Burgem says:

    Жақсы жазыпсың… Рахмет…

  2. 12aikon1986 says:

    Ең бірінші жігіттерден “жігіттік”, қасиетті іздейм сеніңше “ержүректік”. Ез жігіттерді ұнатпаймын.

  3. Іздегеніңізді табыңыз. Жалпы, барлық қыздар іздегенін тапсын.

  4. Ақзере says:

    Осылай таңдааап жүре беруге де болмайды ғой.🙂 Осыншама жақсы қасиеттерге ие жігіттер жоқ емес, бар, бірақ ондай аз. Жігіт ақылды, саналы болса екінші адамының да көңіліне жағуға тырысады деп ойлаймын. Ержүрек болғанымен ол қызғаншақ болуы мүмкін. Адал болғанымен сараң болуы мүмкін. Мейірбан болғанымен салмақытылықтан жұрдай… сөйтіп кете береді. Идеал адам бәрібір жоқ. )

  5. Ағатай says:

    Еее, солай де. Интересно, очень. )

  6. Gastarbaiter says:

    Ақзереге қосыламын. Кез келген қасиеттің побочный эффекті болады.
    Және ең алдымен өзіңе қандай жақсы қасиет керек екенін емес, қандай жағымсыз қасиеттерді кешіре алатыныңды жазғаның жақсы.
    Әйтпесе осындай бір идеалды суреттеп алып, жоқ нәрсеге тамсанып, реалдан алшақтай бересің. Немесе қарапайым жігітке осындай қасиеттерді бойына таңып, соған өтірік ғашық боласың. Кейін оның бойында осы қасиеттердің жоғын біліп, бармағыңды шайнайсың.
    Жігіттердің арасынан тәуірін іздесең, талабыңды емес, не ұсына алатыныңды бірінші жаз.
    Және ең алдымен өзіңе қандай жақсы қасиет керек екенін емес, қандай жағымсыз қасиеттерді кешіре алатыныңды жазғаның жақсы.

  7. Қосақ says:

    Жігіттерді “идеал” қылу – қыздардың өз қолында емес пе. Ертең тұрмысқа шыққанда, жігітің “идеальный” болып шыға келеді, жағымсыз қасиетін де кешіре аласың.

  8. Кәусар says:

    М-да, бастысы үш намысын қорғай алса…. сосын аздап көңілді жігіт болғаны жақсы. Тым прикольщик емес, бірақ орнымен күлдіріп, орнымен әзіл айта алатын. Әйтпесе, тым салмақты адам ішіңді пыстырып жібереді.😦

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s