Ойбай, Елбасымыз хиджабқа қарсы деп қаншама адам шулады десеңізші. Қап! Не деген трагедия, не деген сұмдық!

Шынында бәрі де бір қарағандағыдай жаман емес қой. Жоқ жерден шу шығарып, тура “ менің атым Кхандағы” бір сәт секілді, естеріңізде ме, мешітте отырып дәріс оқып отырған профессор алдындағы жастарды “дизинформациялап” жатыр еді ғой. Сол бір “қате сөйлеген” адам секілді көп мұсылман қыздар мен жігіттер пікір айтып, аспанды жерге түсіріп жатты.

Хиджапты салтымызда жоқ деу шындық, оның орнында әдемі орамал, жарасымды кимешек бар емес пе? Айтыңызшы, қай мұсылман қыз кимешек киер еді? Бірең сараңы табыларына да күмәнім бар. Орамалға қарсы емеспін, орау стиліне қарсымын десем түсінер ме екен. Әлде мені де сол бір “кәпір” қатарына қосып жіберер ме екен.

Бүрмелі көйлек, ұзын жең, кимешек ки десең, жындысың ба дейтіндер бар. Несі жаман? Ол да хиджап қой) Әлде тек түріктер мен арабтардың таққан орамалы ғана хиджапқа жата ма?

Барлық проблема еліктеуде деп білем. Имандылықтың сыртқы көріністерінен бөлек, рухани, шын имандылық қайда?

Осы тақырып расында өте ауыр. Жаның ашиды. Аяғына калош киген, қысқа балақты шалбар, түріне қарасаң адам шошитын кейіпте жүрген жігіттерді көргенде не дерімді білмеймін. Солай болса ғана шын мұсылман болады деп айтып жүргендері қаншама.

Оқымысты, исламды тек дін емес, терең және өте күрделі ғылым деп білетін, егжей-тегжейін білген, астарын түсінген имамдардың жоқтығы, ұлттық ерекшелігімізді сақтап қалуға мүдделі адамдардың жоқтығы, соқыр фанатизмге берілгендердің, керісінше, көптігі қоғамда осыншама негативті шу тудырды.

Қашанға дейін бұлай болады?

Қазақтар бұрын мәңгүрттер (орыстанғандар, шалақазақтар) және ауыл қазақтары (мамбеттер, шынайы қазақтар, ұлтшылдар) болып бөлініп жүретін еді, енді тағы да бөлінді: мұсылмандар мен кәпірлер (религиозно не практичные мусульмане не болмаса).

Бір ел болу үшін бірлік керек екені белгілі ғой. Бірақ арамызда “профессорлар” секілді адамдар бар болса, жоқ жерде шу шығарып, бүлікке дайын “мұсылмандар” (шын мәнінде мұсылман деуге қиын ғой) барда ауызбіршілік туралы сөз айту қиын.

Имандылық киімде емес, сақалда емес, орамалда да емес, имандылық жүректе, адамгершілікте, сыйластық пен махаббатта.

About these ads

15 responses »

  1. meirzhan says:

    Қазақтың хиджабы кимешек десек, онда кимешек кию керек. Ал кимешек кимесе, онда хиджаб.

    • aizhannur says:

      kimeidi kimewekti ewkim! ol otken kun deitinder bar, ol islamga jat deitinder de tabylady. Bauyrsakty solai dep jatyr goi talaiy!
      Masele tagy aitam wek kouda, elbasynyn sozinde de emes, masele bulik wygaruda, araz kylyp,kazakty kazakka waptyryp kouda. Terenirek unilu kerek

      • meirzhan says:

        Хиджаб мәселесіне келгенде ұлтшыл, дәстүршіл бола қалатындарды түсінбеймін. Әсіресе қазақша білмейтіндерді, “у нас такого не было” деп шыға келеді. Бейнебір салт-дәстүрдің бәрін сақтап жүргендей сөйлейді. Егер шын ұлтшыл болса ортағасыр-жаңа заман қазақтарының үлгісімен өмір сүрсін.

  2. Kaldykyz says:

    жaным, ойымыз 1 eкeн! aрaбтaрдын киiмi жaйлы жaкын кундe шыгaтын тaкырыбымдa кыскaшa токтaлып отпeкпiн.

  3. Ағатай says:

    Вообще әр адам жасына сай өмір сүру керек. Жасы жетпей қауға сақал қоятындарды да суқаным сүймейді…

  4. tagdir says:

    Ау, неге әйел кимес кимешекті?!
    Шешіп жатқан жоқпыз ғой қиын есепті.
    Салт-дәстүрден бейхабар болатындай,
    Асырап отырмыз ба, үйде ЕСЕКТІ!??

  5. balzhan says:

    “Имандылық киімде емес, сақалда емес, орамалда да емес, имандылық жүректе, адамгершілікте, сыйластық пен махаббатта.”
    ООО! мен осымен қосыламын!

  6. balgyrgan says:

    офтоп: блогыңның “киімі” күшті екен… қатты ұнап отыр :)

  7. Осы пікір жазған қыздар кимешек киіп шығып (әрине, жас қызға жарасымды қылып тігіп, ою бастырып), қоғамда бір резонанс тудырсыншы! Қазақтығы қанында қайнап тұрса…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s