Мереке өтті кетті, естелік болып сыйлықтар қалды)

Әрине, қалтам біраз қалыңдап қалды, дүкенді кеттік қой аралап. Керегімнің бәрін алдым десем болады. Қалғаны тек эфир майлары және алмонд (миндаль) майы. Оны ағам, АЛЛА жазса, алып берем деді. Удай өзі. ))

Ол біріншіден. Ал екіншіден қонжықтарымның қатары тағы бір томпиғанға толды. Тедди аюларын жақсы көрем. Енді олар төрт ағайынды) Ал жалпы тек қонжықтың  7 данасы сіңлім екеуміздің бөлменің иелері. Бала емеспін ғой ойыншық ойнайтын, бірақ қатты жақсы көрем, тіпті ойыншық кірпім де бар. Бала бақша ашсам болады, кемінде ойыншық мәселе болмас)))

(мынандай аю, суретті неттен алдым)))

Ендігі мереке керемет болайын деп тұр. Ол -15 көкек! Алдымен, бұл маған өте жақын бір адамның туылған күні. Ерекше күн. Соған қоса, ол ғашықтар күні, өзіміздің, қазақ ғашықтарының. Оны есімнен шығарып алғам, папам айтты. 14 ақпанда сүйіктім келіп кешкісін, сыйлық сыйлауға есік алдына шығартып алған еді. Қараңғыда есіктің алдына да жібере қоймайды әкем, бірақ мені аяған болар, бара ғой деді. Мамамнан сұрапты сол күні, не тойлап жүр бұлар деп. Мамам бүгін анау әулие Валентиннің күні ғой, сол болар депті. Кейін папам, бастысы көкектегі ғашықтар күнін ұмытпасын, басқасын қойып депті.))) Сол, сондай қызық болды. Менің әкем өте салмақты, қатал және ескі көзқарастағы адам (салт дәстүр мен өз мерекелерімізді қатты жақсы көреді, қыз балаға 40 үйден тыю деп сіңлім екеумізді қатты ұстайды), сол себеп ол мерекені біледі деп ойламағам. Жақсы болды, оны да тойлайтын болдық, анығы бұдан былай соны тойлаймыз)))

Мереке деген жақсы. Көңіл күй көтеріліп, мәз боп қалам.

З.ы. Күтпеген адамнан құттықтау алған бәрінен жақсы екен, тосын сый деп осыны айт))))

 

5 responses »

  1. осы 8-наурыз тым ерекше отті, куткен адамдарым куттыктап, 7 тенге туратын 1 смс жазбады, кутпеген адамдарым кайта кайта келіп куттыктап “канды ішті”,
    мен де саган ойыншык сыйлаймын

  2. 12aikon1986 says:

    Бір кісіден тек смс алдым…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s