Осу өткенде Қалдықыз құрбымның “мен жазбаймын блогты ермек үшін” атты энтриін оқып, расында осы блог не үшін, кім үшін, мақсаты не деп ойландырып тастады. )

Алдымен, уордпресске мен бір танысым арқылы келдім. Бір сайтта бас тартып, кетіп қалғам, блогымды да жауып тастадым, сол бір құрбым осы уордпрессті айтты (Аружан, қалайсың?).

Блог мен үшін көңіл күйімнің индикаторы. Менің жеке әлемім. Менің ішкі дүниемнің айнасы. Не толқытса, жанымды қинаса, қуантса осы блог көтереді бәрін де. Әрине, эгоистпін.)))

Менің екі блогым да адамдарға супер пайдалы (Асхат ағайдікі секілді), қызықты (Өркен мырзанікі секілд), анюжуал (Қисық қайнымдікі секілді) және т.с.с емес.

Менің блогым газет-журналдың соңғы парақшалары секілді. Жеңіл желпі, анекдот пен “типа пайдалы кеңес”, махаббат тәлкегі сияқты мәліметтер жинақталған “аутсайдер”.

Өзім мүлем саясаттан тыс адаммын, оған қоса ауыр, әлеуметтік маңызды тақырыптарды оқығанды, қозғағанды жақсы көрмейм, сол себеп осындай “ауырдың астымен, жеңілдің үстімен” жүрмін.

Жуырда “БлогКэмп” болады. Алматылық блоггерлерге қызығамын. ( Қалдықыз, Айкона, Балдырған, Мейіргүл, Розатай, Гүлжайнаттарды көріп, танысқым ақ келген алдымен))), Жиын күшті өтетін шығар. Негізі, бізде мұндай ивенттер аз ғой. Астанада мүлдем жоқ. Келесі жылы бізде өтсе екен деп армандап қоямын. Бұйырса, белсенді деген қатысушылардың қатарынан табылып қалам ау деп ойлап қоямын.

Блог бастадым деп өкінбеймін (анда санда тым ашылып, жазбамнан ішкі дүнием толығымен көрініп қойды ау деп уайымдайм). Бірақ, виртуалды болса да, соншама соулмэйттерді тапқаныма қуаныштымын.)))

Мен сендерді жақсы көрем)))

17 responses »

  1. jansezim says:

    Салем! осы екеуміздің мінезіміз ұқсайтын сияқты. Блогыма қонаққа келгеніңе рахмет! Алдағы уақытта сені үзбей оқып тұратын боламын.)))) Танысқаныма қуаныштымын.

  2. balzhan says:

    Айжаннұр, сенің блогыңдағы маған ұнайтын жерін айтайынба? Сұлу болу үшін киім мен косметика, шүрім-бүрімдердің маңаздылығы бар әрине, бірақ, ең бастысы көңіл-күйде екенін айтасың да. Ваще мен сенің блогыңды жақсы көремін.

  3. balzhan says:

    Сәттілік тілеймін!

  4. Мен сені то аннан, то мыннан коріп журемін, екі алемнін де иесі озін екенсін гой….
    мен сені алі бір отырысына баруга уакыт таба алмай журген
    блогкэмпке барганда корем деп мәәәз боп журсем, алыста екенсін гой. нешауа кездесерміз кудай берсе

  5. tentek Shokpar says:

    боже дизайн өзгертші плз))) түк оқи алмай, көз аурып кетті😦

  6. 12aikon1986 says:

    Жан, блогыңмен дос болғалы біраз уақыт өтіпті🙂 Кеңестеріңе көп рақмет (білесің ғой)! кездессек болар еді.

  7. qisyq says:

    Құдай бере салған!

  8. Блогымды жиі жаңарту және өзге блогтарға коммент қалдыру жағынан шебер болмасам да, менің атымды атағаныңа раахмееет! Қуанып қалдым ғой! Алл қаласа, блог құрылтайда жүздесеміз! Пашему-та мен сені Айконаның блогымен шатастырып ала беремін🙂

    • aizhannur says:

      :))) okasy jok, igiligine, u r welcome, ne za 4to degen sozderdi tizip tastaiyn :))

      Aikona ekeumiz attaspyz jane ol menin kurbym, ekeumiz de tarazymyz jane ekeumizdin de tarazymen romanyzmyz ali bitpei jur :)) sol sebep navernoe😀

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s