Алдымда мереке жақындап келе жатыр. Жоқ, 23 ақпан емес) Сүйіктімнің туылған күні. Бір ай болды ” не сыйласам екен” деп бас қатырып жүргеніме.

Кітап сыйлайын десем, тым қарапайым және ол туылғаны күнісіз – ақ сатып ала береді. Мен алған кітапты оқып қойған болса ше деп те ойлаймын.

Әтір, иіс су сыйлыққа жарамайды. Жалпы косметика сыйлаудан аулақпын. Маған ұнайтын әтірді сатып алған екен, соны қолданып жүр. Оның өзі маған ұнағаны үшін.

Галстук, белбеу, көйлек, джемпер сыйласам ба екен деп жүрмін. Көңілінен шықпаса ше деп те қорқам. Осындай сыйлықтар “носки” қатарына жататын секілді. Ондайды жігіттер ұнатпайды дейді бір журналда. (тура блондинка секілді))) ).

Осыдан өзгеге не басым жетпейді, не ақшам жетпейді. (((

Сонымен, қыздар мен жігіттер (әсіресе жігіттер) , туылған күнге қандай сыйлық алған жақсы?

 

18 responses »

  1. qisyq says:

    Өзім туралы айтайын:)
    “Галстук, белбеу, көйлек, джемпер” – негізі жаман идея емес. Өз басым жақсы киімге қатты қуанып қаламын. Ағам практик болса, сувенир, ыш-пыш бірдеңе сыйламаған жөн, оны өз басымнан білемін. Темекі тұтатқыш, сигара, портмоне секілді ерлердің аксесуарлары да жаман болмас, егер қажет болып жатса.
    Немесе кішкентай ғана сыйлық жасап, негізінен әдемі бір мереке ұйымдастырып берсең болады.

    • aizhannur says:

      ағаң страшный практик. ))) Сувенир, безделушки ради души дегенді ұқпайды))
      темекі тарпайды, партмонесі бар, бірақ жақсы ой екен)
      Жақсы киімді жақсы көреді, онда жақсы бренді галстук болса көрейінші, мүмкін қуанып қалар)))

  2. 12aikon1986 says:

    Жігіттер қауымы қыздар қолынан жасап берген заттарды да ұнатады деп естігем. Беторамал өзің кестелеп тіккен не белбеу немесе жейде (рубашка) ашық түстері.

  3. balzhan says:

    Егер жігітің кітап оқығанды жақсы көрсе, электронды кітап оқу құралын силасаңшы. Ішіне 5000 ға жуық кітап жүктеуге болады. Ол енді памятіне қарай. Сламағы жеңіл, жіңішке, көлемі кітаптікіндей, көзді қорғайтын арнайы экраны бар.

  4. balzhan says:

    Электронды кітап оқу құралы көп жерде жоқ. Бірақ табуға болады. Мен өзім Алматыдағы ЦУМ-нан көрдім. Өзім армандап жүрмін соны. кез келген жерде отырып оқи бересің. Интернеттен скачать етіп алуға да болады.

  5. Ақзере says:

    Бір қыз жігітіне документница сыйладым дейді. Ол не пәле тағы деп түсінбей қалдым. Сөйтсем, жүргізуші куләгін, визитка, удостов. салатын сондай арнайы портмоне сияқты бар екен ғой. Маған сол идея ұнап қалды. Болашақта есте боларлық дүние екен ))

  6. Осыдан өзгеге не басым жетпейді, не ақшам жетпейді. ((( ой ішегім-ай мынаны оқып олгенше куліппін го бар кабинетті басыма котеріп, барі карайды маган))))))))))
    егер унап, коніліне конып жатса дегеним го просто …….. әйел бақыты гулі мен еркек бакыты гулін алган дурыс ырымдап, айел бакыты гулі сенде, еркек бакыты гулі онда болады, сосын екеуін катар койса айел бакыты -ак гул, еркек бакыты -кызыл гул шыгарып, тура, жайнап тұрады. бакытка, жасылыкка және ОТБАСЫ БАКЫТЫ МЕН БІРЛІГІНЕ ТІЛЕКШІ деп ырымдайды гул жайын білетіндер. Менд сенем)))
    мен солай жасагам. еркек бакыты гулі аса кутім кажет етпейді, су куйсанда риза, куймасанда риза, конешна ол жігіт гулді кутіп жарытпайды го, за то карындасы сол менін подаркамнан кейін уйіне гул осіретін бопты. ал ол жігіт дәәәәән риза боп жур алі кунге дейін))))

  7. Ертең…. бұйырса, күндердің бір күні… жанұя құрып, толықтай бір-біріңізге сіңісіп кеткен кездеріңізде галстукте, туфлиде, әтір-мәтір, труси-майкы дегендерді туған күнсіз-ақ, алып беретін боласың ;)))
    Ал қазыр, жанып тұрған махаббатты суреттейтіндей сыйлық алып бер, болашаққа да естелік болсын…

  8. arsenal777 says:

    кітаптардың арасында да өөте қымбат, подарочный варианттар бар🙂

  9. vkototy says:

    Жігітіңнің суретін фотомонтаждап, “по вкусу” әрлеп, әдемі фоторамаға салып, сыйлауға да болатын шығар, кім білед енді… біздікі просты айтқан.

  10. Abilakim says:

    Бағалы сыйлықтардың бірі кітап екені даусыз. Егер машинасы болса таныс МАИ қызметкеріне ұстатып, туған күнімен құттықтат.Жергілікті телеарнадан, радиодан құттықта.
    ақшасын төлесең бәрін істеуге болады.қаланың бір жеріне бильборд ілгізтуіңе де болады.1 күнге.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s