Қазақ романтичный халық па осы?

Романтичный болғанда қандай дегім ақ келеді, ақындарымыздың керемет махаббат жайлы өлеңдерін оқығанда.

Қайдағы романтика, тойдан соң: “Қатыыын, шай бер!” дейтіндерді естігенде :)))

бергеніне шүкір де деп әкем үйретеді ылғи. Шүкір деймін де, бірақ кейде бір ессіздік жасайтын, күнделікті өмірде кездесе бермейтін бір әрекет жасайтын адамның жоқ болғаны, анығы адам бар, бірақ сол адамнан ондай шықпайды.

Бір досым бар, сол баяғы жалғыз досым, сондай романтик жігіт. Өткенде сүйгеніне өзі басқа қалада болса да, керемет раушан гүлдерінің шоғырын сыйлады. Мәселе гүлде емес, тіпті оның санында емес, бар болғаны досымның әрекетін айтам!

Махаббатты (сезіміңді) білдіре білудің өзі өнер екен. Біздің жұпта мен ужас романтикпін (арнап өлең жазу деген секілді), ал ол болса, қысқасы прагматик.  Мен сені сүйем, сені мені сүйесің, одан артық не керек дейді. Керек екен. Көп емес, бір екі тамшы романтизм🙂

Ашық айтсам, ренжиді, тап бар романтикті деп бұртиып алады, айтпасам, өзім жанып барам.🙂 Шыдауға болады ғой, “приоритеттерді дұрыс анықтап алу” керек, бастысы аман болсын, жанымда болсын деп тілеймін, бірақ кейдеееееее…..

 

мынау мен секілді қыз екен ))))))))))))))

 

7 responses »

  1. Ал менің жігітім нағыз романтик, бірақ ол қазақ емес, метис қой… Әртүрлі тосын сыйларды ойлап табады да жүреді. Ал қазақтардың арасынан, әй білмеймін…. Кездестірмек түгілі естімеппін

  2. qisyq says:

    Романтика ұлтына қармайды ғой негізі. Бірақ дәстүр мен тәрбиенің (сөз тәрбиесі емес іс тәрбиесі, пример для подражания) маңызы зор сияқты ғой мұнда.

  3. Өркен says:

    Романтика адамның табиғатына, мінезіне байланысты. Турасы сезімталдығында шығар… өзімді романтикпін деп есептеймін, “әй, Өркен үнді киносын көре берме, ондағыдай ару жоқ өмірде” деп айтып жататындар аз емес, бірақ мен сол романтизмге жақын өмірге құлшынамын. Солай болса екен деп деймін. Общым, Айжаннұр, Дабай кз-дан әлі тіркелмепсің, тезірек тіркел, Астаналық блогшылардың “пазорын” шығармай ))))))

  4. altygradus says:

    мдаа кому што:)))) не деген романтик едің:))))

  5. Балжан says:

    құрметті бойдақ қыздар! романтик болған жақсы екен. егер жігіттерің романтик болса бола берсін. оған қой демеңдер. а то үйленгеннен кейін мен сияқты өкінесіндер. ;))

  6. Ақзере says:

    Балжан, не айтқың келді? Мен түсінбедім ))) Күйеуің романтик емес па?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s