Сәлем, сәлем!🙂 Амансыздар ма?

Өткенде Тотының аралас неке туралы постын оқып болған соң, осы расында некеге тұру керек, шаңырақ көтеру керек еді ау деп ойлап қойдым.:)

Қазақта той жасаудың өзі үлкен бір мәселе ғой. Мысалы, өзім бір шетелдік тойда болғам, фуршет, екі жақтың отбасылары, бірнеше достары болды. Келді, құттықтады, сыйлық жасады, кетті. Максимум 3-4 сағатқа созылады.

Бізде тойға (неке тойға) байланысты салт дәстүр көп қой. Киіт дейді, анау дейді, енді айта берсең керемет бәрі. Бәрінің терең мағынасы бар. Алайда, өкінішке орай оның бәрін біле бермейді екем. Әкем отбасында жалғыз болған, оның үстіне атам да, әжем де зиялы қауым адамдары, кеңес одағында өмір сүрген соң дәстүрлерді біле бермеген екен. Енді қатардағы киіт кигізу, бет ашар, сырға салу деген анық қой. Бірақ, басқа қандай дәстүрлер бар екен? Мысалы, құда түсу деген қалай болады екен? Құдаларға сыйлық жасау керек пе? ТҮскен құдамен бірге күйеу жігіт те келе ме? Қысқасы, осы жайлы мағлұмат білсеңіздер бөлісіңіздерші.

Мысалы, әкем той көйлегін де, ұзату көйлегінде өзі алып береді, әкемдерде солай болған екен, ал жігітімнің айтуынша той көйлегін оның ата анасы көтереді екен! Бір жағынан маған жақсы, екі көйлек кие салам :))) Бірақ, анығын білейін дегем.

Солай, кез келген ақпаратқа алғыс айтам, алдын ала РАХМЕТ!

6 responses »

  1. Егер қазақ жігітің етегін устасаң айтайын дәстүрдің түр тусін!!))))

  2. 12aikon1986 says:

    Жан мына блогты қарасаң біраз мәселе талқыланған. Өзім де қатырып білмеймін, бірақ менде ол жағына мамам бар🙂 Бірдеме болса со кісіге жүгірем ғой.
    http://kaldykyz.wordpress.com/2010/10/16/%D3%99%D1%80-%D0%B5%D0%BB%D0%B4%D1%96%D2%A3-%D1%81%D0%B0%D0%BB%D1%82%D1%8B-%D0%B1%D0%B0%D1%81%D2%9B%D0%B0-%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%A3-%D0%BC%D0%B0%D0%BB/

  3. altygradus says:

    негізі көйлекті жігіт жақ көтеру керек:).
    Ал кәде-сәде ондайға қызыққан адам болсаң, әрине бәрін жасауға болады.
    Ал өз басым сондайды ойласам, тыныш қана шетелдікке шыққан жақсы деймін. Сондай салттарға бас қатырып, уақыт кетіріп, қаншама ақша шашып ужыс. Егер құдалар өзара риза боп жатса онда жақсы ал риза болмасашы:))) Соған бола ажырасқан жұптар қаншааама.
    Өзімнің отбасым ондай нәрселерге қарсы болғасын да шығар. Қыз берсек те, қыз алсақ та сондай ұсақ-түйектерсіз жасайық деп қарсы жақпен келісеміз.
    Тек міндетті түрдегі нәрсе ол өлтірі деп ал қалғаны керек емес деп келісуге тырысамыз. Кейде қарсы жақ қуана-қуана келісед, кейбірлері оой онсыз қалай дейді, ондайда бәрін жасауға тура келеді. Себебі қыз алсаң да берсең де бәрібір сол шығын, одан да сол ақшаны кейін жастарға берген жақсы ғой.
    Менше бастысы өлтіріге бір жылқының құнын беріп құдағилар өзара бағалы сыйлықтармен алмасса (ананың орны бөлек қой) болып тұрған сияқты. Қалғаны артық шығын сияқты.
    Ал құдаларға қандай сый дегенде, норка тонын сыйлау соңғы кезде мода сияқты:))).
    Бірақ әркім өз жағдайына қарай жасайды ғой, оның бір стандарты жоқ.

  4. altygradus says:

    Өзімнің отбасым ондай нәрселерге қарсы болғасын да шығар. Қыз берсек те, қыз алсақ та сондай ұсақ-түйектерсіз жасаМАйық деп қарсы жақпен келісеміз.
    деп түзете салшы:))))

  5. altygradus says:

    Ана Айкона берген линктегі ол енді Қалдықыздың өз жағының салтын жазған екен. Енді сендер өз отбасыларыңа келетін вариантты көрерсіңдер:)). Әйтпесе 9 шыт, 9 жаңалы киім деген, ол енді келісімге қарай нәрсе шығар:))).

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s