заман,заман!
тек сені айыптаумен өтеді адам
өз басы, өз ақылы қайда қалған?
жасаса бір қателік, бұрыс қадам
бар кінәні артады заман саған…

бүгін де кезіктірдім танысымды,
сұрап болып өмірлік барысымды
“аптаның соңы, жұма, дем алайық.
клубка жүр” деумен қыздың жағы сынды.

“бүгінгісін жиналады онда қауым
болайын деп тұр деді жақсы сауым
қалталы азаматтар арқасында
жайнап тұр өмір деген бақша бауым

киім-бүтін, қарным-тоқ! басқасы не?
әшекейім жылтырайды ақ тасымен
бар әлемді өкшемнің астына кеп
тастатамын, түйіп қалсам қасымды мен!

мақтанғаным емес қой! түсін дұрыс
құр деп еді бір дөкей маған тұрмыс
бірін таңдап, басқасын қалай қиям?
өзіме де жат емес мұндай жүріс.

заман осы! амалым жоқ! қайтем енді?
айыптауға болмайды мүлдем мені!
түлкі-заман тазы қып шаптырды ғой
заманның мендей көп қой бүгін жемі!

өкінбеймін! заманыма ризамын мен!
жүргенімше құшақтасып қазаныммен
басқаға шаруамды тапсырдым да
әлемді жаулап жүрмін ажарыммен

бүгін емес, қартаямын,білем ертең
не қалады ажарлы мына беттен?
ең жақсы далаптан да жасыратын
әжімімді сол кезде ақша деген.

бала-шаға, күйеу,отау- бос әңгіме
сән қоспайды анық қой бар сәніме!
заманның талабына сай болуға
бас тарттым, безіп кеттім мен бәрінен.

сонымен, барасың ба? бармайсың ба?
барсаң егер жеткіземін нағыз шынға!”
“жолымыз бөлек болар, айып етпе
қасиетті мен үшін әр бір жұма.

ізіңнен кету маған мүмкін емес,
бола алмаймыз сол себеп бірге үндес!
заманымыз бір болса да екеуміздің
бөлек екен қиялдағы арман-елес”

міне, заман, өкпелеп,наз айтпассың,
адасып жүр осы күн кәрің, жасың!
адамдардың кінәсінән тұрғызылар,
өтіп кетсең, зар-заман, құлпытасың!

 

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s