Осыдан төрт жыл бұрын өмірімдегі осы күнге дейін ең үлкен қателік жасадым – үй ішімді тастап, теңіз ар жағына бақыт іздеуге кеттім. Кетерімді әкем жақтырмады. Қимай-қимай әрең жіберді. Сол жақта бір жыл сенделіп, ағзамды әбден тоздырып, бір чемодан сыйлықпен елге оралдым.Әуежайда қарсы алған отбасым мені танымады. Әкем қатты шошып кетті. Алдарында центнерден астам салмағы бар бір құбыжық тұрды. Мамамның жағдайын айтпасам да белгілі: өмір бойы салмағына қарап, осы күніне дейін артынан қарасаң жас қыздай көрінеді. Сол сәттен бастап өмірімнің жаңа парағы ашылды. Менің келесі үйім – аурухана болды. Анализдер, тексерулер, диагностика т.с.с сөздер күнделікті қолданысқа енді. Қанымда өзгерістер, шүкір қатерлі ісік емес еді. Сосын эндокриндік жүйе сыр берді әрине. Бүкіл тексерулерден кейін бойымда аман қалған жер болмады. Тура сексендегі кемпір секілді. Бірақ, біріншіден отбасымның, кейін сүйіктімнің (сол түрімді қалай ғана ұнатып, мені тастап кетпегеніне таң қалам осы күнге дейін) қолдауынан және өзімнің, кіші жүз қыздарына сай қайраттылығымның арқасында депрессияға түсіп, өмірден түңіліп кетпедім.Төрт жыл бойы дәрі-дәрмектен аузым босамады. Мамам да “дәстүрлі” емес емге көп көңіл бөліп, шөптерін тұндырып бере берді. Шашым түсіп, таз болуға жақын қалдым ақыры. Дәрігерлерге барудан жалықтым. Қатты шаршадым. Бірақ, міндетті түрде сауығу керек екенімді сезінетінмін, себебі дәрігерлер “ешқашан бала көтере алмайсыз” деген болатын. Маған мұндай диагноз ұнамады. Қалай? Бала дегенде ішкен асым жерде, өзгенің баласын сонша жақсы көріп, өзімнің сәбиімді сүйе алмай қалғаным ба деп қатты ашуланғам. Әрине, күні түні Алладан тілеуден жалықпадым. Тек мен емес. Мені жақсы көргендердің бәрі сұрады, білем.

Өткен жұма аяғым дір дір етіп, ақыры дәрігерге көрінейін деп, узистке бардым. Астанадағы жаңа ашылған республикалық диагностикалық орталықта мені узист қарады да, бала көтеруге кедергі болар еш бір проблема көріп тұрған жоқпын деді. Міне, сол бір ауыз сөз бар бақытымның себебі. Аллаға шүкір.

Бір күні бұйыртып, шекесі торсықтай ұлдар, үлбіреген қыздардың анасы атансам, онда шынымен баға жетпес қазынаға қол тигізген болам.

🙂

 

з.ы. салмақ туралы да жақсы (мен үшін) жаңалық бар. центнердің жартысы болуға шамалы қалды :)))

20 responses »

  1. qisyq says:

    Айжан, жылаттың…:)
    Құдай қолдасын…

  2. Kaldykyz says:

    Жарайсың, шыдамдылығыңа ризамын!
    Алла жар болсын!
    Бес алты балаңды шұбыртып, жүретін мама болуыңа тілектеспін :)))
    ПС: Әлгі мультикте бар ғо, бес маймыл, сондай қыбырлап жыбырлап жүретін балалар тілеймін :))) (чисто от души)

  3. Дәрігерлер айта береді. Менің бір құрбым өте арық болатын (өзім сияқты ))) сол гинекологқа барғанда мына түріңмен қалай бала табасың деген көрінеді. Ол содан көңілі түсіп, қатты уайымдаған. Ниче осы жақында жап-жақсы, ешқандай разрывсыз кішкентай қызын дүниеге әкелді.
    Табиғат өз дегенін жасайды. Дәрігерлер қара бұлтты төндіре береді.
    Бәрі жақсы болады!😉

  4. Өркен says:

    “Бақытымның себебі” деген соң, басында онсыз да ойына ие бола алмай жүрген басымды қатыратын пәлсапа айта ма деп қорыққам…🙂 ОЛай емес,мынауың таза “откровение”! Сен үшін өте-өте қуаныштымын, ана бақытын тілеймін, ұл-қыздарынның көптігі соншалық, қояр ат таппай, таусыл🙂 Әманда аман бол, шырағым🙂

  5. 12aikon1986 says:

    Шын ниетіммен ана атануыңа тілектеспін! Бәрі артта қалды деген сенімдемін! Тек қана алға!

  6. altygradus says:

    ой жақсы болған екен. Денсаулық керек қой:) сен үшін қуаныштымын:)).

  7. Тоты says:

    Бәрі де жақсы болады!

  8. Сіз әлі өмірге бала келтіруге әрекет жасаған жоқсыз. Дәрігерлер айта береді, болмайды деген оңбайды. Алланың берері шексіз. Маңыздысы, өзің мойындап алмасаң болғаны…
    Госта деген достың СОЛАЙ ОЙЛАСАҢ, СОЛАЙ БОЛАДЫ дегеніндей, жоқ проблеманы мойындап алсаң, оның орындалмасқа амалы жоқ. Сондықтан ұсақтан бақыт тапқаннан, шынайы БАҚЫТҚА жолығыңыз!
    “… Сен аяулы ана болуға лайықтысың!”

  9. alashaman says:

    Әрине, сен ана болуға лайықтысың. Иншалла, ана боласың да. Оған сенемін. Адам Алладан шын сұрай білуі тиіс. Кімнің қанша ғұмыры бар екендігі, қалай өмір сүретіндігі Жартақанға ғана аян жай ғой. Дәрігерлерге қаралып, ем-дом жасатып, нәтижесінің жақсы болғанына қуаныштымын. Сен амал жасадың. емделіп, себеп тудырдың. Алла себептерді мусабап қылады. Яғни, себептерді шындыққа айналдырады екен. Ниетің таза болсын. Амалдар ниетке байланысты дейді ғой. Иншалла, Ақтамбердіше айтқанда, шілтеннің тиіп шылауы, пірлердің біткен демінен, ұл болса әкесінен, қыз болса анасынан да артып туатын сәбилі болатыныңа сенемін. Қуанышты жаңалығың болған кезде, виртуалды мекендегі таныстарыңнан сүйінші сұрайтын күндерің де алыс болмас деген үмітім бар.

  10. aizhannur says:

    InwALLA! Aitkanynyzben tolyk kelisemin, aga!
    ALLA jazyp, suinwi surap kalatyn kunde jolyktyrsyn Jaratkan🙂

  11. Жүрегіііііііім…. ….. нешауа Айжан киындықты көтеретінге, байлықты көтере алмайтынға берем деген Тағаламның бір есебі ішінде шығар. Оқып отырып әзіл ме, әлде немене деп отырсам күллі тағдыр екен гой. Құдай сол Кіші жүздің қыздарын қайсарлығынан айырмасын. Жеңесің бәрін. Әлі-ақ балалы болдым сүйінші сұрайсың…
    сен маған апке болдың ғо, алде сінлісін бе?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s