Кейде қызық қызық түстер енеді осы. Мысалы, маған түсімде су жағасындағы үйде тұратынымыз енеді, сосын жақын досым енсе түсіме, онда мені есіне алды деген сөз, сосын түсімде жыласам, міндетті түрде қуанам өңімде.

Сосын, шынайы өмірде болып жатқан құбылыстар енеді: өткенде бір түсімде бір досымның бір қызбен қыдырып жүргенін көргем. Ол маған айтпаған еді, сосын мен оған түсім жайлы айтсам, сенен түк нәрсені жасырып болмайды деп күліп алды. Немесе, менің ағам мүлдем темекі шекпейтін адам. Ол Швейцарияда болғанда менің түсімде ол темекі шегіп жүр екен, кейін білдім, бір досымен бәстесіп тартып көрген екен.🙂 Не болмаса, жақында түсіме бір топ араласпай кеткен таныстарым енді, кейін маған бір басқа танысым солардың жиналып, бас қосқандарын айтты. Түсіме еніп еді, бекер емес екен ау дедік :))

Тағы бір жағдай, бір жақын құрбым екі қабат боп жүрген. Кім туылатынын әдейі анықтамаған екен. Сөйтіп не керек түсіме сүйкімді бір қыз туғанын көрдім. Ертесіне, жанка, қыз туасың дедім, ол ұл қалап жүр едім, бірақ ата-енем қыз аңсайды деді. Мен сол адамдардың айтқаны болады, көресің дедім. Расында, желтоқсанда қыз тапты. осындай қызықтар боп тұрады.:)) Өзім түс көргенді жақсы көрем. Көбіне, мені біреу алдаймын десе, сол адамның іс әрекетін түсімде көріп қоям. Папама айтсам, әкемде де солай екен.

6 responses »

  1. balzaminka says:

    керемет, ескертілген жан-қаруланған жан нағыз өзің екенсің ғой🙂

  2. 12aikon1986 says:

    Құрбыжан, болашақ экстрасенссің ғо🙂 Қалжың ғо жан. ))))

  3. altygradus says:

    бір құрбымыздың кішкене қызы бар, Арука дейміз. Сол Арука арамызда біреудің түсінде көріпті, и таңертеңнен мазасын алып, сол құрбымызға заондашы деп қоймай, ей не боп қалды десе. Оны бір аға әкетіп қапты түсімде деп переживать етіп кәдімгідей, содан ақыры қоймағасын мамасы подругамызға соғып айтқан, осындай түс көріпті деп бір күліп алған екеуі. Сүйтіп жүргенде жаңағы түсінде жүрген құрбымыз көп ұзамай күйеуге шығып кетті:)))))))

  4. qisyq says:

    “Битва экстрасенсов” дегенге қатыссайш…)))

  5. Ақзере says:

    Шынымен негізі аян беретін түстер болады. Бірақ көбіне неге жорысаң сол болады деп жатады. Бұрын түстерге көп мән беретінмін. Сол себепті түсті жоратын кітаптарды қарап… Кейін осыны қойдым. Былайынша нені ойласаң, нені көрсең солар небір фантазиялық тұрғыларда түсіңе енеді екен. Көп жағдайда осылай. Сондықтан түсті көріп, тұрған соң миды жаттықтыру үшін есіме түсіремін де, мән бермеуге тырысамын.

  6. Kaldykyz says:

    мен деген опшым түс көрмеймін. Анда санда, жылына көп болса екі рет шығар түс көремін, и то есімде қаларлықтай керемет түс. Сосын сол түсімде көрген жерді, өңімде іздеп барған кезім де болған )))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s