Соңғы кезі мені кезіктірген ескі таныстар болсын, жай таныстар болсын не болмаса жаңа танысқан адам болсын, бәрі де бір сұрақты қояды, әрине бірден емес,  амандығымды сұрайды алдымен, кейін екінші кезекте, міндетті түрде,алдында келісіліп қойылған секілді: «Сен тұрмыс құрдың ба?», «Ты че, замужем?» немесе «Ты все еще не вышла замуж?». Алғашқысында қатты сасып қалатынмын. Осындай сұрақты неге қойды екен деп көп ойланып, мүмкін түрім жаман боп кеткен шығар деп уайымдайтынмын. Сосын, жоқ, мүмкін келесі жылы  +  өтірік жымиу, бітті тақырып жауылып, менің жеке өміріме араласпайды, ал қазір көбіне: «Рахмет! Ата-анамның да хәлі жақсы» дейм 🙂

Құрбым бар. Өзімнен екі жас кіші, алайда оған үйдегілері тұрмыс құр деп жатыр. Мүмкін оңтүстіктің қызы болғаннан шығар. Неге асығасың десем, өзім мен , мені асықтырып жатыр деп көңілсіз күрсінеді.

Бүгін мен мектепте асханашы боп істеген апайды кезіктірдім. Сол кісі амандығымды сұрап болған соң: «Ты замужем?» деді, «жоқ» дедім «А что?» десем, «Да нет, просто. У тебя вид замужней» дейді. Ну бір жағынан бір адаммен 4 жылдам астам жүрсең, почти әйелі боп кетесің ғой. Содан шығар деп топшылап, асханадан дұнған апаның пісірген самсасын алдым. Мектеп түсіп кетті есіме. Енді, ол басқа жазбаға негіз болар :))

 

 

З.ы. тақырыпқа қатысы жоқ сурет, жай маған ұнап қалды :)))

41 responses »

  1. Kaldykyz айтады:

    ))) маған әлі күнге қояды осы сұрақты, сосын өздері жауап берген болып «қыздар жақсы жігіт жоқ дейді, жігіттер дұрыс қыз қалмады дейді» деп айтып алады да, бір кезде менімен әңгімелесіп тұрып, «еее, өзіңнен де бар екен ғой, өзің қарамайсың» дейді )))
    Бірәқ бәрі олар ойлағандай емес, бәрі одан да өте күрделі десем, дұрыс түсіндірген болармын жағдайымды (((

  2. 12aikon1986 айтады:

    Уже құлағым шіриді осы сұрақтан. 🙂 Алмаса қайтем енді деп жауап берем қәзір нагло 🙂

  3. Ақзере айтады:

    Мен де шаршааааап кеттім осы сұрақтан. Үйде де, түзде де, бәрін қызықтыратын менің тұрмыс құру, құрмауым сияқты. Кейбір кезде кішкене түсіндірген боласың, сонда да келіп, ерте тұрмыс құрған жақсы ғой, баланы жақсы туасың, анау-мынау деп тағы мыжып кетеді. Шашым ағарып кетердей болам тура!

  4. qisyq айтады:

    Клуб ашу керек сияқты)))

  5. vkototy айтады:

    Құдай-ау,қыздар,сонша әбіржігендерің не..әлі жассыңдар ғой, алдың жиырма беске әлі жетпепсіңдер де…болады бәрі де,уақытымен

  6. ulytau.ulany айтады:

    Ал, қыздар жігіттерге көбіне қандай сұрақ қояды екен? Ммм…меніңше «Қанша жаста үйленбек ойың бар?» 🙂

  7. Kaldykyz айтады:

    Алдың күні ағамның досының үйін обследование жасап беруге барып, үйіне жеткенше мені бір танысына айналдырғаны ))) Қатрады ващще, типа отырып қалдың ғо, саған кету керек, мынау сондай жынД вариант деп болмайт. Үйі бар, машинасы бар, дачасы бар дееееп, ой аға рахмет деп тайп тұрдым. Жүрек басқаны қаласа мен кінәлімін ба?! 😦

  8. tentek Shokpar айтады:

    Мен түсінбеймін сендерді қазақ қыздары? оқыдың, жұмысың бар, т.б. жағдайлар қарастырылған не жорық бәрің жаппай қайғырып? көксеп бара жатқандарың зина* ма? жаса да жүре бер ради бога… Әлде айналаңдағылар түртпектеді деп шыға салып, 2 баламен қайтып келу ме көздегендерің? Қоғам сондай келсем.., бірақ мойынсұну МЕНІҢ міндетім емес…)))
    Сендерге қалай ғана ақыл айтсам десем ә 🙂 қалжың, бірақ онда да сендері түсіне алмай/ақ қойдым шырақтарым)))

    • aizhannur айтады:

      Зина жасап жүрген қыздар жоқ арамызда.
      Мәселе, күйеуге қайтсем де шығып алуда емес, мәселе кейбір жұрттың миды жей беруінде. Күнде күнде бір нәрсені қайталай берсе қиын ғой.
      жігітке қызды түсіну бұйырмаған бақыт :)))

  9. Ақзере айтады:

    Мақаш атамыз да отқа май тамызып отыр екен. http://yvision.kz/community/О%20Казахстане/86090.html
    😦

  10. Негізі әйел адам үшін тұрмыс құрудың ең бір тәтті шағы сол тойдың үсті болар 🙂 аржағы келіндіктің қатты күндеріне айналып кетеді. Күндіз енесі, түнде күйеуі де дегендей… нені меңзегенім түсінікті болар 🙂

  11. Serzha айтады:

    i’m forever alone

  12. satibaldi айтады:

    […Ну бір жағынан бір адаммен 4 жылдам астам жүрсең, почти әйелі боп кетесің ғой…]
    Алдан да, арттан да біржола кетті нақтың )))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
    ))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
    ))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
    Ішекқұрт тығылатын қуыс қалмады: барлығы ағып кетті, ішееем, ойбай, шұлығеем))))
    )))))))))))

  13. balzaminka айтады:

    Шаршамандаршы, қыздар, біз бұл өмірдің гүліміз, таусылмас жыр-әніміз, біз болмасақ кімді жырламақ? Кімге қашан да, қашан деп сұрақ қойылмақ 🙂

  14. altygradus айтады:

    Бір досым өткенде айтад:Сен дура емессің и с виду не уродка, мінезің де енді относительно жаман емес сияқты, әй бірақ кім білсін демек, біз білмейтін бірдемең бар мінезіңде деп:)))))

  15. Ernur айтады:

    Достар ангимелерин оте керемет екен,созге бай,соз байлыгы жогары(богатый у вас так сказать,словарный запас)Маган бир апамнын(сестра) узатуына ж/е тойына керемет тилек жазып берсендер,отинемин…

  16. Үмітшіл айтады:

    Қыздар, не проблема? Жігіттер ма жақпай жатқан? или жұмыс, атақ, ақша қуу ма?

Leave a reply to Үмітшіл Жауап беруден бас тарту