Алла жазса, жуырда өмірімде күрделі өзгерістер болуы керек. Содан болар, бірнеше күн қатары өзімде вокзалда отырған адамдай сезінем. Артық қимыл жасағым келмейді, бар тілегім мен күткен поездім келсе. Ішімде толғаныс та бар. Жаңа өмір деген қашанда толғандырады. Жасап жатқан қадамым дұрыс па? Алдағы жоспарым іске аса ма? Аспаса не істеймін? Болмай қалса өзіме деген сенімді қалай жоғалтып алмасам екен? Қиындыққтарға, ал олар міндетті түрде кезігеді, қалай төтеп берсем екен? деген сияқты ойлар маза бермейді. Бұл енді шамалы күрделі ойлар, бұларға қоса майда-шүйде ойлар: не кисем екен? жаныма не алсам екен? чемоданның қайсысын алсам жақсы болады екен? және т.с.с  бар. Осының бәрін ойлайтын бір ми, бәріне қиналатын бір жүрек. Біреумен бөліскім ақ келген, бірақ ол біреудің қолдауынан гөрі, мені одан сайын күмәнға батырып жібергені.

П.С. Сисилия Ахерннің “Люблю твои воспоминания” кітабын оқып бітірдім. Қисыққа ерекше Рахмет🙂

П.С.С. көп сөйлем кеттім ғой дейм….

8 responses »

  1. Kaldykyz says:

    Неде болса, алға қадам жасаған дұрыс, қандай пойыз болса да келсін, күтіп отырғаның сол ғо. Ал сосын ол пойызды өзіңнің ырқыңа көндіріп, қалағаныңша маршрутын өзгертесің, тек артқа қарай шегінбе, алға баса бер, бәрі жақсы болады :)))

  2. qisyq says:

    о, ұнады ма? қуаныштымын деп тәрбиелі бала бола қалайын ба?)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s