Жуырда депиляцияның жаңа түрін таптым. Мүмкін, бұл тек мен үшін жаңалық шығар, алайда, айта кетейін. Шугаринг, яғни шекерлеу (қанттау деген онша естілмейді екен, иә?🙂 ). Өзімді мега түкті деп айта алмайм, алайда, терімнің мүлдем түксіз, сәбидікіндей боланын қалаймын. Бұл үшін косметологқа баратынмын, кейін үйде воскпен өзім алып жүрдім, енді міне жаңа жол табылды. Мамам айтпақшы, нечего делать, біраааақ, осы процедурадан кейін терінің сондай жұмсақ, сондай тартымды болатынын көрсеңіз ғой. Бұл әдіс туралы неттен көрдім, содан оны түбегейлі қарастырдым, ал одан кейін өзімді басты подопытный қылып, эксперимент жасадым. Қатты ауырады деп ойладым. Бірақ, не менің терім үйреніп кеткен, не депиляцияның бұл түрі аз ауыртады.

Сонымен, кастрюлькаға 10 ас қасық қант, жарты лимон шырынын және 1 ас қасық су құйдым да, отқа қойдым. Ең бәсең деген отта болған жақсы екен. Қант еріді, кейін қоңырланып, қайнай бастады,  тағы 10 минут қайнаттым да, газды сөндірдім. Ақыры, жасалған тәтті карамель суыған соң, спиртпен теріні сүрттім де, шамалы карамель алып түктің өсу бағытына қарсы жақтым да, өсу бағытына қарай тартып қалдым. Бәрін жұлып алды :)))

Бұл бір жағынан арзан, екіншіден аллергия жоқ, ал үшіншіден теріге әсері аз, тек шаштарды ғана жұлады екен.

33 responses »

  1. qisyq says:

    Ұятсыз, Айжаннұр (басын керегеге соғып жатқан смайлик))))))

  2. Kaldykyz says:

    Эпиляторды ойлап тапқан өнертапқышқа мың алғыс айтып жүрмін )))
    Баяғыда воскпен, депилятормен көруші едім, эпиляторды қолданғалы 4-5 жыл болды, бір рахат дүние екен, рекомендеймін )))

  3. hindi says:

    түсінсем бұйырмасын🙂 сонда әлгі сиропты жұлып алатындай ол бір скочт сияқтанып тұрады ма? :О)

  4. altygradus says:

    таак қызық екен:) рахмет

  5. ken says:

    жәй қарапайым скотчпен-ақ жұлып алуға болады емес пе денедегі түктерді.

  6. Айжан says:

    жақсы мәлімет екен, рахмет;)

  7. жұлдыз says:

    Aizhannur, menin jasaganim сұйық болып шықты, дұрыс қайнатпадым ба әлде, әлі де тұру керек пе суып

    • aizhannur says:

      суу керек, сонда қою болады. менде суреттегі секілді тартып алу шықпады. просто жағам да үстіне хлопчатобумажный матадан полоска жасап жапсырам, кейін жұлып алам. :)))

  8. balzaminka says:

    мендегі рецепт бойынша бір кг шекер, жеті ас қасық лимон шырыны, сегіз ас қасық су болатын, содан ерінбей жасап, ақырында рахатын іні-сіңлім көрді кәмпит деп жеп🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s