Соңғы кездері өзімді “арзан күлкі”, “жеңіл кино”, миды “жемейтін” блогтар секілді төмен сапалы дүниеге қызығып кеткенімді байқадым. Мүмкін, шынайы өмірде қиындықтар мен шешілмеген мәселелердің көптігінен болар. Құмға басын тыққан түйетауық секілді,  виртуалды әлемде өзімді шынайы өмірден алып қашқан секілді сезінемін. Бұрын көп ойландыратын, толғандырып, қинайтын тақырыптардағы мақалалар мен бағдарламаларға  назар аударғанды жақсы көретінмін. Тіпті саясат та ұнайтын. Елед болсын, шетте болсын, әйтеуір саяси өзгеріс болса, соны бақылап, ғаламдық саяси аренада қандай өзгерістерге алып келеді екен деп қызығушылығым тасып кететін. Қазір, бүкіл саясаткерлер мен солардың сасық саясаты да жоқ болып кетсе де, бәрібір.ААА, солай ма, деп бір секунд таң қалып, әрі қарай қияли өміріме үңіле кете берем.

Күзгі деппрессия ма? Әлде рухани деградация ма? Мүмкін, түңілу ме? Мұны қазірше білмеймін. Өзге айтпай тұрғанда байқағаныма қуаныштымын. Қайдан білдің десең, бар болғаны өзіммен өзім қалғанда ішім пыса бастады. Әшейінде, ешкімді талап етпейтінмін. Яғни, өзіме өзім жеткілікті едім, қазір екі  минут таныс адаммен де әңгіме құрғыш болып алғанмын.😦

Осы блогтың бар болғаны қандай жақсы. Шүкір. Әйтпесе, ақырындап жындыхана жаққа жылжи берер ем.

Сәлеммен.

24 responses »

  1. qisyq says:

    мені айтып жатырсың, ия, сен қыз…)))))))))))))
    адамның күй, сезімі деген өте-мөте құбылмалы дүние. Тек өмірлік ұстанымдарың мықты болсын.

    • aizhannur says:

      joga, seni emes. realno omirde aitam da. nette barimiz dos-jaran, tuma tuyspyz goi :)))

      • qisyq says:

        Адам ығырын шығарған дүниеден еріксіз қаша бастайды ғой.

        • aizhannur says:

          демалыс алам деп, тым созып жібердім ау деп қорқам🙂
          Айтпақшы, жақсы бір жазушыларды білсең, жаза кетші, кітап оқиын шамалы :))
          жуырда ғана Паоло Коэлионың “Вероника решает умереть” романын бітіргем, енді не оқысам екен деген ойда жүрм.

          • qisyq says:

            “Гарри Поттерді” оқы десем боқтайсың, ә?
            Шынымды айтсам білмеймін не айтарымды…Мен жақында Стивен Кингтің “Темная башня” деген жеті кітаптан тұратын сериясын оқып бітірдім. Ұнады. Бірақ, ол “на любителя”. Сесилия Ахерннің кітаптары жақсы дид жолдасым, соны көрмейсің бе…

            • aizhannur says:

              қызығы сол, Гарри Поттерді жуырда ғана тауыстым ( тек үстімнен күлмеші🙂 )!
              Сесилия Ахерннің “П.С. Мен сені сүйемін” деген кітабын оқыдым.
              Стивен Кингтің кітабы нетте бар ма? Әлде сатып алдың ба?

  2. Жындыханага бармай ақ қой, қасыңдағы қоршаган ортадағы адамдарда сені бір адамдай жынды қылуға атсалысады… Ал құмға басын тыққан түйетауық секілді осыннан тыныштық іздесең, нағыз жындыханаға енді келдің ау, Айжан бикеш.
    Блогын жақсы екен.

  3. Kaldykyz says:

    Келесі аптада бұйыртса “күзгі депреснягімді” караокеге барып, жақсылап шығарып салайын деп отырмын )))
    ПС. Көрей сериалдарында жігіттері тастап кетсе, өшіп ішіп алып караокеда әндетіп, бір жеңілдеп қалады ғо солар )))

  4. Aikona says:

    Иә, құрбым біз өзгеріп бара жатырмыз… Мүмкін уақыт. Бәрі уақытша, бұл кезде өтеді кетеді. Қапаланба жан.

  5. altygradus says:

    Гарри Поттерді мен де жақсы көрем. Ана егіз ағайыдылар сондай ұнайды:)

  6. Мейіржан says:

    Мені де осындай ойлар күліп-ойнап, дем алып, біраз уақытымды өткізгеннен кейінгі сәттерімде мазалайды. Мүмкін ғаламдағы саяси өзгерістерге алаңдап, көп толғанғаннан бір сәт болсын ештеңені ойламай, бос күлкіге беріліп миды, жүйкені тынықтырған дұрыс шығар. Ең бастысы менің ойымша балансты дұрыс ұстау: аса қатты қиналып, уайымдамау да, аса көп уақытты бекер өткізбеу де.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s