Өмірімде талай адамдарды кездестірдім: әкімдер, депутаттар, ғалымдар мен әртістер. Бірақ кешегі кездесу ерекеше!! Кеше мен Тоқтар Әубәкіровпен кездестім! Батыр десе батыр!!! Ірі денелі, бойы ұзын, жасы үлкен болса да өте сымбатты екен! Ал даусы қандай! бір сөзбен айтқанда жадымнан еш шықпайтын секілді. Маған қолын ұсынғанда сасып қалғаным сондай, жынды ұқсам жымиып қана тұра беріппін. Кейін әрине сәлемін алдым ғой. Оның бір алақанына менің бес алақаныс сиып кететін секілді! Менің де алақаным кішкене ғана емес. Оның үстіне сондай қарапайым, сондай ақжарқын. Кеше әкеме кездесуім жайлы айтып отырсам, әкем айтады: “Жақсы адам келсе, өзімен бірге жақсы энергетика алып келеді!” деп. Сол кісі түсте келіп кетіп еді, мен кеше дейін мәз боп жүрдім. Мүмкін біреулер үшін ол бар болғаны қатардағы адам шығар, ал мен үшін оның орны бөлек. Қазақстандағы басқа еш бір адам оған тең келе қоймас.🙂

Қысқасы, кеше осы жайлы жазайын десем, қатты толқып тұрдым🙂

Айтпақы, журналға оның қолтаңбасын да алып алдым. Болашақта балаларым мен немерелеріме көрсетем ғой, Алла жазса :)))

3 responses »

  1. Ақзере says:

    Маған да ұнайды осы кісі. Саясат менікі емес деп, кетіп қалғаны есімде. Бірақ билікке осындай адамдар бір жағынан жетпейді де..

  2. Altygradus says:

    ооой мен де сол кісінің фанатымын:)

  3. Тоқтар ағаны көрген сәтім менің де есімнен шықпас!Рас, сіз сияқты қолын алып, қолтаңба алу бұйырмапты.Болмысы секілді кесек сөйлейді өзі…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s