Шашына, киіміне, терісіне, тіпті саусақтарына “Vogue” иісі сіңіп кеткен секілді бөлменің әр бір текше сантиметріне үнсіздік еніп алған. Соңғы кезде сәнге көк шай ішу кірді. Ол сәннен қалыспайды әрине. Соңғы сән бойынша киім кию түгіл, сөйлеудің өзін жақсы меңгерген. Терезе алдында өзінен басқа тағы бір жан иесі – ақ мысық.

-Көрінбе көзіме! деді де, жезтырнақ саусақтарымен мысықты итеріп жіберді.

менің не кінәм бар? деген секілді ақ мысық ала көздерімен иесіне бір қарады да, бөлмеден шығып кетті.

-Мысық құрақым ақылы жоқ! деп айқай салды мысық иесі. Кімнің ақылы жоқ екенін айтпады.

Айтпақшы, мен осы әйелдің жас кезінің елесімін. Анда санда суреттерде жалт етем, ал былай күндері терезе алдында отырам. Ол мені көрмейді, бірақ сезетін секілді. Ол маған нәзіктігін, пәктігін, сезімталдығын және таза махаббатын қалдырды. Сағынады ғой. Бірақ менің орнымды басқан “қатыгездік” оны жіберер емес.

Міне, тағы бір әдемі фарфор сынды. Көк шайдан із онша қалмайды екен. Мүмкін сол себеп ол соншалық сәнді шығар.

One response »

  1. Мағынасы терең, жақсы “этюд” немесе “миниатюра” деп айтуға болады… сізден бірспыра нәрсе үйрендік! Еңбегін жансын.

    Тақырыптан ауытқып кішкене позитивті энергия қосайын, артық болмас деп ойлаймын🙂, интернетті шарлап жүріп мына кішкене әзілді әңгімеге тап болдым

    http://on.kz/u12616/blogpost/6070/

    сізбен бөлістім…🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s