сұрғылт қала жұтып қойды асылды

сұр көшеде сұп сұр жауын басылды

үйреншікті дүние ғой, қарағым

сұр аспаннан түссіз сәуле шашылды.

көктен күннің күліп түспей арайы

бұртиып ап бұлттар жерге қарайды

жерден гүлді іздеп жүрген секілді

көбелектің ұшып жүр ғой талайы.

жақсы емес, жаман емес бұл деген

бұл мезгілді күндіз келген түн дер ем

ақ пен қара араласып, ақыры

пайда болды “қатысым жоқ” сұр деген.

One response »

  1. qisyq says:

    Әдемі өлең…қыз мінезін керемет бересің, Айжан…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s