Екі адам қосылып, шаңырақ көтерген кездерінде ажырасу жайлы ойламайтын шығар (тек фиктивный неке болмаса).  Әп әдемі тойдан кейін тым әдемі емес ажырасып, екі жаққа жол тартып кететіндер көп екен. Жуырда ғана бұрынғы сыныптас құрбымды кезіктіріп қалғам, жарты сынып қыздары тұрмыс құрып та, бала туып та, ажырасып та үлгеріпті. Ескі жұмысымда да екі жап-жас қыз ажырасып кеткен. Мына жұмысымда да сол. Неге деген сұраққа жауаптың көбі: қызғаныш пен көзге шөп салу (екі жақтың да опасыздығы). Осындайды естіп алып, тура некеге тұру тұрмау жайлы ойлана бастайды екенсің. Баласын құшқтап қалған қыздарды аяйсың, не үй жоқ, не жұмысқа шыға алмайды. Қорқамын. Мұнда адамға сену не сенбеу жайлы емес, тіпті өзіме деген сенімсіздік емес, тек болашақ алдындағы қорқыныш. Жұрт не дейдімен менің шаруап жоқ, қазір жоқ, себебі әкем айтты: “Отбасыңда не болмасын, бәрін айт, тұра алмайтын болсаң үйге қайт, мұнда тұрған түк жоқ. Сені мүгедек қылып тастағаннан гөрі, аман есен жанымда бол”.  Адам аласы ішінде ғой. Қыздардың айтуынша “Жігіт кезінде бәрі жақсы, жаман күйеу қайдан шығады”? Расында, некеге тұрмас бұрын аузын толтырып, уәде беріп, кейін бәрін ұмытып, қол жұмсап, тіпті көзге шөп сала бастайды дегенді естігенде, төбе шашым тік тұрады. Тұрмыс құрмасаң тағы болмайды… Диллема..

7 responses »

  1. urimtal says:

    Менің де достарымның арасында өкінішке қарай, ажырасқандар бірсыпыра екен. Олар балаларын сағынады😦 Ажырасудың себебі сол: түсінісе алмау, шөп салу…

  2. Ақзере says:

    Басыңа түскен соң көнесін да. Өмірде не болмайды?

  3. Дудар says:

    Қайда барсаң да сол ажырасу. Шашылып той жасайды ғой қазекем, ой шіркін-ай. Соның бәрі далаға кетеді емес пе.
    Адамдардың бақытты отбасын құруы үшін тек махаббатары мен берген уәделері аздық етеді. Уәде беруден оңай нәрсе жоқ шығар.
    Ұсақталып барамыз рухани құндылықтар тұрғысынан.

  4. FM says:

    Ешқандай дилемма жоқ. Бұл екі адамның да жауапкершілігі, егер сабыр және махаббатты ұмытпаса және екі жақтың біріне бұл жанұя керек болса, кезкелген бөгеттен өтуге болады.

  5. Gastarbaiter says:

    тепе теңдіктік бұзылуынан тіпті бірін бірі сүйіп қосылғандар да ажырасып жатады.

  6. gaukhar says:

    nietine karay joliktirasin nede bolsa, osigan ozim katty senemin.
    kozge shop salu, kol koteru bolmasin, kalgan problemalardi arkashan sheshuge boladi (arine eki jakta katty kalasa)

  7. Aldeken says:

    Ер адам өмірінде 3 әйел затын құрметтеп өтуі тиіс екен.
    1) Өзін дүниеге келтірген әйелді
    2) Өзінің ұрпағын дүниеге келтірген әйелді
    3) Өзінен дүниеге келген ұрпақ-әйелді.

    Жалпы, ажырасудың көбісі, екі жақтың бірін-бірі дрессировать етуге деген құлшынысынан орын алатын секілді…..

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s