Ойдағы образ туралы. Әр бір қыз өмірінде болатын болашақ жарын елестетіп көрген болар. Жарын болмаса да, сүйіктісін, өзінің жекеменшік бекзадасын кемінде. Өмірде тура сол ойдағы, тәтті қиялда әлдилеп жүрген бейне кездесуі екі талай. Өзің ханшайым болмасаң, бекзада саған қайдан келсін? Тіпті ханшайым болсаң да…. Бұл шындық. Расында бекзада керек пе? Жоқ, сұрақ басқаша болу керек секілді. Ойда жасап алған бейне қаншалықты қажет? Менімше, осындай қиялдардың кесерінен талай қыздар талай жігіттерге “кет” деген қысқа сөзді талай айтты.  Себебі әр қыз бекзаданы күтуде. Мүмкін оның ақ боз атының орнына аппақ мерседес, не бмв, кемінде 97 төмен емес ауди, ал хан сарайының орнына кемінде бір бөлмелі жеке пәтері болса ғой деп бекзадаға деген талаптар төмендеген болар, алайда сұраныс сол баяғы қалпында секілді. Неге бұлай? Ал жанның әдемілігі, рухани байлық,  ақ көлік емес, ақ көңіл, кең сарай емес, кең жүрек кімге керек? Мұндай “қазынаға” қызығатындар аз екен.

Қысқа диалог:

-Жанка, жігітің бар ма? –

Аха, бааааар (осы жерде түрім даунға ұқсап кететін шығар) –

Машинасы бар ма? Қандай? –

Ходисам.

-?

-жаяу жүргінші.

-Пәтері ше? Ну, хотя бы, кішкене 1 бөлмелі.

-Ол да жоқ. С милым и в шалаше рай!

– Сен-АҚЫМАҚСЫҢ!

-аха, бірақ, саған қарағанда бақыттымын.

Осыдан кейін менің онсыз ақ үлкен басымда үлкен толқулар басталды. Расында, менің армандаған жігітім қайда? неге ханзаданың орнына, ауылдың қарапайым баласын ұнаттым? Менің ойымдағы бейнемен сәйкестік жалғыз- ойымдағы бейне мен қолда бар “алтыным” екеуі де жігіттер. Осымен ұқсастық аяқталды. Ал толқулар өрши түсуде. қайда тұрамыз? Қалай тұрамыз? Мүмкін біздің махаббат күнделікті не жейміз бен қашан айлық деген қарапайым сұрақтар астында қалар, сонда мыңдаған “ханзадасын” таппаған ас үй “ханшайымдары” ұқсап өмірімді қарын мәселесін ойлаумен өтермін.

Бірааааақ, мен бәрібір бақытты болам, инш!😉

16 responses »

  1. 12aikon1986 says:

    Айжан, сен бәрібір бақыттысың! Себебі сенің жаныңда сүйіктің бар.
    Қазір расыменде осы параметрлерді бірінші қояды. Заман талабы сол да шығар. Бірақ, бәрі болып тұрып адамгершілігі болмаса онымен күресумен өтесің ғой. Өмірің әдемі сарайдағы түнекке ұқсап кетер.

  2. Ақзере says:

    Менің бір құрбым күйеуге шыққанша пәтер жалдап тұрып келген. Ол болашағы жайлы ойлағанда ең бірінші үйі бар болса екен деп айтатын, дәл солай үйі бар жігітке тұрмысқа шықты. Менің алдымда ешуақытта үйі бар болса екен деген талап болмайтын, тек сол үй ала алатындай талпынысы бар, мақсаты бар жігіт болса деп ойлайтынмын. Шүкір, ойдағыдай болып келе жатқан сияқты. Әрнәрсенің өз уақыты бар, соны сабырлықпен күте білу керек деп ойлаймын. Көп нәрсе әйел адамға байланысты, оның ақылы мен төзімділігіне, сабырлығына. Ақылға салып, жан жақты талқыласаң, бәрі де ақырындап болатын сияқты…

    • aizhannur says:

      magan uiu de, koligi de kerek emes😀 aman jurse boldy. mamam aitpakwy, ostalnoe, kyzym, prilojitsya. jai keide ozi kinalyp ketedi da, sosyn men ayaaaaap ketem.

      mykty ekensin! men materialdyk mumkindikterinen gori boiy uzyn bolsa eken, musylman bolsa eken dep tileitinmin😀 arkim ozinde jogyn kalaidy deidi goi, sol sekildi menin de tilegim sondai bolatyn.

      koremiz, buyrgany bolady. eger omir boiy jaldap turatyn tagdyr bolsa, kaida kawyp ketemiz? :)))))

  3. kundelik says:

    Байлық – қолдың кірі. Бірде бар, бірде жоқ. Сондықтан, сізді ақымақ деген диалогтың кейіпкері, әлі шынайы махаббаттың не екенін түсіне қоймағандай көрінді.Қалтасы қалың болмаса да, жүрегі жалын болғаны, шынайы ғашық болғаны маңыздырақ. Өйткені, махаббат, сенім, сыйластық кез-келген қиыншылықтарды жеңе алады. Сүйіктіңізбен бақытты болуыңызға тілектеспін.🙂

  4. altygradus says:

    Романтик боп туылу керек сияқты:)

  5. Gastarbaiter says:

    Талғамға талас жоқ дейді ғой. Біреуге бойы, біреуге діні, біреуге ақшасы, біреуге мінезі, біреуге просто он екі мүшесі сау еркек керек.

    Ол үшін басқа біреуді кінәлап қажеті жоқ.
    Әркім өз таңдауын жасайды, егер сен бұл жігітпен тұратын болсаң, саған кеңесім, оны ешуақытта “ақшаң жоқ”, немесе “неге біз осындай жерде тұрамыз” деп тіс жарып айтпа, өйткені сенің таңдауың сол болды. Өз таңдауыңа жауапкершілікті ала біл. Олай айтсаң, бәлкім ол іштей қиналып, күйзеліп бірдеңесін қылар сен үшін, балалар үшін, бірақ осы сәттен бастап “бақыттарыңа” сызат түседі.
    Ал егер “өйтпедік” “бүйтпедік” құрбыларымнан ұялам, менің шубам жоқ деп “пилить” ететініңді сезестін болсаң, осы бастан ол жігітті таста да, ақшалы жігітті таңда.

    Сосын не ғой романтиканың бұл жерде қатысы шамалы.

    • aizhannur says:

      Аха, айтпайм🙂 23 жыл шубасыз жүрмін, әлі сонша, мүмкін одан да көп жүретін шығармын!
      Синтепоновый куртка форевер! деп :)))))))))))))

    • altygradus says:

      Ну романтиканын бул жерге катысы шамалы деп ойлайтын Гастарбайтер сен гана шыгар
      менше тикелей катысы бар
      сосын Айжаннур позитивти козкарасты адамсын гой, типти тым
      позитив коринед:)), бирак осындай касиеттерин сени, омир суру салтынды курайды, саган келетин, саган жарасымды:)

  6. Gastarbaiter says:

    ПС: Қанша байлар тұрғанда, мына кедей жігітті мұсылмандығы үшін таңдадым деп өзіңді “благородный” қылып көрсету мақсатында кімге кімге ал жігітке мақтанба сосын. Оның да қанша қыздардың арасынан сені таңдағанын біл.

    Лайым ұзағынан сүйіндірсін. Қосағыңмен қос ағаруыңа тілектеспін.

  7. sameday1 says:

    abden aitilip bolgan tahirip
    kizdar arasinda degenim goi
    hanzadalar bolmaid
    hanzada retinde habildau degen gana bar
    bari ozderinzige bailanisti hurbylar
    al kolik uy maselesi eshashan artih bolmaid

  8. Gastarbaiter says:

    Осы жөнінде 2000 доллар деген аты шулы жазба бар. Реті келсе аударып салармын.

  9. Kaldykyz says:

    “Ханзадамды күтемін, өзі тауып келсін. Не хватала еще оны іздеп” деп ұрандатып мен отырмын🙂
    Маған готовый керек, упакованный с хорошим приданным🙂
    Отыз жасқа дейін келер, асығыс жоқ

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s