Аялдама. Кинотеатрдан шыққан көп жастың біразы осы аялдамада тұр. Көктемнің алғашқы аптасының соңы қалаға жылу алып келгеніне қарамастан, кешкісін қар жауды.  Көзіме көптің ішінде бір жұп түсті. Жігіт ұзын бойлы, арықтан келген сары бала. Жасы 17-18 шамасында. Киім үлгісі өте сәнді. Сұр пальто мен классикалық үлгідегі шалбары, мойнына оралған шарф және өте сапалы аяқ киім бұл жігіттің болашақта сәнқой бөріктілердің қатарын толықтыратынын білдірді. Қасындағы қыз 15-16 жасар ғана. Аласа бойлы, аққұба, сүйкімді. Түрінен әлі де балалық көрінеді. Үстіндегі киімдері қатардағы жасөспірімнің киімінен озып түспеген: қысқа джинсы белдемше, қысқа куртка, жалпақ табан, соңғы кезі өте сәнге айналған UGG байпағы. Басына капюшон киіп алыпты. Екеуі өте жарасымды, өте нәзік жұп. Алғашқы махаббат, жоқ, ммм, сүйіспеншілік пен ұнатуды бастан кешіп жатқан болу керек. Қыз жігітке басын көтеріп қараған сайын, капюшоны түсіп кете береді, ал жігіт болса соны қайта кигізуден жалығар емес. Қарап тұрмын да, жылағым келеді. Олар ешкімді елемейді. Жапалақтап жапқан қармен де ісі жоқ. Барлық әлем екеуі үшін ғана жаратылған секілді. Егер осы сүйіспеншілік болашақта жалғасын таппаса өкінішті болады. Алайда жалғасын таппайтын секілді. Әрине мұны олар білмейді. Білсе де мойындамайды. Өйткені олардың жүректері әлі сенімге толы, әлі ешкім жүректерін жаралап, жылатпады. Олар үшін осы сезімнен артық сезім болмайтын секілді және қазір қалай қол ұстасып тұрса, өмір бойы солай болады деп сенеді.

Ақыры жарты сағат күткен автобусым келді. Ал олар әлі тұр. Мүмкін бір емес, бірнеше рет керекті автобустарын өткізіп алған шығар. Қазір олар үшін маңыздысы тек екеуі ғана….

6 responses »

  1. Ақзере says:

    Неге бірге болуы мүмкін емес?🙂 4-5 жыл жүріп, немесе одан да көп, үйленетіндер бар ғой? ))

  2. 12aikon1986 says:

    Әлі сезімдері таза ғой…

  3. altygradus says:

    мына жазбаң біраз реалистік екен:))

  4. Gastarbaiter says:

    Алғашқы махаббатты сансыз рет бастан кешіруге болады. Тек ешкіммен санаспай, жұрттың айтқанына жалтақтамай, оған өзің сенсең ғана.

  5. elvira says:

    Toktar Serikovtin ‘ayaldama’ atti oleni esime tusip ketti.

  6. sheber says:

    Негізі жақсы жазыпсың)))
    Алдында киноға барған едік, қар жауған, кешкі уақыт, мен туралы жазып жатырма деп қалдым :DDD

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s