Қазір аузыма бір жидені салып алып, балалықтың бал шағын еске алып отырмын. Кейде бір иіс, дәм, әуен немесе зат өткен уақытты еске салып, көңілде сан алуан сезімді оятатыны бар. Мысалы, менің студенттік кезде қолданған әтірді қазір иіскелесем, онда тура сол шаққа оралғандай боламын. Немесе бір әнді тыңдасам бір адамды есіме салады. Ал қазір көптеееен жемеген, дәмін ұмытып та қалған жидені жеп, төбем көкке бір-ақ елі жетпей отыр :)))). Осындай жидекті бастауыш сыныпта оқығанда толтырып алып жейтін едік, ішіндегі дәнегімен атысып, апыр-топыр болып жүретінбіз. Егер бір ұл бір қызға жаңағы жидектің дәнегін атып жіберсе, бітті алапат махаббат дегенді білдіретін. Үйде мамам ұзын бантигімді шешіп жатып, шашымнан жидектің дәнектерін жинап отыратын. Сол балаааа боп отырмын, қасымдағы қыздар менің сонша мәз болғанымды түсінбейді. Несіне жетісіп отыр деп ойлайтын болар. :)))

11 responses »

  1. urimtal says:

    Балалықтың есігін сығалап ашып жатқаның қандай жақсы🙂 Анда-санда әрі қарай кіре алмайтын есікті ең болмаса, осылай тұтқасынан тартып-тартып көрген де жөн.

  2. antijrca says:

    Жиденің ішті қатыратын жаман жағы бар. Әйтпесе, жақсы ғой жақсы.

  3. Akzere says:

    Біздің ауылда осы жиде өспейтін. Қақ деген де болмайтын. Алғаш осы жиде мен қақтың маған құрбым дәмін татқызған. Аса ұнамады, біртүрлі құрғақ сияқты көрінген еді.🙂

    • aizhannur says:

      aha, kurgaktau! birak dami tura bala kunimdi eske salady. uige kaz jumystan sosyn alyp baryp, inim ekeumiz nostalgiya batyp otyramyz🙂 magan tapsyrys berge bugin.

      kak demekwi,bizde kadimgi kauyndy keptiretin, sony da alu kerek edi🙂

  4. Amandyk says:

    Ya jideni korsetip sizde kai-kaidagi jastik shakti eske salip jiberdinizgoi🙂 .Otkende mende de dal osindai sezim bolgan edi.Talai jildan beri okimagan bir olenimdi taup alip bukil jastik shak koz aldimnan zuuu ete kalgandai boldi…Demek ar zat bir otken shaktan belgi beredi degen shin ekengo🙂

  5. altygradus says:

    менде жиде студенттік кезбен ассоцияция тудырады, себебі қасымдағы құрбы қызым Қызылордадан болатын:).

  6. Венера says:

    Біздің жақта жидек танымалдылыққа ие емес.)))) Маңғыстау жақты айтамын.. Бірде үйге қонаққа келген апайымның бірі толтырып әкелген-тін. Басында қызығып жегенбіз, артынан қалғанын пештің ішіне бір-ақ тастадық:)))) Жидек десе, ең алдымен сол оқиға есіме түседі.

    • aizhannur says:

      hehe! al biz katty jaksy koremiz, jane pewke tastamaimyz! ogan da eki sebep bar: birinwisi pew jok, ekinwisi jidekti asa jaksy korgen uwin!!! :))))))
      akemnin ozi tamsana jeidi, bilem, ogan da bala kezi esine tusip ketedi sondaida.🙂

  7. Қосақ says:

    Бізде жидек деп айтады, көбіне өзбектер әкеледі.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s