Күннің қалай өтіп-кетіп жатқанын кей уақыт мүлдем байқамаймын. Зымырап, зулап уақыт ұшып жатыр. Күнделікті тіршіліктің майда-шүйдесінен бас көтере алмай,өз қара басымдағы кішігірім мәселелерді ғана ойлап, айналама бір сәтке назар бөліп, көңіл аудару дегенді ұмытқан адам едім. Сондағы мәселе дегенім жақсырақ киінсем, сәндірек өмір сүрсем, көбірек ақшам болса дегеннің дөгерегінінен аспайтын. Барына шүкір деуді ұмытып, саулығымды, жер басып жүргенімді қатардағы, қалыпты дүние деп қабылдап кеткен болатынмын. Бірақ, біраздан бері өзіме келе алмай жүрмін. Шипа іздеп келген қаншама адамды көріп, әсіресе жастар болса, Аллаға шүкір деп, сабама түстім. Жалпы біздің офистің қыздарының бәрі де сондай күйде жүр. Кеше өте ауыр дертке ұшыраған жігітті көріп, ата-анасымен сөйлесіп болып, кабинетімде жылап алғанмын. Өте қиын жағдай. Аллам сол науқаса ем береді деп үміттенемін. Инш, солай болар. Достар, Жамбыл атты осы науқас үшін дуа етіңіздерші. Алла дертінен айықтырсын.

4 responses »

  1. Бөкен says:

    Қайырлысы болсын!

  2. urimtal says:

    Аллаһ шипасын берсін! Денсаулыққа қатысты бөлімді қызмет етеді деп ойламаппын. Әрқайсымыз сыналамыз ғой. Аурумен, дүниемен, жақындарымыздың қазасымен. Бір байқағаным адам ауырған кезде өмірінің мәні туралы көп ойланады. Аурудың бір жақсы жері сол шығар. Ойландырады.

    • Gastarbaiter says:

      Асхатпен келісем. Ауру туралы айтылған мақалдар көп. Соның барлығын ауырғанда түсінесің.

      Ағайынның қадірін жабылғанда білесің,
      Ақша-пұлдың қадірін қағылағанда білерсің,
      Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің

      (с)

  3. altygradus says:

    шипа берсін ол жігітке, хайырлысы..
    Иә ойланған жақсы, тек тым қатты жаныңа алмасаң жақсы болар еді..

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s