көрші ғаламшарларда болса егер тірі жан
еріп кетер едім ау ойланбастан соңынан
келсе егер қолымнан.
алып жерге сыймай жүрген мына маған таңданып,
тауып алар еді ол да мені адасқан жолымнан,
сосын жерге анда санда келуші едік қонаққа.
неге кеттің деген тосын сұраққа,
менде дайын болар еді мың жауап,
жүрмін дер емес жылу таппай, тым жаурап,
алды дер ем ғаламшары көңілімді бір баурап,
дайын болар еді білем оған берер бір жауап.
мың ба, бір ма, мүмкін сұрақ қоймас ол,
тек мен үшін жұлдыздардан төсеп беріп жарық жол
жетелер еді қыдыруға жеті қабат аспанды
сол аспанда жинаушы едік ғажап лағыл тастарды
(гүл өспейді, әттең, онда, сол себеп.)
бізден сонда бақыттылар бар әлемде жоқ дер ек.
мүмкін оның кеудесінде бола қоймас еш жүрек,
мендегіні екі жарты қылып бөліп, мойнына
тағар ме еді алқа қып, әлде тығып тастар еді қойнына.
сосын, сосын ай мен күнді шақырып ап тойына
куә бол деп сұрар еді. (сонда мен де таң қалам)
тойымызда билеп жүрер бізбен бірге бар ғалам…..
бірақ ондай көкте түгіл,жерде маған жоқ адам…..

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s