Тұншығып барамын! демім бол!

демім бол, жалғызым, қайдасың?

сөнбейтін өмірлік сенім бол,

ақ жолдан аяғым таймасын.


Соқыр боп барамын, надандай

шындықтың көрместей шырағын

Өтірік мақтауға арланбай,

адастым, соқыр боп барамын.


Керең боп қалған ба қос құлақ?

әлде сен үндемей қалдың ба?

өтініп, жалынып, құр жылап

суреттің отырмын алдында.


байланып тіл құрғыр осы кез

жоқтауға әлім жоқ соңғы рет

өлімді алдап кет, келші тез…

алайда қолымда тек сурет.


күлімдеп қарайсың несіне?

қуанып отырсың не үшін?

көктемнің көрікті кешінде

күз болып күңреніп тұр ішім.

One response »

  1. Gastarbaiter says:

    Тақырып атына смайылша қойғанды сүйетіндер бірлестігін құруға кеңес беруге болады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s