Арманымның ең биік шыңнан жерге кеп құлағанын көргенімде, бойымнан бар қуат-күшім жоқ болып кеткен секілді болды. Қалай жатсам, сол қалпында жата бергім келді. Есік артындағы кезек, у-шуы көп халық өздерімен өздері болып жатыр. Бөлмедегі дәрігерлер, қасымдағы анам –  бәрі де арманымның өлгенінің куәгері болды.  Қызық, бір тамшы жас ақпады. Әшейінде біреудің жылағанына қосыла жылап қоятын көздерім, осы жолы өзім үшін суы тартылып қалған құдықтай құрғап қалды. Киімімді, орамалымды қолдарым автоматты түрде түзеп жатыр, ойым мына бөлмеден мыңдаған шақырым шалғайдағы адам жайында. “Оны тастау керек, эгоист болма!” бұл менің ақылым сыр беріп жатыр, осыдан үш жыл бұрын қайда болған құрғыр?! “Сүйсең, қасында бол!” бұл менің дистрофик сезімім, қанша болды жөнді көңіл бөлмегеннен ашығып, құр сүлдесі қалған.

Есіктің табалдырығын аттамас бұрын томпиған іштерін аймалап отырған болашақ аналарға қызыға қарап, өзімді елестетіп отырғам тап осындай болсам, қалай болады екен деп.  Кейін ол тек елес болатынын ұқтым. “Емделеді, дәрі ішсін, бәрі жақсы болып кетеді әлі” бүл дәрігер апай. “Шын ба? Қандайын ішу керек? бұдан сайын асқынып кетпей ме?” бұл анам. Тек маған енді бәрі бір секілді. Өткен жылдан қаншама дәрі іштім, пайдасы болмады емес пе? енді пайдасы тиер деп үміттенудің өзі күлкілі….

Бәрі жайымен қалды.  Бір досым айтпақшы “Бұл да сын!”, расында сын екен. Қайта ең ауыры емес шығар….. шүкір…. осыған да….


Кіші жүздің қыздары  мықты келеді ғой…🙂

8 responses »

  1. aizhannur says:

    aha, solai wygar🙂

    trying to be happy :))))

    take it easy :))))

    tahnks for comment!

  2. Ақзере says:

    Кішкене түсінбей отырмын не болғанын… Бірақ сенің позитивтік настройың мықты екен! Молодец!

  3. Aikona says:

    Шыны керек окыган кезде ойга калдым . Не жагдай деп. Не болсада алга умтылу керек! Умит- адамнын ен сенимди досы.

  4. altygradus says:

    бәрі де орнына келеді Иншаллах

  5. balgyrgan says:

    как запутано…

    Кім кімді сынапты?! Санаңа күш берсін…

  6. tarazkyzy says:

    Мен де түсіне алмай отқаным… Қалай болғанда да жігерлі болуға тура келеді, одан өзге жол жоқ. “Сабыр, сабыр” деп сабыр да сарқылады, “төзім, төзім” деп төзім де таусылады екен. Кей-кейде бәріне қол сілтеп, бұл әлемге қол бұлғап кете барғың келеді… Мұнымен дәрменсіздігімді дәлелдеймін, білем. Бірақ, депреснягыммен Аллаға деген сенімім ғана күресіп келеді.Төлен Әбдіктің “Парасат майданындағыдай”.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s