Жыламашы, мен жылайын орныңа,

Мен түсейін дұшпан қазған орына.

Барлық бәле мені тапсын, сені емес,

Менің тәнім тисін жауыз оғына.


Жалаң аяқ мен кешейін тастарды,

Өзің емес, мен болайын тастанды.

Саған емес, маған тисін ел сөзі.

Төмендейін, сен мекенде асқарды.


Қайғың болса, маған ұсын. жасқанба!

Сен қалықта, сен шарықта аспанда.

Қуанышың мекен етсін жаныңды,

Мұңың болса тапсын меннен баспана.


Күй тербетсін көңіліңнің бесігін,

Жақсылыққа үндес болсын есімің.

Жарық күннің шұғыласын сен алғын

Ал қара түн маған ашсын есігін.


Бақыт құсы қонсы сенің басыңа,

Сәттілік кеп қушақ жайсын асыға.

Мен өзіңнен сұрамаймын артығын.

махаббатан не артық бар ғашыққа?


23-09-2009

4 responses »

  1. Boken says:

    Keremet olengoi avtory kim eken ye?🙂

  2. Фарид says:

    Сені форумға қайтып кел деп өтінсем бе екен🙂 Өзім де жарысып жарысып екінші боп, баяғы поэтический тақырыптағыдай ләззат алатын🙂 )))))

  3. Gastarbaiter says:

    Автор нәзік жанды ішкі дүниесі бай адам екен.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s