Өмір туралы.

кейде тым қысқа, кейде ұзақ, қалай болғанда да мәнді болса екен!

Уақыт туралы

зымыран! әкем де қартайып бара жатыр😦 уақыттың өткенін әкемнің әжім баса бастаған қолдарынан көрдім…. еш қашан қартаймайды деп үміттеніп ем….

Отбасы туралы

Алланың маған берген ең үлкен сыйы! Осындай отбасым бар болғанынан мен бақыттымын! шүкір!

Ақша туралы

Ең жақсы қарым-қатынасты бұзатын сұмырай!!!  бірақ онсыз қиын….  әсіресе тәуелді адамдарға… ондайдан АЛЛА сақтасын…

Достар туралы

анам ғана менің досым! бәрін түсінеді, әрқашан қолдайды, еш қашан сатқындық жасамайды, жолыма бөгет болмайды, мен үшін Аллаға шын көңілінен дуа етеді… мен де ол үшін) мен үшін дос деген осындай болуы керек!

Арман туралы

ана болғым келеді…. көп балам болса, супеееер болушы еді!


Жұмыс пен хобби туралы

жұмыс-өз өзіңді жетілдіру құралы, қазірше ол менде жоқ…😦

Хобби-  бос уақытты өлтіру үшін керек🙂 мен өлең жазумен, әңгіме жазумен, ән айтумен, ас дайындаумен, қолөнермен айналусымен, кітап оқумен бос уақытымды аяусыз өлітіріп жатам….

Ұстаным туралы

АДАМ деген атқа лайық болу! Өлгеннен соң Жаратқан алдында қатты үятқа қалмайтындай!

Ақылға сыймайтын әрекеттер

Баяғыда, жас кезімде :)))) таң атқанша ашық аспан астында, шөл далада техно әуендерін тыңдап, халықаралық фестивальге барған едім. Ол мұхиттың ар жағында жүрген кезімдегі бассыздық жасаған күнім… сол кезде қатардағы дүние секілді еді, қазір санама қонымсыз секілді…. папам білсе, өлтіреді !!!

Болашақ туралы

Ол бүгіннен басталады🙂 бал ашып, болашағымды білгім келмейді! бұйырғаны болады бәрі бір…

13 responses »

  1. saken says:

    хе-хе…🙂

    Усейн Болттан да жүйрік екенсің :))

    Достар жайлы пікіріңмен қос қолымды көтеріп келісемін🙂
    анадан жақын адам жоқ қой ешкімге…

  2. Ansar says:

    super болсын!🙂
    Аныңыздың достығы жайлы жақсы жазыпсыз.

  3. Ақзере says:

    Ма-ма, хоббилерің таң қалдырады, + тағы да блог жазасың. Жарайсың, әркез осындай бәрін тек қан пайдаң тиетін адам болып жүре бер!🙂

  4. urimtal says:

    Қыздардың бәрі сен тәрізді арманшыл болса ғой, шіркін! Арманың орындалып, сен де балаларыңның сырлас досына айналуына тілектеспін!🙂

  5. Фарид says:

    Бұл эстафета қазір кімде?🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s