Сонымен жасым 23-тен асты, ал 16 жасымнан бері ойлағана кейбір мақсаттарыма әлі жетпедім! оған өзім кінәлі ғой🙂

Сонымен не істегім келеді:

1. Парашютпен секіру 🙂 бір күні міндетті түрді, Алла жазса секірем!

2. Коньки тебу. Өмірімде бір ақ рет тұрдым конькиге, екінші ретке өжеттігім жетпеді

3. Машина жүргізу. Әкем талай үйреткен, бірақ блондинканың шашын емес, миын берген шығар маған Алла… қолымнан келмеді😦

4. Домбыра, гитара не өзге аспабта ойнап үйрену. ехххх, арман түрінде қалатын секілді

5.  Үндістанға саяхат… қазірше алынбас қамал әкемнің сөзі болып тұр…  қауіпті дейді…

6.  Велосипедті айдап үйрену🙂 ешқашан отырып көрмедім, тек ағам айдағанда жанында рамасында отыратынмын. өз басым отыруға-қорқам

7. Испан тілін үйрену… үйреніп алған жұрт оңай дейді. Әдемі тілдердің бірі…

8.  Теңізде үлкен кемемен саяхатқа шығу… әкем әскери борышын флотта өтеді, әңгімелерін тыңдай тыңдай осындай бір арман пайда болды.

Қазірше осы…кейбір армандарым орындалып қалар, тұрмыс құрмай тұрып іске асса ғажап болушы еді! Әйтпесе сосын басқа армандар пайда болады ғой🙂 Армансыз адам қанатсыз құс дейді ғой… Мен бір мутант құс болдым армандарымның санына қарағанда🙂 қанаттарым тым көп секілді… Алайда биікке ұшуға мүмкін береді емес пе қанат деген!

Fairy01.7294740

12 responses »

  1. Ansar says:

    ‘Тұрмысқа шыққанда армандарым орындалмай қалады’ деген ойдасыз ба?

    Алғашқысы мен соңғысы қауіпті екен.
    2,3,4 және 7 пункттер меніңде ойымда жүрген ‘Істесем екен’ деген шаруалар еді.

    Асқақ армандарыңызға жетуіңізге тіліектеспін.

  2. aizhannur says:

    rahmeeeet!

    bylai karasam kolymnan tuk kelmeitin sekildi da, sol uwin kaiyn jurtymnan uiat bolmasyn dep barin sol jurt paida bolganwa uirenip algym keledi🙂

    armandarymyz uksas eken wamamen :))))

    sizge de armandarynyzdyn oryndaluyn tileimin wyn jurekten :)))

  3. aizhannur says:

    inw, uirenip alam! biren saran aramndarym orynalyp kalsa da jaksy goi :)))

  4. saken says:

    арман деген жақсы ғой… орындалса одан да жақсы болар еді.
    Барлық армандарың орындалсын деп тілейік🙂

    • aizhannur says:

      rahmet! :))) kop tilese kabyl bolady deidi goi…

      bir kuni bukil armandarym oryndalyp kalsa kuwtiii bolar edi, sol kezde jana armandardy oilap tabuga bolar edi…. kazirwe jana armandy oilap tabuga ozime wek koigam.. aitpese bireui de oryndalmai kalady…

  5. Ақзере says:

    Былайынша орындалатын армандар сияқты. Аса қиын емес қой бұның бәрі, давай тезірек іске асыр!😉

  6. aizhannur says:

    inw, asyram :))) ozim de asygyp jurmin :)))

  7. urimtal says:

    Мен де солай ойлаймын. Тым қиын емес екен. Екі дүниенің бақытына жетелейтін армандарыңның көп болып, олардың орындалуына тілектеспін! Аллаһ тағала һайырлы армандарыңды жүзеге асыруды жазсын!

  8. tarazkyzy says:

    1.Менде де бар ол арман, қорқыныш басымырақ.
    2.Медеуге екі рет бардым(коньки тебу үшін арнайы),бірінші рет “Ледниковый пероидты” көріп, “ауырып” барғам.Екіншісінде құрбыларыма қарап тұрдым, өзің айтпақшы жүрегім дауаламады.
    3.Правамды алған соң досымның мәшинесін айдап көрдім.Досымның үйретіп, көрсетуімен әрине. “Мынау – руль, мынау – тормоз” дегеннен басталды сабағы. Конькиге қарағанда, ұнады. Қатты “ауырдым”, түс көріп, бредить етіп барып тоқтадым.
    4.Мектеп кезімде үйірмеге жазылуға барғанымда, алмай қойған:-((((. Солақайлығым кедергі болды.
    5.Эх…Үнділік достарым бар еді, соларды көріп қайтуға болар еді.
    6.Велосипед?отырғам,5 минуттан соң есік алдында үйіліп тұрған көмірге күмп еткем.Отырмастай болдым сосын.
    7.-
    8.Барыс жылы туылсам да, судан қорқады екенмін.
    Армандарың жақсы екен.Менде де болған бұл армандар, бірақ бетім қайтып қапты.

  9. aizhannur says:

    hehe, men de barys jyly tuylgam🙂 sudan jaman korkam!!! bir dosym meni basseinge tastap jibergen bolatyn, juzip ketkenimwe, suga batyp oletinim jenil boldy… aiteuir aman kaldym goi😀 alaida kemede juzu arman!! bir jagynan korkynyw, al ekinwi jagynan meni teniz ozine tartyp turgan sekildi… sol sekildi parawut!!! korkam, birak adrenalin kerek😀
    prava degen jok, alsam degen niet bar
    negizi uksas ekenbiz, alaida men armanymnyn jartysyna da jetuim kerek mindetti turde!

    inw jetem de :))))))

  10. tarazkyzy says:

    Қол жетпес арман деген тіркес бар, сіздегі арман ондай емес.Каласаныз, кол жеткізуге болады.Армандарыныз орындалсын!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s