Саусақтарым ескі әдет бойынша чат терезесіне “Сәлееееееем!” дегенді теріп, қасына🙂 белгісін тез қосып қояды.  Бұл әдет, басқа еш нәрсе емес.  Сосын бәріне белгілі амандық сұрасу, езуі құлағына дейін созылған смайликтерді қосып қою, бір сөзбен “әңгімелесу”. Кейін азанда қашан тұрғаннан, күні бойы не істегеніңді, не жегеніңді, не көргеніңді, не сезгеніңді әдемі баяндама етіп жібересің. Баяндаманың әр жерінен жүзі жарқын, мәз смайликтер сығалап, қарап тұрады. Олар шын көңіл-күйді көрсете алмайды, бірақ жымиыстарына қарағанда өздерінше маңызды бір ақпарат иелері секілді. Мүмкін мен білмейтінді солар білетін шығар? Қайдам. Сұрамадым. Олар да сырларын жайып салатындарға ұқсамайды. Жауап ретінде мен де “Сенің жаның күні бойы не істеді” деген атаулы реферат жазып жіберем. Кешір, сенікі секілді жүйелі жоспар бойынша жаза алмаймын. “Қызсың ғой!” деп екі сөз жасазың. Мақтағаның ба, даттағаның ба?Белгісіз. Анығы: сенің даусыңды джи-мэйлдің “үні” ауыстырды, сөзіңді  – чат, ал мінезіңді -жансыз “смайликтер”.

Қоштасатын сәт келді. Сенде түн.

-“Қайырлы түн, :)”

-“Ертең кездескенше!” осы жерде көзімнен жас ағады, бірақ саусақтарым, менің адал саусақтарым әдеттегіше🙂 дегенді қосудан жалықпайды….

12497855_9628149-web

5 responses »

  1. Ansar says:

    Смайликтерді жақсы сипаттапсыз.🙂

  2. Ақзере says:

    Аз қалған сияқты ғой. Біраз уақыттан кейін, “Қайырлы түн!” деп, құшақтасуға жазсын!🙂

  3. Kaldykyz says:

    Шынайы махаббаттың электронды махаббатқа айналғаны жаман😦

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s