brokenheart-main_FullБілесің бе, сен ауырмай жүрген күндерді сағындым. Әр бір күн  тек қана бақыт алып келетініне сеніп, жаңа атқан таңнан шаттық қана күтетін кездеріңді сағындым. Есіңде ме, сен сау кезде екеуміз де бақытты едік. Ешкім, еш бір нәрсе бізді сол бақыттан айыра алмайтын секілді еді ғой. Ал көктем келгенде ше? О-о-ой, есіме есік алдындағы қайың түсіп кетті. Бұтақтарымен балконның терезесін қағып тұратын, ал терезені ашып жібергенде балконның ішіне де кіріп кететін бұзақы еді. Ол үйден көшіп кеттік. Өкінішке орай. Сол қайыңнан басқа тентек қайың кездестірмедім әлі, мүмкін ешқашан кездестірмеспін де!

Сен жарақат алмай тұрған кезіңде, бойыңда асау желдердің қуаты сезілетін. Мені ең биік шыңдарға жетелейтін едің. Айтпақшы, жетегіңде жүрем деп, оңбай құлағаным да бар. Бірақ енді мен саған өкіпелемеймін, тек жазылып кетші тезірек.  Сосын еш нәрсе болмаған секілді, тағы да ертеңгі күннің шуақты боларына, көктемнің жылы боларына, қайыңдар тентектік жасарына сенемін. Сен ауырсаң сену мүмкін емес. Тіпті мына мөлдір аспан бір түрлі түссіз секілді. Сүйікті гүлдер де еш қуаныш сыйламайды, себебі сен сол қуанышты көрмейсің.

Әрине дертке шалдыққаныңа сен кінәлі емессің. Мен айыпты. Жөнді қарамадым, қорғамадым. Өкпелемеші тек. Қазір тағы бір жамау салып, жараңды бітеп тастаймын. Ал кейін ұзақ қыс бойы, көктемге шейін реабелитациядан өтіп үлгерерсің, менің жалғыз жұдырықтай жүрегім!

Advertisements

10 responses »

  1. Ansar айтады:

    Тезірек сауықсын 🙂 Көктемі ерте келсін деп тілеймін.

  2. Айбын айтады:

    Махаббат бар болса да, жоқ болса да үлкен проблема!

  3. Ansar айтады:

    Бар болса проблема емес, айрылып қалғанда проблема.

  4. Ақзере айтады:

    Қайран менің жүрегім, жас жүрегім… дейсің ғой ))

  5. timurrr айтады:

    Керемет! Көкейдегі сұлу сезімнің қағазға түсерде шашырайтыны белгілі. Ал сіздің мына жазғаныңыздың астарында тіпті қандай сонаталар жатыр екен…

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s